Register your product and get suppor t at 7000 series Smar t LED TV www.philips.
Мазмұны 1 1.1 1.2 1.3 1.4 1.5 1.6 1.7 1.8 1.9 1.10 Саяхат 3 Smart TV 3 Қолданбалар галереясы 3 Жалға алынатын бейнелер 3 Желілік теледидар 3 Әлеуметтік желілер 4 Skype 4 Смартфондар және планшеттер 4 Теледидарды және жазбаларды уақытша тоқтату 4 Ойын ойнау 5 EasyLink 5 2 Орнату 6 2.1 Теледидар түпқоймасы мен қабырғаға бекіту жақтауы 6 2.2 Орналастыру бойынша кеңестер 6 2.3 Қуат кабелі 6 2.4 Антенна 6 2.5 Жерсерік тарелкасы 7 2.6 Желі 7 2.7 Құрылғыларды қосу 9 2.8 Орнату мәзірі 19 2.
1 Саяхат 1.1 Smart TV Осы Philips Smart LED TV теледидарын Интернетке қосып, теледидардың жаңа дүниесін ашыңыз. Жол жоспарлағышқа сымды байланыс орнатуыңызға немесе сымсыз Wi-Fi көмегімен байланысуыңызға болады. YouTube бейнелері, ұлттық газеттер, желідегі фотосурет альбомы, Facebook, Twitter, т.б. үшін қолданба табыңыз. Желідегі бейне дүкенінен бейнені жалға алуға арналған қолданбалар және өткізіп алған бағдарламаларды қарауға арналған қолданбалар бар.
Дүниенің кез келген жеріндегі достарыңызға қоңырау шалып, оларды көруге болады. Бейне қоңырау шалу үшін, бекітілген микрофоны бар камера мен Интернетке жақсы байланыс қажет. Кейбір Philips теледидарлары ішіне камера мен микрофон орнатылған. Анықтама бөліміндегі * Тізім түймесін басып, қосымша ақпарат алу үшін Skype деп іздеңіз. Анықтама бөліміндегі * Тізім түймесін басып, қосымша ақпарат алу үшін Желілік теледидар деп іздеңіз. 1.
Теледидарды уақытша тоқтатып, шұғыл қоңырауға жауап беріңіз немесе спорттық матч кезінде үзіліс жасаңыз, бұл кезде теледидар таратылымды USB қатты дискісіне сақтайды. Кейінірек қайта бастап көруге болады. USB қатты дискісі қосылып тұрғанда, сандық таратылымдарды да жазуға болады. Бағдарламаны көріп отырғанда жазуға немесе алдағы бағдарламаны жазуды жоспарлауға болады. Анықтама бөліміндегі * Тізім түймесін басып, қосымша ақпарат алу үшін EasyLink деп іздеңіз.
2 Орнату 2.1 Теледидар түпқоймасы мен қабырғаға бекіту жақтауы Теледидар түпқоймасы Теледидар түпқоймасының орнату нұсқауларын теледидармен бірге берілген Жұмысты бастаудың қысқаша нұсқаулығынан табуға болады. Бұл нұсқаулықты жоғалтып алған болсаңыз, оны www.philips.com сайтынан жүктеп алуға болады. Жүктеп алынатын Жұмысты бастаудың қысқаша нұсқаулығын теледидардың өнім түрінің саны арқылы іздеңіз. 2.2 Орналастыру бойынша кеңестер • Теледидарды экранына жарық тікелей түспейтін жерге орналастырыңыз.
2.4 Антенна Теледидардың артқы жағынан антенна жалғанатын жерді тауып алыңыз. Антенна кабелін Antennaa ұясына мықтап кіргізіңіз. Жеке антеннаңызды қосуға немесе антенна сигналына антенна тарату жүйесінен (белгілі аймақтарға ортақ) қосылуға болады. IEC Coax 75 Ohm RF антенна қосқышын пайдаланыңыз. Бұл антенна байланысын DVB-T және DVB-C кіріс сигналдары үшін пайдаланыңыз. Файлды бөлісу Теледидар компьютер немесе NAS құрылғысы сияқты сымсыз желідегі құрылғылардан файлдарды таба және аша алады.
Қосылу үшін WPS pin кодын пайдалану керек болса, WPS орнына Тексеру опциясын таңдаңыз. • Маршрутизатормен байланыс дұрыс болса, маршрутизатордың Интернетпен байланысын тексеріңіз. 6-қадам - Табылған желілер тізімінен сымсыз желіні таңдап, OK түймесін басыңыз. Желі атауы жасырын болғандықтан желі тізімде болмаса (маршрутизатордың SSID таратылымын өшіріп қойғансыз), желі атауын өзіңіз енгізу үшін, Қолмен енгізу тармағын таңдаңыз.
Компьютердегі медиа сервер бағдарламалық құралымен компьютерде сақталған фотосуреттерді, музыканы және бейнелерді теледидар экранынан ашуға болады. Windows Media Player 11, Twonky™ немесе оған ұқсас* сияқты медиа сервер бағдарламалық құралының соңғы нұсқасын пайдаланыңыз. Бағдарламалық құралды компьютерге орнатып, оны медиа файлдарды теледидармен бөлісетін етіп орнатыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін, медиа сервер бағдарламалық құралының нұсқаулығын оқыңыз.
HDMI Y Pb Pr HDMI CEC Component Video YPbPr — жоғары сапалы байланыс. YPbPr байланысы Айқындығы жоғары теледидар сигналдары үшін пайдаланылады. Y, Pb және Pr сигналдарынан кейін дыбыс үшін «Сол жақ және оң жақ дыбыс» сигналдарын қосады. HDMI байланысының көрінісі мен дыбыс сапасы ең жақсы. Бір HDMI кабелі дыбыстық және сигналдарды біріктіреді. Ажыратылымдығы жоғары (HD) TД сигналдары үшін HDMI кабелін пайдаланыңыз.
Құрылғыларды басқару HDMI ұясына қосылған құрылғыны пайдалану және EasyLink арқылы орнату үшін теледидар қосылымдарының тізімінен құрылғыны -немесе оның әрекетін- таңдаңыз. c SOURCE түймесін басып, HDMI қосылымына қосылған құрылғыны таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз. Үй кинотеатры жүйесінің дыбыс мүмкіндіктерін сәйкестендіру үшін дыбыс шығысы сигналының түрін көрсетуге болады. Анықтама бөліміндегі * Тізім түймесін басып, қосымша ақпарат алу үшін Дыбыс шығысының параметрлері деп іздеңіз.
Авто субтитрлерді ауыстыру DVD немесе Blu-ray дискісі субтитрлерді қолдайтын Philips ойнатқышында ойнатылған жағдайда теледидар субтитрлерді жоғары қарай жылжыта алады. Осыдан кейін сурет форматының қандай түрі таңдалса да, субтитрлер көрсетіледі. Теледидар жеткізілгенде Авто субтитрлерді ауыстыру параметрі қосулы болады. Авто субтитрлерді ауыстыру мүмкіндігін ажырату үшін «EasyLink параметрлері» мәзірінде Авто субтитрлерді ауыстыру тармағын, одан кейін Өшірулі мәнін таңдаңыз.
