User manual

• Home = беттің жоғарғы жағына жылжу
• End = беттің төменгі жағына жылжу
• Page Up = бір бетке жоғары өту
• Page Down = бір бетке төмен өту
• + = бір қадам үлкейту
• - = бір қадам кішірейту
• * = веб-бетті экран еніне сәйкестендіру
7.12
USB жад құрылғысы
Қосылған USB жад құрылғысынан суреттерді көруге
немесе музыканы және бейнені ойнатуға болады.
Теледидар қосылып тұрғанда теледидардағы USB
қосылымдарының біреуіне USB жад құрылғысын
жалғаңыз.
Теледидар жад құрылғысын анықтап, оның мазмұнын
көрсететін тізімді ашады.
Мазмұн тізімі автоматты түрде пайда
болмаса,
SOURCES опциясын таңдап, USB түймесін
басыңыз.
USB флэш-жадының мазмұнын қарауды тоқтату
үшін
EXIT түймесін басыңыз немесе басқа әрекетті
таңдаңыз.
USB флэш-жадын ажырату үшін флэш-жадын кез келген
уақытта шығарып алуға болады.
USB құралындағы Ultra HD
Қосылған USB құрылғысы не жад құрылғысынан
фотосуреттерді Ultra HD ажыратымдылықта көре аласыз.
Егер суреттің ажыратымдылығы жоғары болса, теледидар
оны Ultra HD ажыратымдылығына дейін төмендетеді.
USB жад құрылғысынан контентті көру немесе ойнату
туралы қосымша ақпарат алу үшін Help (Анықтама)
бөлімінде түрлі түсті
Keywords (Кілтсөздер) түймесін
басып, Photos, Videos and Music (Фотосуреттер, бейнелер
және музыка) деп іздеңіз.
7.13
Фотокамера
Сандық фотокамерада сақталған фотосуреттерді көру үшін
фотокамераны теледидарға тікелей жалғауға болады.
Жалғау үшін теледидардағы USB қосылымдарының біреуін
пайдаланыңыз. Қосылымды орнатқаннан кейін камераны
қосыңыз.
Мазмұн тізімі автоматты түрде пайда
болмаса,
SOURCES түймесін басып, USB опциясын
таңдаңыз.
Камераңыз оның мазмұнын PTP (Суретті тасымалдау
хаттамасы) көмегімен жіберетіндей етіп орнатуды қажет
етуі мүмкін. Сандық фотокамераның пайдаланушы
нұсқаулығын оқыңыз.
USB құралындағы Ultra HD
Қосылған USB құрылғысы не жад құрылғысынан
фотосуреттерді Ultra HD ажыратымдылықта көре аласыз.
Егер суреттің ажыратымдылығы жоғары болса, теледидар
оны Ultra HD ажыратымдылығына дейін төмендетеді. USB
қосылымдарының ешбірінде Ultra HD түрінен жоғары
негізгі ажыратымдылығы бар бейнені ойнату мүмкін емес.
Фотосуреттерді көру туралы қосымша ақпарат алу үшін
Help (Анықтама) бөлімінде түрлі түсті
Keywords
(Кілтсөздер) пернесін басып, Photos, Videos and Music
(Фотосуреттер, бейнелер және музыка) деп іздеңіз.
7.14
Бейне камера
Жақсырақ сапа алу мақсатында бейнекамераны
теледидарға қосу үшін HDMI кабелін пайдаланыңыз.
33