operation manual

Есту қабілетін зақымдау қаупі бар
Құлақаспапты жоғары дауыс деңгейінде немесе ұзақ уақыт
пайдаланудан сақтаныңыз.
Төмен температура
Егер теледидар 5 °C немесе 41 °F мәнінен төмен
температурада тасымалданса, теледидарды қуат көзіне
жалғамастан бұрын, оны қорабынан шығарып алып,
теледидардың температурасы бөлме температурасымен
сәйкес келгенше күтіңіз.
Дымқылдық
Сирек жағдайларда температура мен ылғалдылыққа
байланысты теледидардың алдыңғы әйнегінің (кейбір
үлгілерде) ішкі жағында аздап конденсат жиналуы мүмкін.
Бұған жол бермеу үшін теледидарды күн сәулесі тік
түсетін, температурасы жоғары немесе ылғалды жерде
сақтамаңыз. Жиналған конденсат теледидар бірнеше сағат
бойы істегенде өздігінен жоғалып кетеді.
Конденсацияланған ылғал теледидарға зиян келтірмейді
немесе дұрыс жұмыс істемеуді тудырмайды.
15.2
Экран күтімі
- Ешқашан экранды ұстамаңыз, итермеңіз, ысқыламаңыз
немесе кез келген нәрсемен ұрмаңыз.
- Теледидарды тазалар алдында міндетті түрде өшіріңіз.
- Теледидар мен жақтауды жұмсақ әрі дымқыл
шүберекпен ақырын сүртіңіз. Теледидарға спирт,
химиялық заттар немесе тұрмыстық тазартқыш заттарды
қолданушы болмаңыз.
- Пішінінің бұзылуын және түсінің оңуын болдырмау үшін
мүмкіндігінше су тамшыларын тез сүртіп тұрыңыз.
- Мүмкіндігінше қозғалыссыз кескіндерді көп тұрғызбаңыз.
Қозғалыссыз кескіндер дегеніміз - экранда көп уақыт бойы
тұратын кескіндер. Қозғалыссыз кескіндерге экран
мәзірлері, қара жолақтар, уақыт дисплейлері, т.б. жатады.
Егер қозғалыссыз кескіндерді пайдалану керек болса,
экран зақымданбау үшін экран контрасты мен
жарықтығын азайтыңыз.
15.3
Пайдалану шарттары
2017 © TP Vision Europe B.V. Барлық құқықтар қорғалған.
Бұл өнімді TP Vision Europe B.V. немесе оның
аффилиирленген тұлғаларының біреуі (әрі қарай TP Vision
деп аталады) нарыққа шығарған, мұндағы TP Vision — өнім
өндіруші. TP Vision — осы кітапша бірге оралған
теледидарға қатысты кепілдік беруші. Philips және Philips
қалқан эмблемасы — Koninklijke Philips N.V.
компаниясының тіркелген сауда белгілері.
Техникалық сипаттамалары ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Сауда белгілері Koninklijke Philips N.V компаниясының
немесе олардың тиісті иелерінің меншігі болып табылады.
TP Vision компаниясы бұрын берілген жабдықтарды
тиісінше реттеуді міндетіне алмай, өнімдерді кез келген
уақытта өзгерту құқығын өзінде қалдырады.
Теледидармен бірге берілген жазбаша материал және
теледидардың жадына сақталған немесе Philips
www.philips.com/support веб-сайтынан жүктелген
нұсқаулық жүйенің мақсатты пайдаланылуына сай деп
есептеледі.
Осы нұсқаулықтағы материал жүйені мақсатты
пайдалануға сай деп есептеледі. Егер өнім не оның
жекелеген модульдері немесе процедуралары осында
көрсетілгеннен басқа мақсаттарға пайдаланылса, олардың
жарамдылығы мен сәйкестігі расталуы керек. TP Vision
материалдың өзі Америка Құрама Штаттарының ешбір
патенттерін бұзбайтынына кепілдік береді. Ешбір қосымша
тікелей немесе жанама кепілдік берілмейді. TP Vision осы
құжат мазмұнындағы ешбір қателерге не осы құжаттағы
мазмұнның нәтижесінде болған ешбір мәселелерге
жауапты болмайды. Philips компаниясына есеп берілген
қателер қабылданады және Philips қолдау веб-сайтында
мүмкіндігінше тез жарияланады.
Кепілдік шарттары, жарақат қаупі, теледидарды зақымдау
қаупі немесе кепілдік күшінің жойылу қаупі бар!
Ешқашан теледидарды өз бетіңізше жөндеуге
тырыспаңыз. Теледидарды және қосалқы құралдарды тек
өндіруші көрсеткен мақсатта пайдаланыңыз. Теледидар
артында басылған сақтық белгі ток соғу қаупін білдіреді.
Теледидардың корпусын ешқашан ашпаңыз. Қызмет
көрсетуі немесе жөндеуі үшін әрқашан Philips TV
тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Телефон нөмірін теледидармен бірге берілетін басылған
құжаттамадан табуға болады. Не болмаса,
www.philips.com/support веб-сайтымызға кіріп, қажетті
елді таңдаңыз. Осы нұсқаулықта анық тыйым салынған кез
келген пайдалану немесе осы нұсқаулықта ұсынылмаған
немесе рұқсат етілмеген кез келген реттеулер және жинау
процедуралары кепілдіктің күшін жояды.
Пиксел сипаттамалары
Бұл СКД/жарық диоды өнімінде түрлі түсті пикселдердің
саны көп. Оның тиімді пикселдері 99,999% немесе көбірек
болғанымен, экранда қара нүктелер немесе жарықтың
жарық нүктелері (қызыл, жасыл немесе көк) пайда болуы
61