Өшіру таймері мүмкіндігін ажырату үшін h пернесін басып, S Setup опциясын таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз. Теледидар параметрлері > Жалпы параметрлер > Өшіру таймері тармағын таңдап, сырғытпа жолағын 0 мәніне қойыңыз. Жерсерік қабылдағышы Тарелка антеннасының кабелін спутниктік қабылдағышқа жалғаңыз. Жалғау Үй кинотеатрының жүйесін (HTS) теледидарға қосу үшін HDMI кабелін пайдаланыңыз. Philips Дыбыс жолағын немесе HTS жүйесін ішіне орнатылған диск ойнатқышымен қосуға болады.
Дыбыс шығысының параметрлері Дыбыс шығысы кідіру уақыты Теледидарға үй кинотеатры жүйесі жалғанып тұрғанда теледидардағы бейне мен үй кинотеатры жүйесіндегі дыбыс бірдей болуы керек. Сәйкессіздікті адамдар сөйлесіп жатқан көріністерден байқауға болады. Адамдар сөйлемді еріндері қозғалуын тоқтатпай тұрып аяқтайды немесе керісінше болады. Дыбысты автоматты түрде бейнеге қадамдастыру Соңғы Philips үй кинотеатрының жүйелерінде дыбыс пен бейне автоматты түрде қадамдастырылады әрі әрдайым дұрыс болады.
• Теледидардағы HDMI ARC параметрінің On (Қосулы) екенін тексеріңіз. Home (Негізгі) > Setup (Орнату) > TV settings (Теледидар параметрлері) > Sound (Дыбыс) > Advanced (Кеңейтілген) > HDMI ARC тармағына өтіңіз. HDMI, YPbPr не SCART байланысын пайдалана аласыз. Жақсырақ сапа алу мақсатында ойын консолін теледидарға қосу үшін жоғары жылдамдықты HDMI кабелін пайдаланыңыз. Blu-ray диск ойнатқышы Blu-ray диск ойнатқышын теледидарға жалғау үшін жоғары жылдамдықты HDMI кабелін пайдаланыңыз.
Анықтама бөліміндегі * Тізім түймесін басып, телеарналарды уақытша тоқтату немесе жазу үшін Теледидарды уақытша тоқтату немесе Жазу деп іздеңіз. USB пернетақтасы немесе тінтуірі USB пернетақтасы Теледидар нұсқаулығы Жазу үшін USB қатты дискісін сатып алмас бұрын еліңіздегі сандық теледидар арналарын жазуға болатынын тексеріп алыңыз. Қашықтан басқару құралындағы Guide пернесін басыңыз. Теледидардың нұсқаулық бетінде «Жазу» түймесі болса, сандық теледидар арналарынан бағдарламаларды жазуға болады.
USB тінтуірі Теледидар қосулы кезде, теледидардағы USB қосылымдарының біреуіне USB жад құрылғысын салыңыз. Жалғау Интернеттегі беттерді шарлау үшін USB тінтуірін (USB-HID түріндегі) қосуға болады. Интернет бетінде сілтемелерді әлдеқайда оңай таңдауыңызға және басуыңызға болады. Теледидар жад құрылғысын анықтап, оның мазмұнын көрсететін тізімді ашады. Мазмұндар тізімі автоматты түрде пайда болмаса, c КӨЗ түймесін басып, USB тармағын таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз.
Бейне камера Бейнекамераны қосу үшін HDMI, YPbPr немесе SCART қосылымын пайдалануыңызға болады. Бейнекамерада тек Video (CVBS) және Audio L/R шығысы болса, SCART қосылымына қосу үшін Video Audio L/R - SCART адаптерін пайдаланыңыз. DVI - HDMI арқылы Немесе, компьютерді HDMI ұясына жалғау үшін DVI HDMI адаптерін және теледидардың артындағы AUDIO IN L/R ұясына қосу үшін audio L/R кабелін пайдаланыңыз. Жақсырақ сапа алу мақсатында бейнекамераны теледидарға қосу үшін HDMI кабелін пайдаланыңыз.
Дыбыс деңгейін реттеу. . . 1 -o OPTIONS түймесін басып, мәзір жолағынан j Сурет және дыбыс тармағын таңдаңыз. 2 -v (төмен) түймесін басып, Құлақаспап дыбыс деңгейі тармағын таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз. 3 - Дыбыс деңгейін реттеу үшін u (жоғары) немесе v (төмен) түймесін басыңыз. 4 - Мәзірді жабу үшін, b түймесін, қажет болса, қайталап баса беріңіз. Анықтама бөліміндегі * Тізім түймесін басып, қажетті тақырыпты немесе параметрді іздеңіз.
Желіге қосылу Электр тоғының соғу немесе өрт шығу қаупі бар! Анықтама бөліміндегі * Тізім түймесін басып, қосымша ақпарат алу үшін Желі, сымсыз немесе Желі, сымды деп іздеңіз. • Теледидарды жаңбырдың астында қалдырмаңыз немесе суға тигізбеңіз. Теледидардың жанына құмыра сияқты ыдыстарды қоймаңыз. Теледидардың үстіне немесе ішіне кез келген сұйықтық төгілсе, теледидарды дереу розеткадан ажыратыңыз. Теледидарды пайдаланбас бұрын, тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласып, тексертіп алыңыз.
• Балаларды теледидарға жету үшін жиһазға мінуден қауіпқатерлер болатыны туралы хабардар етіңіз. Батареяларды жұтып қою қаупі бар! Қашықтан басқару құралында кішкентай балалар оңай жұтып қоятын тиын тәріздес батареялар болуы мүмкін. Бұл батареяларды балалардан әрдайым аулақ ұстаңыз! Қатты қызып кету қаупі бар! Теледидарды тар жерге орнатуға болмайды. Теледидардың айналасынан ауа алмасуы үшін кем дегенде 10 см қалдырыңыз.
3 Теледидар 3.1 Қосу Қосу және өшіру Теледидарды қоспас бұрын теледидардың артындағы қуат көзін жалғағанғанына көз жеткізіңіз. Қызыл көрсеткіш шам өшірулі болса, теледидардың артқы оң жағындағы кішкене A түймесін басып, теледидарды күту режиміне ауыстырыңыз – қызыл көрсеткіш шам жанады. Теледидар күту режимінде болған кезде теледидарды қосу үшін қашықтан басқару құралында A түймесін басыңыз. Сондай-ақ, теледидарды қосу үшін CH+, CH- және h түймелерін пайдалануға болады.
Түймелерге шолу Үсті Smart TV бастапқы бетін ашады. 6 - i INFO Ақпаратты ашады немесе жабады. 7 - OK түймесі Таңдау растайды. 8 - Көрсеткі пернелері Жоғары, төмен, солға немесе оңға жылжытады. 8 - o OPTIONS Опциялар мәзірін ашады немесе жабады. Асты 1 - A Күту режимі Теледидарды қосады немесе қайтадан күту режиміне қайтарады.
