operation manual

қадамдарды қайталай беруге болады.
25.10
Жерсерікті орнату
Жерсеріктерді орнату
Жерсеріктерді орнату туралы
Бұл теледидарда ендірілген екі жерсеріктік DVB-S/DVB-S2
тюнер бар.
4 жерсерікке дейін
Бұл теледидарға 4 жерсерікке (4 LNB) дейін орнатуға
болады. Орнатудың басында орнатқыңыз келетін
жерсеріктердің нақты санын таңдаңыз. Бұл орнатуды
жылдамдатады.
Жерсерік, Бір кабель
Антенна тарелкасын теледидарға жалғау үшін бір кабель
жүйесін пайдалануға болады. Орнатуды бастаған кезде 1
немесе 2 жерсерік үшін бір кабель жүйесін таңдауға болады.
MDU - Multi-Dwelling-Unit
Ендірілген жерсерік қабылдағыштары Astra жерсеріктерінде
MDU үшін, ал Eutelsat жерсерігінде Digiturk жүйесі үшін
қолдау көрсетеді. Türksat жерсерігінде MDU үшін қолдау
көрсетілмейді.
Орнатуды бастау
Жерсерік тарелкасының дұрыс жалғанғанын және орнатуды
бастамас бұрын дұрыс тураланғанын тексеріңіз.
Жерсерікті орнатуды бастау үшін…
1 -
түймесін басыңыз және
Setup (Орнату)
үшін
(сол
жақ) пернесін басыңыз.
2 -
Satellite Installation (Жерсерікті орнату)
және
Start
(Бастау)
түймесін басыңыз.
3 -
Install Satellites (Жерсеріктерді орнату)
түймесін басып,
Reinstall (Қайта орнату)
түймесімен растаңыз. Теледидар
ағымдағы жерсеріктің орнатылуын көрсетеді.
Осы орнатуды өзгерткіңіз келсе,
Settings (Параметрлер)
түймесін басыңыз.
3b
қадамына өтіңіз.
Орнатуды өзгерткіңіз келмесе,
Search (Іздеу)
түймесін
басыңыз.
5
-қадамға өтіңіз.
3b -
Теледидарда 2 ендірілген жерсерік тюнері бар. Қанша
жерсерік тарелкасының кабелін жалғағаныңызға байланысты
–1 не 2,
One Tuner (Бір тюнер)
немесе
Two Tuners (Екі
тюнер)
тармағын таңдаңыз. Бір кабель жүйесін (Бір кабель
жүйесі немесе MDU) пайдалансаңыз,
Two Tuners (Екі
тюнер)
тармағын әрқашан таңдаңыз.
4 -
Installation System (Орнату жүйесі)
бөлімінде орнату
қажет жерсеріктер санын таңдап, Бір кабель жүйелерінің
бірін таңдаңыз. Бір кабельді жүйені таңдаған кезде,
пайдаланушы жолағының нөмірін таңдап, әр тюнер үшін
пайдаланушы жолағының жиіліктерін енгізуге болады. Кейбір
елдерде
More Settings (Қосымша параметрлер)
тармағында
әр LNB үшін кейбір сарапшылық параметрлерді реттеуге
болады.
5 - Теледидар антенна тарелкасының туралануында қол
жетімді жерсеріктерді іздейді. Бұған бірнеше минут кетуі
мүмкін. Жерсерік табылса, оның атауы мен қабылдау күші
экранда көрсетіледі.
6 - Теледидар қажетті жерсеріктерді тапқан кезде,
Install
(Орнату)
түймесін басыңыз.
7 - Жерсерік
Channel Packages (Арна бумаларын)
ұсынса,
теледидар сол жерсерік үшін қолжетімді бумаларды
көрсетеді. Қажетті буманы басыңыз. Кейбір бумалар
қолжетімді арналары үшін
Quick (Жылдам)
немесе
Full
(Толық)
орнатуды ұсынады, біреуін немесе басқасын
таңдаңыз. Теледидар жерсерік арналарын және радио
станцияларды орнатады.
8 - Жерсерік орнатуын және орнатылған арналарды және
радио станцияларды сақтау үшін,
Finish (Аяқтау)
түймесін
басыңыз.
Жерсерік CAM модульдері
Жерсерік арналарын қарау үшін CAM – смарт картасы бар
шартты кіру модулін – пайдалансаңыз, теледидарға енгізілген
CAM арқылы жерсерікті орнатуға кеңес береміз.
Кейбір CAM модульдері арналардың шифрын алу үшін
пайдаланылады.
CAM модульдерінің (CI+ 1.3 оператор профилімен) ең жаңа
модульдері теледидардағы барлық жерсерік арналарын
өздері орната алады. CAM сізді оның жерсеріктері мен
арналарын орнатуға шақырады. Бұл CAM модульдері
арналарды орнатып және шифрын ашып қана қоймай, арнаны
тұрақты жаңартып отырады.
Арна бумалары
Жерсеріктер тегін арналарды (ашық) жинақтайтын арна
бумаларын және елге сәйкес сұрыптауды ұсына алады. Кейбір
жерсеріктер жазылым бумаларын ұсынады - ақша төленетін
арналар жиыны.
Жазылым бумасын таңдасаңыз, теледидар Quick (Жылдам)
немесе Full (Толық) орнатымды таңдауды сұрауы мүмкін.
Бумадағы арналарды ғана орнату үшін
Quick
(Жылдам)
тармағын, буманы және барлық басқа арналарды
да орнату үшін
Full (Толық)
тармағын таңдаңыз. Жазылым
бумаларын жылдам орнатуға кеңес беріледі. Жазылым
бумасынан тыс қосымша жерсеріктеріңіз болса, толық орнату
ұсынылады. Барлық орнатылған арналар All (Барлығы)
арналар тізіміне қойылады.
95