User manual

2
Орнату
2.1
Қауіпсіздік туралы нұсқауларды
оқу
Теледидарды бірінші рет пайдаланбай тұрып қауіпсіздік
туралы нұсқауларды оқып шығыңыз.
Help (Анықтама) ішіндегі нұсқауларды оқу
үшін
Кілтсөздер түсті пернесін басып, Қауіпсіздік
нұсқаулары деп іздеңіз.
2.2
ТД тірегі мен қабырғаға бекіту
жақтауы
Теледидар тірегі
Теледидар тірегін орнату туралы нұсқауларды
теледидармен бірге берілген Жұмысты бастаудың
қысқаша нұсқаулығынан табуға болады. Осы нұсқаулықты
жоғалтып алсаңыз, оны www.philips.com сайтынан жүктеп
алуға болады.
Жүктеп алынатын Жұмысты бастаудың қысқаша
нұсқаулығын теледидардың өнім түрінің саны арқылы
іздеңіз.
Қабырғаға орнату
Бұл теледидар VESA үйлесімді қабырғаға орнату
кронштейні үшін де дайындалған (жинаққа кірмейді).
Қабырға кронштейнін сатып алған кезде келесі VESA кодын
пайдаланыңыз. . .
• 43PUS73x3
VESA MIS-F 200x200, M6 (мин.: 10мм, макс.:12мм)
• 50PUS73x3
VESA MIS-F 200x200, M6 (мин.: 10 мм, макс.:15 мм)
• 55PUS73x3
VESA MIS-F 300x200, M6 (мин.: 10 мм, макс.:15 мм)
Дайындау
Теледидарды VESA стандартымен үйлесімді кронштейнге
орнату үшін металл бұрандалардың теледидардың
резьбалы тығындарына шамамен 10 мм тереңдікке
енетінін тексеріңіз.
Абайлаңыз
Теледидарды қабырғаға орнату үшін, арнайы тәжірибе
қажет және оны тек білікті мамандар орындауы керек.
Теледидарды қабырғаға орнату олардың салмағына
сәйкес қауіпсіздік стандарттарына сай болуы керек.
Сонымен қатар теледидарды орналастырмас бұрын,
сақтық шараларын да оқып шығыңыз.
TP Vision Europe B.V. компаниясы қате орнатылғанына
немесе апатқа не жарақаттануға әкелген қандай да бір
орнатуға жауапты болмайды.
2.3
Орналастыру бойынша
кеңестер
• Теледидарды экранына жарық тікелей түспейтін жерге
орналастырыңыз.
• Ambilight әсерін жақсарту үшін бөлмедегі жарықты
азайтыңыз.
• Теледидарды көрудің ең қолайлы қашықтығы экран
диагоналінің 2-5 еселік өлшеміне тең. Отырған кезде көз
экранның орта тұсымен бір деңгейде болуы тиіс.
• Қабырғаға орнатылған соң, теледидарды қабырғадан 15
см қашығырақ орналастырыңыз.
Ескертпе.
Теледидарды шаң шығатын жерлерден, мысалы,
пештерден алыс ұстаңыз. Шаң теледидар ішіне түспеуі
үшін, оны шаңнан жиі тазартып тұру ұсынылады.
2.4
Қуат кабелі
• Қуат кабелін теледидардың артындағы POWER
коннекторына жалғаңыз.
• Қуат кабелінің коннекторға мықтап кіргізілгенін
тексеріңіз.
• Розеткадағы қуат ашасына кез келген уақытта қол
жеткізуге болатынын тексеріңіз.
• Қуат кабелін суырғанда әрқашан ашаны тартыңыз,
ешқашан кабельді тартпаңыз.
5