1 - Fn пернесі - бір саны немесе тыныс белгісін теру. 2 - ( Shift - бас әріптерді теру. 3 - y Бос орын 4 - Көрсеткілер - жылжуға арналған. 5 - Enter - терілген мәтінді растау. 6 - Backspace - мәтін курсоры алдындағы таңбаны жою. 7 - Ω арнайы таңбасы - екпін белгісі бар әріптер мен таңбаларды таңдау үшін экрандық пернетақтаны ашу үшін. 8 - Azerty әрпі - Орнату мәзірінде пернетақта орналасуы Azerty мәніне қойылғанда қол жетімді әріптер.
Аймаққа байланысты қашықтан басқару құралын Azerty пернетақтасына қоюға болады. Azerty таңбалары қатысты пернелердің жоғарғы оң жағында көрсетіледі. Пернетақта орналасуын Azerty етіп орнату. . . 1 - Орнату мәзірін ашу үшін h пернесін басып, S Орнату тармағын таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз. 2 -Теледидар параметрлері > Жалпы параметрлер > Қашықтан басқару құралының пернетақтасы тармағын таңдаңыз. 3 -QWERTY немесе AZERTY тармағын таңдаңыз.
Дегенмен, теледидар пәрмен жіберу үшін ИҚ (инфрақызыл) сәулелерін қолданатын қашықтан басқару құралдарынан пәрмен алады. Мұндай қашықтан басқару құралын пайдалансаңыз, қашықтан басқару құралын теледидардың алдыңғы жағындағы инфрақызыл сенсорға бағыттаңыз. Батареялар Қашықтан басқару құралындағы батареялардың қуаты азайғанда теледидар сізді ескертеді. Батареяларды ауыстыру үшін қашықтан басқару құралының пернетақта бүйіріндегі батареялар бөлімін ашыңыз.
Арналарды ауыстырып қосу Теледидар арналарын көру үшін t Теледидар түймесін басыңыз. Теледидар ең соңғы қосылған Теледидар арнасын ашады. Опцияларды ашу Теледидар арнасын көріп отырған кезде o OPTIONS түймесін басып, мәзір жолағынан o Опциялар қойындысын таңдаңыз. Немесе, h түймесін басып Негізгі мәзірді ашыңыз да, Теледидар көру тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Арналарды ауыстырып қосу Арналарды ауыстырып қосу үшін CH+ немесе CH- түймесін басыңыз.
Арнадағы (егер ол аналогтық немесе сандық болса) немесе көріп отырған қосылған құрылғыңыздағы техникалық ақпаратты көру үшін Статус опциясын таңдаңыз. Арналар тізімдері Арналар тізімдері Арналар тізімдерінде барлық орнатылған теледидар және радио арналарын табуға болады. Барлық орнатылған арналарды қамтитын Барлығы арналар тізімінің жанында Таңдаулылар тізімін орнатуға болады, орнатылған Радио станцияларды бөлек қарауға немесе Жаңа тізіміне жаңадан қосылған арналарды табуға болады.
Таңдаулы арналар Тек көргіңіз келетін арналарды қамтитын таңдаулы арналар тізімін жасауға болады. Таңдаулы арналар тізімі таңдалып тұрғанда, арналар арқылы ауысқан кезде ғана таңдаулы арналарды көресіз. Таңдаулы арналар тізімін жасау 1 - Теледидар арнасын көріп отырған кезде арналар тізімдерін ашу үшін, L LIST түймесін басыңыз. 2 -Таңдаулылар тізімін таңдаңыз. 3 - Егер тізім бос болса, теледидар арналарды дәл қазір қосуды бастауыңызды сұрайды. OK түймесін басыңыз.
Кодты ұмытып қалдыңыз ба? Құлыпты ашу кодын ұмытқан жағдайда, еліңіздегі тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Телефон нөмірін теледидармен қоса келген құжаттамадан немесе www.philips.com/support веб-торабынан табуға болады. Жаңа арналарды таңдаулы ретінде белгілемесеңіз немесе оларға ауыспасаңыз, олар Жаңа арналар тізімінде сақталады. Анықтама бөліміндегі * Тізім түймесін басып, арналарды таңдаулылар ретінде орнату үшін Таңдаулы арналар деп іздеңіз.
Арналар тізімін көшіру көмегімен бір теледидарда орнатылған арналарды ұқсас деңгейлі басқа Philips теледидарына көшіруге болады. Арналар тізімін көшіру көмегімен алдын ала анықталған арналар тізімін теледидарға жүктеу арқылы уақытты алатын арна іздеу жұмысын орындамауға болады. Кемінде 1 ГБ жад бар USB жад құрылғысын пайдаланыңыз. Шарттар • Екі теледидардың да өндірілген жылы бірдей. • Екі теледидардың да жабдық түрі бірдей.
DVB-T антенна кірісін, сонымен қатар DVB-C кірісін таңдасаңыз, теледидарды DVB-T және DVB-C кірістерінің екеуіне де орнатуға болады. Қажетті параметрлермен жүйелерді бірінен кейін бірін орнатыңыз. Әрбір жүйе орнатылғаннан кейін, теледидардың артқы жағындағы Antenna байланысында антеннаның кіріс сигналын ауыстырып, орнатылған арналарды теледидарда көру үшін теледидарды тиісті жүйеге орнатуыңыз керек. DVB-T немесе DVB-C опциясын таңдау үшін жоғарыдағыны қараңыз.
Сандық арнаның қабылдау сапасын тексеру үшін арнаға ауысыңыз. h түймесін басыңыз, S Setup тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Арна параметрлері тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Арнаны орнату > Сандық: қабылдауды тексеру тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Осы арнаға сандық жиілік көрсетіледі. Егер қабылдау сапасы нашар болса, қабылдауды жақсарту үшін антеннаны басқа жерге қоюыңызға болады. Осы жиіліктің сигнал сапасын қайтадан тексеру үшін, Іздеу опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Кейбір телехабар таратушы станциялар өздерінің сандық телеарналарында арнайы Сандық телемәтін немесе интерактивті теледидар қызметін ұсынады. Бұлардың ішіне таңдау және жылжу үшін санды, түрлі түсті және көрсеткі пернелерді пайдаланатын қалыпты Телемәтін кіреді. Сандық мәтін терезесін жабу үшін, b түймесін басыңыз. Мәтін бетін таңдаңыз Бетті таңдау үшін … • Бет нөмірін санды пернелермен енгізіңіз. •w немесе x пернесін басыңыз. •u немесе v пернесін басыңыз.
Арна параметрлері тармағын және Негізгі немесе Көмекші мәтін тармағын және қажетті Телемәтін тілдерін таңдаңыз. Телемәтін 2,5 Бар болса, Телемәтін 2.5 қызметінің қосымша түстері бар және оның графикасы жақсы болады. Телемәтін 2.5 стандартты зауыттық параметр ретінде қосылады. Оны өшіру үшін, h түймесін басыңыз, S Орнату тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Теледидар параметрлері > Параметрлер > Телемәтін 2,5 тармағын таңдаңыз.
