User manual

21
Alexa
21.1
Alexa туралы
Теледидарыңыз Amazon Alexa* дыбыстық басқару
операцияларын қолдайды.
Alexa туралы
Alexa — Amazon және басқа құрылғы өндірушілерінің Alexa
Echo құрылғыларында қолжетімді бұлтқа негізделген
дауыс қызметі. Теледидарыңызда Alexa жұмыс істегенде
теледидарды қосуға/өшіруге, арналарды өзгертуге, дыбыс
деңгейін өзгертуге және басқа әрекеттерді орындауға
болады.
Alexa көмегімен теледидарды басқар үшін сізге мыналар
қажет...
• Alexa қызметін қолдайтын Philips Smart TV
• Amazon тіркелгісі
• Телефон немесе планшет секілді мобильді құрылғы
• Сымсыз немесе сымды желі қосылымы
Alexa Skill туралы
Alexa қызметі дауысты басқару жұмыстарын кеңейту үшін
Alexa Skills мүмкіндігін пайдаланады. Skills мүмкіндігі Alexa
қызметі қосылған теледидарыңызбен жекелендірілген
тәжірибе беретін жаңа мүмкіндіктерді қосады. Alexa Skills
дүкеніндегі «Philips Smart TV Control» мүмкіндігі Philips
Smart TV құралымен жұмыс жасау үшін түрлі дыбысты
басқару командаларын ұсынады.
* Alexa қолданбасы барлық тілде және елде қолжетімді
бола бермейді. Amazon, Alexa және барлық қатысты
логотиптер — Amazon.com, Inc. Компаниясының немесе
оның филиалдарының сауда белгілері.
21.2
Alexa қызметін пайдалану
Alexa қызметін пайдалану үшін алдымен Philips Smart TV
құралыңызға Alexa тұтынушыларына қызметті орнатуыңыз
керек. Теледидарыңыздың бастапқы бетінен «Amazon
Alexa» қолданбасын қосу арқылы орнатуды бастаңыз.
Нұсқауларды және мына қадамдарды орындаңыз:
- Alexa қызметінің тануы үшін Smart TV құралына ат
қойыңыз.
- Amazon тіркелгісін таңдап, жүйеге кіріңіз.
- Телефоныңыздағы Alexa қолданбасында оны қосу үшін
осы дағдыға қайтып, тіркелгілерді жалғаңыз және
құрылғыңыз туралы көбірек біліңіз.
- Орнатуды аяқтау үшін теледидарыңызға қайтыңыз.
Alexa үшін теледидарда орнату
1 -
Home (Басты) түймесін басып, «Amazon Alexa»
қолданбасын ашыңыз.
2 - Орнатуды бастау үшін сізге Alexa қосымша қолданбасы
(мобильді құрылғыда немесе веб-нұсқасында) қажет.
3 - Құпиялық саясатының шарттарын қабылдау үшін
нұсқауларды орындаңыз, теледидарыңызға ат қойыңыз
және Amazon тіркелгісімен жүйеге кіріңіз. Amazon тіркелгісі
теледидарда Alexa құрылғысын жұптау үшін қажет.
4 - Мобильді құрылғыңызда Amazon Alexa қосымша
қолданбасында сол Amazon тіркелгісімен кіріңіз.
5 - Amazon Alexa қосымша қолданбасында мына
қадамдарды орындаңыз. Алдымен «Philips Smart TV
Control» дағдысын іске қосыңыз. Содан кейін Amazon
тіркелгісін байланыстырыңыз, одан кейін құрылғыларды
анықтаңыз
6 - Орнату экранының соңында Alexa қызметін
пайдалануды бастау үшін Дайын опциясын таңдауға
болады.
alexa.amazon.com веб-сайтына өтіп, «Машықтар» түймесін
басып, «Philips Smart TV Control» мүмкіндігін іздеңіз.
Машық нәтижелер тізімінде көрсетіледі.
60