operation manual

Table Of Contents
28
Қауіпсіздік және
қызмет көрсету
28.1
Қауіпсіздік
Маңызды
Қауіпсіздік нұсқауларының барлығын теледидарды
пайдаланбас бұрын оқып, түсініп алыңыз. Нұсқауларды
қадағаламау нәтижесінде зақым пайда болса, кепілдік
күшін жояды.
Ток соғу немесе өрт шығу қаупі бар
• Ешқашан теледидарға жаңбырға немесе суға тигізбеңіз.
Ешқашан теледидар жанына вазалар сияқты сұйықтық
құйылған ыдыстар қоймаңыз.
Егер сұйықтық теледидардың үстіне немесе ішіне төгілсе,
теледидарды бірден ток көзінен ажыратыңыз.
Теледидарды пайдаланбас бұрын оны тексеріп алу үшін
Philips TV тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз.
• Теледидарды, қашықтан басқару құралын немесе
батареяларды қатты ыстыққа тастамаңыз. Оны ешқашан
жанған шырақтарға, ашық жалынға немесе күн сәулесін
қоса ыстық көздерге қоймаңыз.
• Теледидардың желдету тесіктеріне немесе басқа ашық
жерлеріне заттар салмаңыз.
• Қуат сымына ешқашан ауыр зат қоймаңыз.
• Қуат ашаларына күш түсірмеңіз. Бос қуат ашалары электр
тежелуіне немесе отқа себеп болуы мүмкін. Теледидар
экранын айналдырғанда, қуат сымының керілмейтіндігін
қамтамасыз етіңіз.
• Теледидарды қуат көзінен ажырату үшін теледидардың
ашасын ажыратыңыз. Қуаттан ажырату кезінде ашаны
ұстап тартыңыз, ешқашан кабелінен тартпаңыз. Ашаға,
қуат кабеліне және розеткаға әрдайым қолыңыз
жететініне көз жеткізіңіз.
Жарақат алу немесе теледидарды
зақымдау қаупі бар
• Салмағы 25 кг-нан немесе 55 фунттан асатын
теледидарды екі адам көтеріп тасымалдауы тиіс.
• Егер теледидарды тұрғыға орнатсаңыз, тек жинақтағы
тұрғыны пайдаланыңыз. Тұрғыны теледидарға берік етіп
бекітіңіз.
Теледидарды салмағын көтере алатын жазық, тегіс бетке
қойыңыз.
• Қабырғаға орнатқанда қабырға бекітпесі теледидардың
салмағын қауіпсіз көтере алатынына көз жеткізіңіз. TP
Vision компаниясы қабырғаға дұрыс орнатпау салдарынан
болған жазатайым оқиғалар, жарақаттар немесе зақымдар
үшін жауап бермейді.
• Бұл өнімнің бөліктері шыныдан жасалған болуы мүмкін.
Жарақат немесе зақым жағдайларын болдырмау үшін,
абайлап ұстаңыз.
Теледидарды зақымдау қаупі бар!
Теледидарды қуат көзіне жалғамас бұрын, қуат кернеуінің
теледидардың артына басылған мәнге сәйкес келетіндігін
тексеріңіз. Кернеу басқаша болған жағдайда теледидарды
ешқашан қуат көзіне қоспаңыз.
Тұрақтылық қауіптері
Теледидар құлап, ауыр дене жарақатына немесе өлімге
әкелуі мүмкін. Көптеген жарақаттарды, әсіресе балаларға
тиетін жарақаттарды, қарапайым сақтық шараларын
қолдана отырып, болдырмауға болады:
• ӘРҚАШАН теледидарыңыздың тіреуіш жиһаздың
жиегінен шығып тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• ӘРҚАШАН теледидар өндірушісі ұсынған шкафтарды
немесе тіректерді не орнату әдістерін пайдаланыңыз.
• ӘРҚАШАН теледидарды қауіпсіз ұстайтын жиһазды
пайдаланыңыз.
• ӘРҚАШАН балаларға теледидарға немесе оның басқару
құралдарына жетем деп мінудің қауіптерін түсіндіріп
отырыңыз.
• ӘРҚАШАН теледидарға жалғанған сымдар мен
кабельдерді шалынып, тартылып немесе ұстап
қалмайтындай етіп орнатыңыз.
• ЕШҚАШАН теледидарды тұрақсыз орынға қоймаңыз.
• ЕШҚАШАН теледидарды жіңішке жиһазға (мысалы,
сөреге) қоймаңыз, жиһаз бен теледидардың екеуін де
тұрақты жерге қойыңыз.
• ЕШҚАШАН теледидарды онымен тірек жиһаздың
ортасында орналасуы мүмкін киімге немесе басқа
материалдарға қоймаңыз.
• ЕШҚАШАН балалардың мінуіне итермелейтін ойыншық
және басқару құралы сияқты заттарды теледидардың
немесе ол орналасқан жиһаздың үстіне қоймаңыз.
Егер бар теледидарды пайдаланып және жылжытып
жатсаңыз, жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды
басшылыққа алу керек.
Батареялардың қаупі
• Батареяны жұтпаңыз. Химиялық күйік алу қатері бар.
• Қашықтан басқару пульті тиын/түйме түріндегі ұялы
батареяны қамтуы мүмкін. Егер түйме тәрізді батареяны
жұтып қойса, 2 сағат ішінде іштен қатты күйдіріп, өлімге
дейін апаруы мүмкін.
• Жаңа және пайдаланылған батареяларды балалардан
аулақ ұстаңыз.
• Батарея салатын орын жақсылап жабылмаса, өнімді
пайдалануды тоқтатып, оны балалардан аулақ ұстаңыз.
• Батареялар жұтып қойылды немесе кез келген дене
91