Ақпарат қол жетімді болса, жоспарланған бағдарламаларды фильмдер, спорт, т.б. сияқты жанр бойынша іздеуге болады. Бағдарламаларды жанр бойынша іздеу үшін, o OPTIONS түймесін басып, Жанр бойынша іздеу тармағын таңдаңыз. Жанрды таңдап, OK түймесін басыңыз. Табылған бағдарламалар тізімі пайда болады. Теледидар нұсқаулығын бірінші рет ашқанда бағдарлама ақпараты үшін теледидар барлық телеарналарды тексереді. Бұған бірнеше минут кетуі мүмкін. Теледидар нұсқаулығының деректері теледидарда сақталады.
3.5 Құрылғыларға ауысу Байланыстарды тексеру Барлық теледидар байланыстарын тексеріп, «Көз» мәзірін жаңарту үшін o OPTIONS түймесін басып, мәзір жолағынан Опциялар жиекбелгісін, одан кейін Байланыстарды тексеру опциясын таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз. Сигнал көздері тізімі Байланыстар тізімінде - Сигнал көзі мәзірі - теледидарға қосылған құрылғыларды табуға болады. Осы Сигнал көзі мәзірінен құрылғыға ауысуға болады. Сигнал көзі мәзірі Сигнал көзі мәзірін ашу үшін, c SOURCE түймесін басыңыз.
3.6 Субтитрлер және тілдер Субтитрлер Субтитрлерді қосу Субтитр мәзірін ашу үшін SUBTITLE түймесін басыңыз. Субтитрлердіқосуға немесе өшіруге болады. Таратылған бағдарлама басқа тілде (теледидарға орнатқан тілде басқа тілде) болғанда субтитрлерді көрсету үшін Автоматты опциясын таңдаңыз. Бұл параметр m түймесімен дыбысты өшіргенде де субтитрлерді көрсетеді. Аналогтық арналар үшін субтитрлер Мәтінде қол жетімді болады.
1 -h, түймесін басып, S Орнату тармағын таңдаңыз да, OKтүймесін басыңыз. 2. -Теледидар параметрлері > Жалпы параметрлер > Мәзір тілі тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. 3. - Қалаған тілді таңдап, OK түймесін басыңыз. 4 - Мәзірді жабу үшін, b түймесін, қажет болса, қайталап баса беріңіз. 3.7 Таймерлер мен сағат Ұйқы таймері Ұйқы таймерінің көмегімен теледидарды белгіленген уақыт өткенде күту режиміне автоматты түрде өтетін етіп реттеуге болады.
• Фотосурет — фотосуреттерді көруге ыңғайлы Жанды Теледидарды қосқан сайын Сурет мәнері Жанды параметріне орала берсе, теледидар орны үшін Дүкенде параметрі көрсетілген. Дүкенде жарнамалауға арналған параметр. Теледидарды үйде пайдалану үшін орнату. . . 1 -h, түймесін басып, S Орнату тармағын таңдаңыз да, OKтүймесін басыңыз. 2. -Теледидар параметрлері > Жалпы параметрлер > Орны тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. 3. -Үйде опциясын таңдап,OK түймесін басыңыз.
Таза СКД Таза СКДтамаша қозғалыс айқындығын, жақсырақ қара түс деңгейін, жылтылдамайтын, тұрақты бейнелі жоғары контраст деңгейін және үлкен көру бұрышын қамтамасыз етеді. Қосу немесе өшіру. . . 1 -h, түймесін басып, S Орнату тармағын таңдаңыз да, OKтүймесін басыңыз. 2 -Теледидар параметрлері > Сурет > Pixel Precise HD > Таза СКД тармағын таңдаңыз. 3 -x (оң жақ) түймесін басып, Қосулы немесе Өшірулі опциясын таңдаңыз. 4 - Мәзірді жабу үшін, b түймесін, қажет болса, қайталап баса беріңіз.
Түс температурасы Түс температурасы параметрімен суретке алдын ала орнатылған түс температурасын қоюға немесе Пайдаланушы орнатқан түс температурасы параметрімен жеке температура параметрін орнату үшін Пайдаланушы орнатқан опциясын таңдауға болады. Түс температурасы және Пайдаланушы орнатқан түс температурасы — тәжірибелі пайдаланушыларға арналған параметрлер. Алдын ала орнатылғанды таңдау. . . 1 -h, түймесін басып, S Орнату тармағын таңдаңыз да, OKтүймесін басыңыз.
4 - Мәзірді жабу үшін, b түймесін, қажет болса, қайталап баса беріңіз. Сурет өзгерісі Сурет өзгерісі параметрімен суретті экранда аздап жоғары немесе төмен жылжытуға болады. Егер субтитрлер тек жартылай көрінсе, толық көрінетін ету үшін суретті жоғары жылжытуға болады. Суретті жылжыту. . . 1 -h, түймесін басып, S Орнату тармағын таңдаңыз да, OKтүймесін басыңыз. 2 -Теледидар параметрлері > Сурет > Пішім және жиектер > Сурет өзгерісі тармағын таңдаңыз.
Көлемді режимі Көлемді режим арқылы теледидар динамиктерінің дыбыс әсерін орнатуға болады. 2D көру үшін Ғажайып көлем тармағын таңдасаңыз, 3D көру басталғанда, теледидар Ғажайып көлемді 3D режиміне автоматты түрде ауысады. Теледидар автоматты түрде ауыспасын десеңіз, Автоматты ғажайып көлемді 3D терезесінде Өшірулі күйін таңдаңыз. Көлемді режимді орнату. . . 1 -h, түймесін басып, S Орнату тармағын таңдаңыз да, OKтүймесін басыңыз. 2 -Теледидар параметрлері > Дыбыс > Көлемді режимі тармағын таңдаңыз.
«Сурет және дыбыс» мәзірінде динамиктерді қосу. . . 1 - Теледидарды көріп отырғанда, o OPTIONS пернесін басып, j Сурет және дыбыс опциясын таңдаңыз. 2 -Динамиктер тармағын және Теледидар немесе Күшейткіш (дыбыс құрылғысы) тармағын таңдаңыз. 3 - Мәзірді жабу үшін, b түймесін, қажет болса, қайталап баса беріңіз. Дыбыс шығысын бітеу Үй кинотеатрының жүйесінде кідіртуді орната алмаған болсаңыз, Дыбыс шығысын бітеу мүмкіндігімен теледидарда кідіртуді орнатуға болады.
3 -x (оң жақ) түймесін басып, мәнді u (жоғары) немесе v (төмен) түймесімен реттеңіз. 4 - Мәзірді жабу үшін, b түймесін, қажет болса, қайталап баса беріңіз. Ambilight режимі Ambilight режимінде динамикалық немесе тұрақты режим болуы мүмкін. Динамикалық арқылы теледидар экрандағы сурет түстерін орындайды. Ambilight жауап беретін жылдамдықты реттеуге болады. Тұрақты арқылы Ambilight режимінде тұрақты түс болады. Ambilight тұрақты түсін өзіңіз жасауға болады. Алдымен, қажетті Ambilight режимін таңдаңыз.
