operation manual

жыпылықтауын байқасаңыз, қашықтан басқару құралы
жұмыс істеп тұр. Теледидарды тексеру керек.
Егер жыпылықтауды байқамасаңыз, қашықтан басқару
құралы бұзылған болуы немесе батареялардың заряды
төмен болуы мүмкін.
Бұл қашықтан басқару құралын тексеру әдісі
теледидармен сымсыз жұптастырылған қашықтан басқару
құралдарында мүмкін емес.
14.4
Арналар
Орнату кезінде ешқандай сандық арналар табылмады
Сіздің еліңізде теледидар DVB-T немесе DVB-C пішімін
қолдайтынын тексеру үшін техникалық сипаттамаларды
қараңыз.
Барлық кабельдер дұрыс қосылғанын және дұрыс желі
таңдалғанын тексеріңіз.
Арналар тізімінде алдында орнатылған арналар жоқ
Дұрыс арналар тізімі таңдалғанын тексеріңіз.
14.5
Сурет
Сурет жоқ / бұрмаланған сурет
- Антенна теледидарға дұрыстап қосылғанын тексеріңіз.
- Дисплей көзі ретінде дұрыс құрылғы таңдалғанын
тексеріңіз.
- Сыртқы құрылғы немесе көз дұрыс қосылғанын
тексеріңіз.
Дыбыс бар, бірақ сурет жоқ
- Сурет параметрлері дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
Антеннаның қабылдауы нашар
- Антенна теледидарға дұрыстап қосылғанын тексеріңіз.
- Дауыс зорайтқыштар, жерге қосылмаған аудио
құрылғылар, неон шамдар, биік ғимараттар және басқа
үлкен нысандар қабылдау сапасына әсер етуі мүмкін.
Мүмкін болса, антенна бағытын өзгерту немесе
құрылғыларды теледидардан ары жылжыту арқылы
қабылдау сапасын жақсартып көріңіз.
- Бір-ақ арнада қабылдау нашар болса, сол арнаны дәл
реттеңіз.
Құрылғыдан келетін сурет нашар
- Құрылғының дұрыстап қосылғанын тексеріңіз.
- Сурет параметрлері дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
Сурет параметрлері біраздан кейін өзгереді
- Location (Орын) параметрі Home (Басты) деп
орнатылғанын тексеріңіз. Бұл режимде параметрлерді
өзгертуге және сақтауға болады.
Жарнамалық баннер пайда болады
- Location (Орын) параметрі Home (Басты) деп
орнатылғанын тексеріңіз.
Сурет экранға сыймайды
- Басқа сурет пішіміне өзгертіңіз.
Әр түрлі арналарда сурет пішімі өзгеріп отырады
- «Auto» (Автоматты) емес сурет пішімін таңдаңыз.
Суреттің орны дұрыс емес
- Кейбір құрылғылардан келетін сурет сигналдары экранға
дұрыс сыймауы мүмкін. Қосылған құрылғының сигнал
шығысын тексеріңіз.
Компьютердің суреті тұрақты емес
- Компьютер қолдау көрсетілетін ажыратымдылықты және
жаңарту жиілігін пайдаланатынын тексеріңіз.
14.6
Дыбыс
Дыбыс жоқ немесе дыбыстың сапасы нашар
Егер аудио сигнал анықталмаса, теледидар аудио
шығысын автоматты түрде өшіреді: ол бұрыс жұмыс істеуді
білдірмейді.
- Дыбыс параметрлері дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
- Барлық кабельдер дұрыстап қосылғанын тексеріңіз.
- Дыбыс өшірілмегенін немесе нөл мәніне
орнатылмағанын тексеріңіз.
- Теледидардың дыбыс шығысы үй кинотеатры жүйесіндегі
дыбыс кірісіне қосылғанын тексеріңіз.
- HTS динамиктерінен дыбыс естілуі керек.
- Кейбір құрылғылар HDMI аудио шығысын қолмен қосуды
қажет етуі мүмкін. Егер HDMI аудиосы қосылып қойылған
болса, бірақ аудионы әлі де естімесеңіз, құрылғының
аудио форматын PCM (Pulse Code Modulation) деп өзгертіп
көріңіз. Нұсқауларды құрылғымен бірге келген
құжаттамадан қараңыз.
14.7
HDMI
HDMI
- HDCP (жоғары өткізу жиілігі бар сандық мазмұнды
қорғау) қолдау теледидарда HDMI құрылғысынан келетін
мазмұнды көрсету үшін кететін уақытты кідірте алатынын
ескеріңіз.
- Егер теледидар HDMI құрылғысын танымаса және сурет
көрсетілмесе, көзді бір құрылғыдан екіншісіне және
қайтадан кері ауыстырыңыз.
- Егер үзік-үзік дыбыс үзілістері болса, HDMI
құрылғысының шығыс параметрлері дұрыс екенін
тексеріңіз.
58