User manual

орнатуға болады.
Екі басты LNB екінші жерсерікті таба алмайды
• Теледидар бір жерсерікті тауып, екіншісін таба алмаса,
тарелканы бірнеше градусқа бұрыңыз. Тарелканы бірінші
жерсерікте ең күшті сигналды алатын етіп туралаңыз.
Экрандағы бірінші жерсеріктің сигнал күші көрсеткішін
тексеріңіз. Күшті сигнал бірінші жерсерік орнатылғанда,
екінші жерсерікті табу үшін «Қайта іздеу» опциясын
таңдаңыз.
• Параметрлердің Екі жерсерік мәніне орнатылғанын
тексеріңіз.
Орнату параметрлерін өзгерту проблемамды шешпеді
• Барлық параметрлер, жерсеріктер және арналар
аяқтаған кезде тек орнату соңында сақталады.
Барлық жерсерік арналары дайын
Unicable жүйесін пайдалансаңыз, Unicable
параметрлерінде ендірілген тюнерлердің екеуіне де екі
бірегей пайдаланушы жолағының нөмірін
тағайындағаныңызды тексеріңіз. Unicable жүйесіндегі
басқа жерсерік қабылдағышы бірдей пайдаланушы
жолағының нөмірін пайдалануы мүмкін.
Кейбір жерсерік арналары тізімнен жоғалып кеткен
сияқты
• Кейбір арналар жоғалған немесе дұрыс орналаспаған
болса, таратушы бұл арналардың транспондер орнын
өзгерткен болуы мүмкін. Арналар тізіміндегі арна
орындарын қалпына келтіру үшін арна бумасын жаңартып
көруіңізге болады.
Жерсерікті жоя алмаймын
• Жазылым бумалары жерсерікті жоюға рұқсат етпейді.
Жерсерікті жою үшін толық орнатуды қайта орындап,
басқа буманы таңдауыңыз керек.
Кейде қабылдау сигналы нашар болады
• Жерсерік тарелкасы берік орнатылғанын тексеріңіз.
Қатты желдер тарелканы жылжытуы мүмкін.
• Қар мен жаңбыр қабылдауды нашарлатуы мүмкін.
6.2
Антенна орнату
Арналарды жаңарту
Арнаны автоматты түрде жаңарту
Сандық арналар қабылданған жағдайда, теледидарды осы
арналарды автоматты түрде жаңартатын етіп орнатуға
болады.
Бір күні таңғы сағат 7-да теледидар арналарды жаңартып,
жаңа арналарды сақтайды. Жаңа арналар арналар тізіміне
сақталып,
етіп белгіленеді. Сигналы жоқ арналар
жойылады. Арналарды автоматты жаңарту үшін теледидар
күту режимінде болуы керек. Auromatic Channel Update
(Арнаны автоматты жаңарту) параметрін өшіруге болады.
Автоматты жаңартуды өшіру үшін…
1 -
Settings (Параметрлер) > Channels (Арналар)
> Antenna/Cable Installation (Антенна/кабель орнату)
немесе Antenna Installation (Антенна орнату) параметрін
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Қажет болған жағдайда PIN кодын енгізіңіз.
3 - Automatic Channel Update (Арнаны автоматты жаңарту)
опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - Өшіру опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
5 - Бір қадам артқа қайту үшін
(солға) түймесін басыңыз
немесе мәзірді жабу үшін
BACK түймесін басыңыз.
Жаңа арналар табылған кезде немесе арналар жаңартылса
немесе жойылса, теледидар қосылған кезде хабар
көрсетіледі. Әр арна жаңартылған соң осы хабардың пайда
болуын болдырмау үшін оны өшіруге болады.
Хабарды өшіру үшін…
1 -
Settings (Параметрлер) > Channels (Арналар)
> Antenna/Cable Installation (Антенна/кабель орнату)
немесе Antenna Installation (Антенна орнату) параметрін
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Қажет болған жағдайда PIN кодын енгізіңіз.
3 - Channel Update Message (Арнаны жаңарту хабары)
пәрменін таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - Өшіру опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
5 - Бір қадам артқа қайту үшін
(солға) түймесін басыңыз
немесе мәзірді жабу үшін
BACK түймесін басыңыз.
Кейбір елдерде арнаны автоматты түрде жаңарту
теледидар көру кезінде немесе теледидар күту режимінде
болған кезде орындалады.
Арнаны қолмен жаңарту
Арнаны жаңартуды әрқашан өзіңіз бастай аласыз.
Арнаны жаңартуды қолмен бастау үшін…
1 -
Settings (Параметрлер) > Channels (Арналар)
> Antenna/Cable Installation (Антенна/кабель орнату)
немесе Antenna Installation (Антенна орнату) параметрін
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Қажет болған жағдайда PIN кодын енгізіңіз.
3 - Search for Channels (Арналарды іздеу) тармағын таңдап,
OK түймесін басыңыз.
4 - Start (Іске қосу) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
5 - Update Digital Channels (Сандық арналарды жаңарту)
және Next (Келесі) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
6 - Start (Іске қосу) опциясын таңдап, сандық арналарды
жаңарту үшін OK түймесін басыңыз. Бұл бірнеше минут
алуы мүмкін.
7 - Бір қадам артқа қайту үшін
(солға) түймесін басыңыз
немесе мәзірді жабу үшін
BACK түймесін басыңыз.
22