Естуі нашар адамдарға арналған дыбыс тілінің бар-жоғын тексеру үшін oOPTIONS пернесін басып, Audio language (Дыбыс тілі) опциясын таңдаңыз, одан кейін J белгішесі бар дыбыс тілін іздеңіз. Бөлме жарығы түс схемасын өзгерту үшін AMBILIGHT түймесін қайтадан басыңыз. Бөлме жарығын өшіру үшін AMBILIGHT түймесін бірнеше секунд басып тұрыңыз. Сондай-ақ, түс схемасын Теледидар параметрлері мәзірінде орнатуға болады. Теледидар қосулы кезде h түймесін басып, SОрнату тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Дыбыс деңгейін араластыру. . . 1 -o OPTIONS түймесін басып, мәзір жолағынан Oпциялар қойындысын таңдаңыз. 2 -Аралас дыбыс деңгейі тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. 3 - Жүгірткі жолақты орнату үшін жоғары және төмен көрсеткілерін пайдаланыңыз. 4 - Растау үшін OK түймесін басыңыз. Дыбыс әсері Кейбір дыбыстық аңғартпаларда стерео немесе бәсеңдейтін дыбыс сияқты қосымша дыбыс әсерлері болуы мүмкін. Дыбыс әсерлерін қосу (бар болса). . . 1 -h, түймесін басып, S Орнату тармағын таңдаңыз да, OKтүймесін басыңыз.
4 Жерсерік арналары 4.1 Жерсерік арналарын көру Жерсерік арналарын көру үшін h түймесін басыңыз, Жерсерік тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Теледидар соңғы көрген жерсерік арнасына реттеледі. Арнаны ауыстыру Арналарды ауыстыру үшін CH+ немесе CH- түймесін басыңыз. Теледидар таңдалған арналар тізіміндегі келесі арнаға ауысады. Арна нөмірін білсеңіз, қашықтан басқару құралында сандық пернелерді пайдалануыңызға болады. Алдыңғы реттелген арнаға қайта ауысу үшін, b түймесін басыңыз.
3 - Аяқтау үшін * Дайын түймесін басыңыз. Арналар «Таңдаулылар» тізіміне қосылады немесе одан жойылады. Таңдаулы арналар Арналарды таңдаулы арналар ретінде белгілеуге болады. Таңдаулы жерсерік арналары жерсерік арналары тізімінің Таңдаулылар тізімінде жинақталады. Таңдаулы арналарды көру Көргіңіз келетін арналар арасында оңай ауысу үшін таңдаулы арналар тізімін орнатыңыз. Тек осы тізімде арналардың ретін қалауыңызға сай өзгертуге болады.
1 -h, түймесін басып, S Орнату тармағын таңдаңыз да, OKтүймесін басыңыз. 2 -Жерсерік параметрлері > Балалардан қорғау > Атааналық рейтинг тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. 3 - 4 сандық балалардан қoрғау кодын енгізіңіз. Кодты әлі орнатпаған болсаңыз, Кодты орнату тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. 4 сандық балалардан қoрғау кодын енгізіп, растаңыз. Енді жас шегін орнатуға болады. 4 - Баланың жасын орнатып, OK түймесін басыңыз. 5 - Мәзірді жабу үшін, b түймесін, қажет болса, қайталап баса беріңіз.
Арна бумалары туралы Жерсеріктер тегін арналарды (ашық) жинақтайтын арна бумаларын және елге сәйкес сұрыптауды ұсына алады. Кейбір жерсеріктер жазылым бумаларын ұсынады - ақша төленетін арналар жиыны. Жазылым бумасын таңдасаңыз, теледидар «Жылдам» немесе «Толық» орнатуды таңдауды сұрауы мүмкін. Тек бума арналарын орнату үшін Жылдам тармағын, ал буманы және барлық басқа қол жетімді арналарды да орнату үшін Толық тармағын таңдаңыз. Жазылым бумалары үшін жылдам орнатуды ұсынамыз.
Параметрлер Қазір тек 1 немесе 2 жерсерік орнатылған болса, ағымдағы орнату параметрлері қосымша жерсерік қосуға рұқсат етпеуі мүмкін. Орнату параметрлерін өзгертуіңіз керек болса, толық жерсерік орнатуын қайта орындауыңыз керек. Параметрлерді өзгерту қажет болса, Жерсерік қосу параметрін пайдалану мүмкін емес. Жерсерік қосу. . . 1 -h, түймесін басып, S Орнату тармағын таңдаңыз да, OKтүймесін басыңыз. 2 -Жерсерікті іздеу тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
1 -h, түймесін басып, S Орнату тармағын таңдаңыз да, OKтүймесін басыңыз. 2 -Жерсерік параметрлері > Арнаны орнату > Арнаны автоматты түрде жаңарту және Өшіру тармағын таңдаңыз. Нақты жерсерік үшін жаңартуды өшіріңіз 1 -h, түймесін басып, S Орнату тармағын таңдаңыз да, OKтүймесін басыңыз. 2 -Жерсерік параметрлері > Арнаны орнату > Автоматты түрде жаңарту параметрі тармағын таңдаңыз. 3 - Көрсеткі пернелерімен жаңартылмайтын жерсерікті таңдаңыз. Жерсеріктің белгісін алу үшін OK түймесін басыңыз.
Динамиктерді / құлаққапты орнату. . . 1 -h, түймесін басып, S Орнату тармағын таңдаңыз да, OKтүймесін басыңыз. 2 -Satellite settings (Жерсерік параметрлері) > Languages (Тілдер) > Audio description (Дыбыстық сипаттама) > Speakers / Headphones (Динамиктер / құлаққаптар) тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. 3 -Speakers (Динамиктер), Headphones (Құлаққап) немесе Speakers + headphones (Динамиктер + құлаққап) тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Кейбір арналар жоғалған немесе дұрыс орналаспаған болса, таратушы бұл арналардың транспондер орнын өзгерткен болуы мүмкін. Арналар тізіміндегі арна орындарын қалпына келтіру үшін арна бумасын жаңартып көруіңізге болады. Жерсерікті жоя алмаймын • Жазылым бумалары жерсерікті жоюға рұқсат етпейді. Жерсерікті жою үшін толық орнатуды қайта орындап, басқа буманы таңдауыңыз керек. Кейде қабылдау сигналы нашар болады • Жерсерік антеннасының берік орнатылғанын тексеріңіз.
5 3D 5.1 Не қажет Бұл — Easy 3D теледидары. Қажет 3D көру үшін : • 3D түрінде бағдарламаларды тарататын теледидар арнасына реттеңіз • Smart TV арқылы желідегі бейне дүкенінен 3D пішіміндегі фильмді жалға алыңыз • 3D пішіміндегі фильмді 3D Blu-ray дискісінен, USB құрылғысынан немесе компьютерден көріңіз 5.3 3D пішімінде көру 3D пішіміне ауыстыру 3D сигналы бірінші рет анықталғанда, болашақта 3D пішімін бастау параметрін орнатуға болады. 3D пішіміне автоматты түрде ауысу үшін Автоматты опциясын таңдаңыз.
