operation manual

1. Дұрыс салу әдісін көру үшін CAM модулінен қараңыз.
Дұрыс салынбаса, CAM мен теледидар зақымдалуы
мүмкін.
2. Теледидарға CAM модулінің алдыңғы жағы сізге қараған
күйде қарап, CAM модулін ЖАЛПЫ ИНТЕРФЕЙС ұясына
мұқият енгізіңіз.
3. CAM модулін кіргенше салыңыз. Оны ұяда қалдырыңыз.
Теледидарды қосқан кезде, CAM іске қосылуы бірнеше
минут уақыт алады. CAM модулі енгізіліп, жазылым
ақылары төленсе (жазылым әдістері әртүрлі болуы
мүмкін), CAM смарт картасы қолдау көрсететін
шифрланған арналарды қарай аласыз.
CAM модулі мен смарт карта арнайы теледидарыңызға
арналған. CAM модулін алып тастасаңыз, CAM смарт
картасы қолдау көрсететін шифрланған арналарды бұдан
былай қарай аласыз.
43" үшін
32"/39" үшін
Смарт картадан арнаны көру
CI/CAM карталарынан орнатылған арналарды көруіңізге
болады.
1. Теледидар арнасын көріп отырған кезде
LIST
түймесін басып, арналар тізімін ашыңыз.
2. Мынаны таңдаңыз: CI+ Арналар тізімі.
Құпия сөздер мен PIN кодтарын орнату
Кейбір CAM модульдерінің арналарын қарау үшін PIN
кодын енгізу қажет. CAM модуліне PIN кодын орнатсаңыз,
теледидарды құлыптан ашуға пайдаланылатын кодты
қолдануға кеңес береміз.
CAM модуліне PIN кодын орнату үшін…
(Басты бет) > Параметрлер > Балалардан қорғау
құлпы > CAM PIN
5.12
USB құрылғысы (4022, 4032,
4132, 4232 сериялары)
USB жад құрылғысы
Қосылған USB жад құрылғысынан суреттерді көруге
немесе музыканы және бейнені ойнатуға
болады. Теледидар қосылып тұрғанда, теледидардағы
USB байланысына USB жад құрылғысын қосыңыз.
Теледидар жад құрылғысын анықтап, оның мазмұнын
көрсететін тізімді ашады.
Мазмұн тізімі автоматты түрде пайда
болмаса,
SOURCES пернесін, одан кейін USB түймесін
басыңыз.
USB қатты дискісі
Егер USB қатты дискісін қоссаңыз, сандық теледидар
таратылымдарын (DVB таратылымдары немесе ұқсас)
тоқтата тұруыңызға немесе жазып алуыңызға болады.
Ең аз диск орны
- Таратылымды кідірту үшін, сізге кемінде 4 ГБ бос орны
бар USB портымен үйлесімді қатты диск қажет.
- Таратылымды кідірту және жазу үшін, сізге кемінде 32 ГБ
бос орын қажет.
Таратылымды кідірту немесе жазу алдында USB қатты
дискісін қосу және пішімдеу қажет. Пішімдеген кезде USB
қатты дискісіндегі барлық файлдар жойылады.
Кідірту
Таратылымды кідірту үшін сізге кемінде 4 ГБ бос орны бар
USB портымен үйлесімді қатты диск қажет.
23