operation manual

Спутникті жою үшін толық орнатуды қайта орындап, басқа
буманы таңдауыңыз керек.
Кейде қабылдау сигналы нашар болады
- Жерсерік тарелкасы берік орнатылғанын тексеріңіз. Қатты
желдер тарелканы жылжытуы мүмкін.
- Қар мен жаңбыр қабылдауды нашарлатуы мүмкін.
Арналар тізімін көшіру
Кіріспе
Арналар тізімінің көшірмесі дилерлер мен тәжірибелі
пайдаланушыларға арналған.
Арналар тізімінің көшірмесі мүмкіндігі арқылы бір
теледидарда орнатылған арналарды ұқсас деңгейлі басқа
Philips теледидарына көшіруге болады. Арналар тізімінің
көшірмесі опциясымен алдын ала анықталған арналар
тізімін теледидарға жүктеу арқылы уақытты алатын арна
іздеу жұмысын орындамауға болады. Кемінде 1 ГБ жад
бар USB жад құрылғысын пайдаланыңыз.
Шарттар
- Екі теледидардың да өндірілген жылы бірдей. Теледидар
үлгісінің атын соңғы нөмірімен тексеріңіз. (Мысалы:
xxPxx4xx2, бұндағы 2 2017 жылғы өнімді білдіреді)
- Екі теледидардың да үйлесімді бағдарламалық құрал
нұсқалары бар, нөмірді тексеріңіз:
Арналар тізімін көшіру, арналар тізімінің нұсқасын
тексеру
Арналар тізімін көшіру үшін…
1. Теледидарды қосыңыз. Бұл теледидарда арналар
орнатылуы қажет.
2. USB флэш-жадын жалғаңыз.
3.
(Басты бет) > Параметрлер > Жалпы
параметрлер > Арналар тізімін көшіру опциясын басыңыз.
4. Copy to USB (USB құрылғысына көшіру) опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз. Арналар тізімін көшіру үшін
Child Lock (Балалардан қорғау құлпы) PIN кодын енгізу
сұралуы мүмкін.
5. Көшіріп болғаннан кейін USB флэш-жадын ажыратыңыз.
6. Қажет болса, мәзірді жабу үшін,
(солға) түймесін
қайталап басыңыз.
Енді көшірілген арналар тізімін басқа Philips теледидарына
жүктеуге болады.
Арналар тізімінің ағымдағы нұсқасын тексеру...
1.
(Басты бет) > Параметрлер > Жалпы
параметрлер > Арналар тізімін көшіру опциясын басыңыз.
2. Channel list copy (Арналар тізімін көшіру) және Current
version (Ағымдағы нұсқа) опциясын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
3. Қажет болса, мәзірді жабу үшін,
(солға) түймесін
қайталап басыңыз.
Арналар тізімін жүктеу
Орнатылмаған теледидарлар үшін
Теледидардың орнатылған-орнатылмағанына байланысты
арналар тізімін жүктеудің басқа әдісін пайдалануыңыз
керек.
Әлі орнатылмаған теледидарға
1. Орнатуды бастау үшін қуат ашасын жалғап, тіл мен елді
таңдаңыз. Арналарды іздемей өтуге болады. Орнатуды
аяқтаңыз.
2. Екінші теледидардың арналар тізімі бар USB флэш-
жадын жалғаңыз.
3. Арналар тізімін жүктеуді бастау үшін
(Басты
бет) > Параметрлер > Жалпы параметрлер > Арналар
тізімін көшіру > Теледидарға көшіру пәрменін басып, OK
түймесін басыңыз. Қажет болған жағдайда PIN кодын
енгізіңіз.
4. Арналар тізімі теледидарға сәтті көшірілгенде теледидар
хабар береді. USB флэш-жадын ажыратыңыз.
Орнатылған теледидарлар үшін
Теледидардың орнатылған-орнатылмағанына байланысты
арналар тізімін жүктеудің басқа әдісін пайдалануыңыз
керек.
Бұрыннан орнатылған теледидарға
1. Теледидардың ел параметрін тексеріңіз. (Осы
параметрді тексеру үшін Арналарды қайта орнату тарауын
қараңыз. Ел параметріне жеткенше осы процедураны
бастаңыз. Орнатудан бас тарту үшін
BACK түймесін
басыңыз.)
Ел дұрыс болса, 2-қадамға өтіңіз.
Ел дұрыс емес болса, қайта орнатуды бастау қажет.
Арналарды қайта орнату тарауын қарап, орнатуды
бастаңыз. Дұрыс елді таңдап, арналарды іздемей өтіңіз.
Орнатуды аяқтаңыз. Аяқтаған кезде 2-қадаммен
жалғастырыңыз.
2. Екінші теледидардың арналар тізімі бар USB флэш-
жадын жалғаңыз.
3. Арналар тізімін жүктеуді бастау үшін
(Басты
бет) > Параметрлер > Жалпы параметрлер > Арналар
тізімін көшіру > Теледидарға көшіру пәрменін басып, OK
түймесін басыңыз. Қажет болған жағдайда PIN кодын
енгізіңіз.
4. Арналар тізімі теледидарға сәтті көшірілгенде теледидар
хабар береді. USB флэш-жадын ажыратыңыз.
32