5.4 3D бейнелерін оңтайлы көру 3D бейнелерін оңтайлы түрде қарау үшін мыналар ұсынылады: • теледидардан кемінде теледидар биіктігінен 3 есе артық болатын қашықтықта, бірақ 6 метрден аспай отырыңыз. • құралды флюоресцентті жарықтан (мысалы, төмен жиілікте жұмыс істейтін өте жарық сәуле немесе кейбір қуат үнемдейтін жарық шамдары) және тікелей күн сәулесінен сақтаңыз, өйткені олар 3D бейнесін көруге кедергі жасауы мүмкін. 5.
6 Арналарды орнату және бүкіл Теледидар параметрлерін реттеу үшін Орнату пәрменін таңдаңыз. 6.1 - Анықтама Экрандағы анықтаманы ашу үшін Анықтама тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Бөлімді алфавиттік тізімде іздеуге болады. Smart TV Home (Басты) мәзір Home (Басты) мәзірінен теледидармен орындауға болатын кез келген әрекетті бастауға болады. Теледидар көруді бастау немесе үй кинотеатры жүйесінде дискіні көруді бастау үшін Home (Басты) мәзірін ашыңыз.
Network settings (Желі параметрлері) > Clear Internet memory (Интернет жадын өшіру) тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. Smart TV бастапқы беті Smart TV бастапқы беті — интернетпен байланысыңыз. Желідегі Теледидармен қалаған уақытта желіде фильмдерді жалға алуға, газеттерді оқуға, бейнелерді көруге және музыканы тыңдауға, сонымен бірге, желіде дүкен аралауға, әлеуметтік желі бетін (Facebook, Twitter,. . .) ашуға немесе Теледидар бағдарламаларын көруге болады.
Smart TV қолданбасын жабу Smart TV бастапқы бетін жабу үшін h түймесін басып, басқа әрекетті таңдаңыз. TP Vision Netherlands B.V. мамзұнға және мазмұн провайдерлері арқылы берілген мазмұн сапасына жауапты болмайды. Қолданбаларды пайдалану Қолданбаны іске қосу үшін алдымен оны Smart TV бастапқы бетінде қолданбалар тізіміне қосу керек. Қолданбаларды тізімге қолданбалар галереясынан қосуға болады. Қолданбалар галереясы Қолданбалар гaлереясында бүкіл қол жетімді қолданбаларды табасыз.
Желілік теледидар Smart TV бастапқы бетіндегі Желілік теледидар қолданбасының көмегімен өткізіп алған теледидар бағдарламаларын көруге немесе бағдарламаларды қалаған кезде көруге болады. Желілік Теледидар қолданбасын ашу Желілік Теледидар қолданбасын ашу үшін h түймесін басып, Smart TV тармағын таңдаңыз. Бастапқы бетте O Желілік Теледидар белгішесін таңдап, OK түймесін басыңыз. Бетте бағдарламаны таңдап, көруді бастау үшін OK түймесін басыңыз. x (Ойнату) және p (Кідірту) пернелерін пайдалануға болады.
Фотосурет туралы ақпаратты (өлшемі, жасалған күні, файл жолы, т.б.) көру үшін фотосуретті таңдап, i INFO түймесін басыңыз. Ақпаратты жасыру үшін қайтадан басыңыз. Опциялар o OPTIONS түймесін басыңыз. - Кездейсоқ Фотосуреттерді кездейсоқ ретпен көрсетеді. - Repeat (Қайталау) Слайд көрсетілімін үздіксіз ойнатады. - Slide show speed (Слайд көрсетілімінің жылдамдығы) Слайд көрсетілімінің жылдамдығын орнатады. - Slide show transition (Слайд көрсетілімінің өтуі) Фотосурет өтулерінің мәнерін орнатады.
3 - DivX ойнатқыш бағдарламасын іске қосып, DivX есептік жазбасын жасаңыз (VOD > Create a DivX Account (DivX есептік жазбасын жасау). . .) 4 - DivX ойнатқышында теледидарды Теледидар тіркеу кодымен тіркеңіз (VOD > Register a DivX Certified Device (DivX куәліктендірілген құрылғыны тіркеу). . .) 5 - Сұралғанда, тіркеу бейнесін жүктеп, сақтаңыз. 6 - Тіркеу бейнесін теледидарға тасымалдаңыз. USB флеш жадын немесе желілік байланысты пайдалануға болады. 7 - Тіркеу бейнесін теледидарда ойнатыңыз.
Теледидардан Құрылғының экранын теледидардан көруді тоқтату. . . • теледидар арнасын көру үшін TV түймесін басыңыз • теледидарда басқа әрекетті бастау үшін h түймесін басыңыз •c SOURCE (бастапқы көздер) түймесімен Бастапқы көздер мәзірін ашып, жалғанған құрылғыны таңдаңыз. Multi room дегеніміз не? Құрылғыны блоктау Құрылғыдан алғаш рет қосылу тапсырысын алғанда, құрылғыны блоктауға болады. Бұл құрылғыдан келген осы және келешекте болатын барлық тапсырыстар еленбейтін болады.
Екі теледидардағы барлық жағдайлар сәйкес келсе, Multi room мүмкіндігін пайдалана аласыз. * Басқа теледидарды күту режимінен қосу немесе оның жазбаларын қосылған HDD құрылғысынан көру үшін екі теледидардың түр нөмірі сегізбен бітуі тиіс, мысалы (экран өлшемі) PFLxxx8.
Таратылымның соңғы 10 секундын қайталап ойнату үшін алдымен p (Кідірту) пернесін, содан кейін w (Сол жақ) пернесін басыңыз. Буферге сақталған таратылымның басына немесе соңына жеткенше, w түймесін бірнеше рет басуға болады. Егер теледидар нұсқаулығы туралы ақпаратты таратушыдан алсаңыз, жазу процесі бірден басталады. Жазбаның аяқталу уақытын жазбалар тізімінде реттеуге болады. Жазуды тоқтату үшін q (Тоқтату) түймесін басыңыз.
Ерекшеліктері • Бағдарлама жазылып жатқанда, алдында жазылған бағдарламаны көруге болады. • Жазылып жатқанда, телеарналарды ауыстыру мүмкін емес. • Жазылып жатқанда, тікелей таратылымды кідірту мүмкін емес. • Жазу үшін, таратушыларға сенімді сағат параметрі керек. Егер теледидар сағатын қолмен қалпына келтірсеңіз, жазбалар орындалмауы мүмкін. • Көру қабілеті нашар адамдарға арналған Дыбыстық сипаттама функциясының дыбысын (түсініктеме) жазу мүмкін емес. • Арнаның сандық (DVB) субтитрлерін жазуға болады.
MyRemote қолданбасын 2009 жылдан әрі қарай жасалған Philips теледидар үлгілерінде пайдалануға болады. Теледидарыңыз 2009 жылғы үлгі болса, теледидардың бағдарламалық құралын жаңартуыңыз және JointSpace мүмкіндігін белсендіруіңіз керек. 2010 жылғы үлгі болса, теледидарда тек JointSpace мүмкіндігін белсендіру қажет. 2011 жылдан кейін шығарылған теледидар үлгілері MyRemote қолданбасын пайдалануға дайын. Теледидардың қай жылы жасалғанын білу үшін, теледидар түрінің нөмірін (мысалы: xxPFLxxx4) тексеріңіз.
