User manual

Есту қабілетін зақымдау қаупі бар
Құлақаспапты жоғары дауыс деңгейінде немесе ұзақ уақыт
пайдаланудан сақтаныңыз.
Төмен температура
Егер теледидар 5 °C немесе 41 °F мәнінен төмен
температурада тасымалданса, теледидарды қуат көзіне
жалғамастан бұрын, оны қорабынан шығарып алып,
теледидардың температурасы бөлме температурасымен
сәйкес келгенше күтіңіз.
Дымқылдық
Сирек жағдайларда температура мен ылғалдылыққа
байланысты теледидардың алдыңғы әйнегінің (кейбір
үлгілерде) ішкі жағында аздап конденсат жиналуы мүмкін.
Бұған жол бермеу үшін теледидарды күн сәулесі тік
түсетін, температурасы жоғары немесе ылғалды жерде
сақтамаңыз. Жиналған конденсат теледидар бірнеше сағат
бойы істегенде өздігінен жоғалып кетеді.
Конденсацияланған ылғал теледидарға зиян келтірмейді
немесе дұрыс жұмыс істемеуді тудырмайды.
19.2
Экран күтімі
Тазалау
• Ешқашан экранды ұстамаңыз, итермеңіз, ысқыламаңыз
немесе кез келген нәрсемен ұрмаңыз.
• Тазалау алдында теледидардың сымын ажыратыңыз.
• Теледидар мен жақтауды жұмсақ әрі дымқыл
шүберекпен ақырын сүртіңіз. Теледидарға спирт,
химиялық заттар немесе тұрмыстық тазартқыш заттарды
қолданушы болмаңыз.
• Пішінінің бұзылуын және түсінің оңуын болдырмау үшін,
мүмкіндігінше су тамшыларын тез сүртіп алып тұрыңыз.
• Мүмкіндігінше қозғалыссыз кескіндерді көп
тұрғызбаңыз. Қозғалыссыз кескіндер дегеніміз - экранда
көп уақыт бойы тұратын кескіндер. Қозғалыссыз
кескіндерге экран мәзірлері, қара жолақтар, уақыт
дисплейлері, т.б. жатады. Егер қозғалыссыз кескіндерді
пайдалану керек болса, экран зақымданбау үшін экран
контрасты мен жарықтығын азайтыңыз.
58