Қолданбаны жүктеп алу MyRemote қолданбасын смартфонға немесе планшетке жүктеп алу үшін, осы беттегі QR кодтарын пайдалануға болады. Қажетті амалдық жүйені (немесе құрылғы түрін) таңдап, QR кодын оқу құралының көмегімен жүктеп алу бетіне тікелей өтіңіз. Apple iPhone Қолданбаны iPhone телефонына жүктеп алу үшін, Apple App Store торабына өтіп, Philips MyRemote қолданбасын іздеңіз. Құрал кеңестері I Қолданбаның нақты түймелерінің қандай әрекет орындайтынын білу үшін I белгішесін түртіңіз.
Анықтама бөліміндегі * Тізім түймесін басып, теледидардың үйлесімді файл пішімдерінің тізімін алу үшін Ойнату пішімдері деп іздеңіз. * MyRemote қолданбасының сіздегі Philips өнімімен үйлесімділігін www.philips.com/support торабындағы өнімнің желілік қолдау бетінен тексеруге болады. Philips өнімінің соңғы бағдарламалық құралмен жаңартылып тұруын қамтамасыз етіңіз. Теледидар нұсқаулығы Не қажет Теледидардың теледидар нұсқаулығын смартфонда немесе планшетте көру. . .
Басқаратын теледидарды (не болмаса, Philips Blu-ray диск ойнатқышын немесе үй кинотеатры жүйесін) таңдау үшін Басқару түймесін түртіңіз. Қашықтан басқару құралын көрсету үшін, құрылғыны түртіңіз. Wi-Fi smart screen Не қажет Wi-Fi smart screen функциясының көмегімен сандық телеарналарды смартфондағы не планшеттегі ТД-ден қарай аласыз. Егер Android амалдық жүйесін пайдаланатын болсаңыз, тек ашық арналарды көре аласыз.
Теледидар немесе жерсерік Теледидарда жерсерік тюнері бар болса, Теледидар көру немесе Жерсерік көру арналар тізімінен таңдауға болады. Түйме қазір таңдалған арналар тізімін көрсетеді. Ағымдағы арналар тізімін өзгерту үшін, түймені түртіп, Теледидар немесе Жерсерік тармақтарынан қажетті арналар тізімін таңдаңыз. Ішкі жерсерік тюнері болмаса, таңдау түймесі болмайды.
7 Skype Кездейсоқ кино түсіруді болдырмау үшін камера линзасын шағын сырғытпа есікпен жабуыңызға болады. Шағын сырғытпаны камераның төменгі жағынан табасыз. Линзаны жабу үшін солға, ал ашу үшін оңға сырғытыңыз. 7.1 Skype деген не? Skype™ қызметімен теледидарда тегін бейне қоңырауларын шалуыңызға болады. Дүниенің кез келген жеріндегі достарыңызға қоңырау шалып, көруге болады. Достарыңызды теледидардың үлкен экранында көріп отырып, олармен сөйлесіңіз.
Skype профайлыңызды компьютерде өңдеуге немесе толтыруға болады. Skype қызметін компьютерде іске қосып, Skype атыңызбен және құпия сөзіңізбен кіріңіз және Skype профайлын ашыңыз. Профайл суретін өзгертуге, көңіл-күй хабарын қосуға немесе құпиялылық параметрлерін орнатуға болады. Төтенше жағдай қоңыраулары жоқ Төтенше жағдай қоңыраулары жоқ - Skype телефоныңызды ауыстырмайды және оны төтенше жағдайда қоңырау шалу үшін пайдалана алмайсыз. 7.
Жаңадан қосылған контакт оның атын контактілер тізіміне қосу туралы сұрауыңызды қабылдауы керек. Контакт сұрауыңызды қабылдағанша, жаңа контакт желіден тыс күйде болады. Контакт сұрауын қабылдау Басқа Skype пайдаланушылары олардың контактілер тізімінде болуға шақыра алады. Олардың сұрауы туралы хабарландыру аласыз, оларды қабылдауға немесе қабылдамауға болады. Қоңырау шалып жатқан микрофонның дыбысын өшіру үшін, * Дыбысын өшіру түймесін басыңыз. Камераны өшіру үшін, * Камераны өшіру түймесін басыңыз.
Телефон қоңырауын аяқтау үшін, Қоңырауды аяқтау түймесін таңдап, OK түймесін басыңыз. Соңғы қоңырау шалынған телефондар тізімі Кейбір телефондарға бұрын Skype көмегімен қоңырау шалған болсаңыз, беттің сол жағындағы тізімнен телефон нөмірін таңдауға болады. Таңдалған телефон нөмірін жою үшін, * Нөмірді жою түймесін басыңыз. Телефон нөмірлерін контактілер тізіміне қосу үшін, * Контактілер тізіміне қосу түймесін басыңыз. Барлық телефон нөмірлерін жою үшін, * Барлығын жою түймесін басыңыз.
Skype кредитін сатып алу немесе Skype жазылымын алу үшін, компьютерде Skype қызметіне кіріңіз. Сатып алатын Skype кредиті теледидарда Skype қызметіне кіргенде қол жетімді болады. Камераны тексеру Кредиттің көлемі немесе жазылым ақпараты телефонға қоңырау шалуға болатын әрбір бетте көрсетіледі. Skype камерасы мен микрофоны жұмыс істейтітін тексеріңіз. Сондай-ақ, суретті контактілер көретін түрге масштабтауға және жақтауға алуға болады.
8 Ойындар 8.1 Ойын ойнау Теледидарға ойын консолі қосылған кезде теледидарда ойын ойнауға болады. Ойынды бастау Ойын консолін қосып, h түймесін басыңыз, одан кейін ойын консолі үшін орнатылған белгішені (мысалы, Ойын немесе Ойнатқыш) таңдаңыз да, ойынды көру үшін OK түймесін басыңыз. Ең қолайлы ойын параметрі Жылдамдық пен дәлдік қажет кейбір ойындарда ойын ойнаудан бұрын теледидарды ең қолайлы Ойын параметріне қойыңыз.
Топ жаратын және жоғары дамыған қуат схемалары теледидардың қуатты тұтыну дәрежесін өте төмен шегіне түсіріп, күту режимінде орындалатын үздіксіз қызметтерге мүлдем шығынданбайды. 9 Теледидардың техникалық сипаттамалары Қуатты басқару Теледидардың алдыңғы қатардағы қуатты басқару мүмкіндігі оның қуатты тиімді пайдалануына кепілдік береді. Теледидардағы жеке параметрлер, экрандағы суреттер айқындығы және сыртқы жарық жағдайының сәйкес қуат тұтыну шамасына әсерін тексеруге болады.
Өнім қайта өңдеуге және қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы материалдардан және бөлшектерден жасалған. Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі қоқыс жәшігінің белгісі көрінсе, ол бұйымға Еуропалық 2002/96/EC директивасы қолданылатынын білдіреді. Электр және электрондық бұйымдарды жергілікті жеке жинау жүйесімен танысып алыңыз. Жергілікті тәртіпке сәйкес әрекет жасауыңызды және ескі өнімдерді кәдімгі тұрмыстық қалдықпен тастамауыңызды өтінеміз.
9.5 Дыбыс Smart Stereo 3D wOOx • Тұтынылатын қуат (орташа квадраттық мән): 25W • Дыбыс сапасының жақсаруы: автоматты дыбыс реттегіш, айқын дыбыс, үлкен көлемді дыбыс, үлкен көлемді 3D дыбысы 9.6 Мультимедиа ЭСР ережелері Бұл жабдық ЭСР үшін А деңгейлі жұмыс шартына сәйкес келеді. Электростатикалық разрядқа байланысты жабдық файлды бөлісу режимінде қалпына келмесе, пайдаланушының көмегі қажет болады. 9.7 Байланыстар • USB 2.0. • Ethernet LAN RJ-45. • Wi-Fi 802.
10 Теледидар бағдарламалық құралы 10.1 Бағдарламалық құрал нұсқасы Бағдарламалық құрал жаңартуын іздеу үшін h түймесін басып, SОрнату тармағын таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз. Бағдарламалық құралды жаңарту > USB тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз. 2 - Теледидарды анықтау Теледидардың USB қосылымдарының біреуіне USB жад құрылғысын салып, Бастау опциясын таңдаңыз да, OK түймесін басыңыз. USB жад құрылғысына анықтау файлы жазылады.
Бұл ұсыныс осы ақпаратты қабылдаған кез келген адамға өнім сатып алынған күннен бастап үш жыл жарамды болады. Ресурс кодын алу үшін мына мекенжайға ағылшын тілінде хат жазыңыз . . . Intellectual Property Dept. TP Vision Netherlands B.V. P.O. Box 80077 5600 KA Eindhoven The Netherlands 10.
11 11.3 11.1 Philips теледидарына қатысты кез келген мәселені шешу үшін, желідегі қолдау қызметін пайдалануға болады. Тілді таңдап, өнімнің үлгі нөмірін енгізуге болады. Қолдау Тіркеу Теледидарды тіркеп, әртүрлі артықшылықтарды, соның ішінде толық қолдауды (жүктеулерді қоса), жаңа өнімдер туралы ақпарат алу, арнайы ұсыныстар мен жеңілдіктер, сыйлықтар ұтып алу және тіпті жаңа өнімдер туралы арнайы сауалнамаларға қатысу мүмкіндіктерін пайдаланыңыз. www.philips.com/welcome торабына өтіңіз. 11.
12 12.5 12.1 © 2013 Digital Living Network Alliance. Барлық құқықтары қорғалған. © 2013 DLNA. Барлық құқықтары қорғалған. Авторлық құқықтар мен лицензиялар HDMI HDMI® HDMI мен HDMI High-Definition Multimedia Interface сөз тіркестері және HDMI белгісі – Америка Құрама Штаттарындағы немесе басқа елдердегі HDMI Licensing LLC компаниясының сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері. 12.2 Dolby Dolby® Dolby Laboratories компаниясынан алынған лицензия бойынша өндірілген.
12.8 Wi-Fi Alliance Wi-Fi®, Wi-Fi CERTIFIED логотипі, Wi-Fi логотипі — Wi-Fi Alliance компаниясының тіркелген сауда белгілері. Wi-Fi CERTIFIED Miracast™, Miracast™ — Wi-Fi Alliance компаниясының сауда белгілері. 12.9 MHEG бағдарламалық құралы MHEG бағдарламалық құралындағы («Бағдарламалық құрал») авторлық құқық осы теледидарды («осы өнім») қамтиды және S&T CLIENT SYSTEMS LIMITED («Иеленуші») иеленетін өзара әрекеттесетін теледидар мүмкіндіктерін пайдалануыңызға мүмкіндік беру үшін қосылған.
Индекс 3 3D көзілдірік, пайдалану 57 3D көзілдірік, түрі 57 3D, 2D көрінісін 3D көрінісіне 57 3D, денсаулыққа зияндығын ескерту 58 3D, көзілдірікті тазалау 57 3D, оңтайлы түрде көру 58 A Ambilight режимі, қосу немесе өшіру 45 Ambilight, ашықтық 45 Ambilight, динамикалық жылдамдық 46 Ambilight, режим 46 Ambilight, Теледидарды орналастыру 6 Ambilight, теледидарды өшіру 46 Ambilight, тұрақты түс 46 Ambilight, қабырға түсі 46 C CAM — шартты кіру модулі 12 CAM, орнату 12 CI+ 12 D DivX® VOD 63 DMR - Digital Media
Арна, ретін өзгерту 29 Арна, таңдаулы 29 Арналар тізімі, жаңа 30 Арналар тізімін көшіру 30 Арналар тізімін көшіру, жүктеу 31 Арналар тізімін көшіру, көшіру 31 Арналар тізімдері 28 Арналар, жаңарту 30 Арналар, қайта орнату 30 Арналарды автоматты түрде жаңарту 30 Арнаны жаңарту хабары 30 Арнаны құлыптау 29 Ата-аналық рейтинг 29 Ағынды бейне 61 Б Байланыс мүмкіндігінің нұсқаулығы 9 Байланыстар, тізім 37 Балалардан қорғау коды 29 Басс 43 Бастапқы коды ашық бағдарламалық құрал 83 Бағдарламалар тізімі 36 Бағдарла
Ойын, екі ойыншыға арналған 79 Ойын, ойнау 79 Онлайндық қолдау 85 Опциялар, арнада 27 Ортақ интерфейс ұясы 12 П Пайдалануды аяқтау 81 Пайдаланушы орнатқан түс температурасы 42 Перне сигналы 48 Пернетақта, қосу 16 Р Радио арнасы 27 С Сандық телемәтін 34 Сағат 39 Сигнал көзі мәзірі 37 Сигнал қабылдау сапасы 32 Статус 28 Субтитрлер 38 Субтитрлер, жазу 68 Субтитрлер, теледидарды кідірту 67 Сурет мәнері 39 Сурет өзгерісі 43 Сымсыз орнату 7 Сөз 48 Т Тіл, мәзірлер 38 Тінтуір, жылдамдық 17 Тінтуір, қосу 17 Таза СКД
Contact information Argentina 0800 444 7749 Buenos Aires 0810 444 7782 België / Belgique 070 700 035 (0,15€/min.) Bosna i Hercegovina 033 941 251 (Lokalni poziv) Brazil 0800 701 0245 Sao Paulo 2938 0245 Italia 0245 28 70 14 (chiamata nazionale) 031 6300042 (Tarif local) Ireland 0818 210 140 (national call) Northern Ireland 0844 338 04 88 (5p/min BT landline) Suisse / Schweiz / Svizzera 0848 000 291 (0,081 CHF/Min.