User manual

19
Games (Ойындар)
19.1
Сізге не қажет
Бұл теледидарда ойын ойнауға болады…
• Негізгі мәзірдегі Philips TV Collection қолданбасынан
• Негізгі мәзірдегі Google Play дүкенінен
• қосылған ойын консолінен
Philips TV Collection қолданбасынан немесе Google Play
дүкенінен алынған ойынды ойнау үшін алдымен
теледидарға жүктеліп орнатылуы қажет. Кейбір
ойындарды ойнау үшін джойстик қажет.
Ойынды Philips TV Collection қолданбасынан немесе Google
Play дүкенінен орнату үшін теледидар интернетке
жалғануы қажет. Philips TV Collection бөлімінен алынған
қолданбаларды пайдалану үшін пайдалану шарттарына
келісу қажет. Google Play қолданбаларын және Google Play
дүкенін пайдалану үшін Google тіркелгісімен жүйеге кіру
қажет.
19.2
Джойстиктер
Интернет ойындарын осы теледидардан ойнау үшін
сымсыз джойстиктердің белгілі бір ауқымын қоса аласыз.
Теледидар бір уақытта 2 қосылған джойстикті қолдай
алады. Джойстикті қосқан кезде оны бірден пайдалануға
болады.
Джойстикті жалғау туралы қосымша ақпарат алу үшін Help
(Анықтама) бөлімінде түрлі түсті
Keywords
(Кілтсөздер) пернесін басып, Gamepad, connect (Джойстик,
жалғау) деп іздеңіз.
19.3
Ойын ойнау
Ойын консолінен
Ойын консолінен ойынды бастау…
1 - Ойын консолін қосыңыз.
2 -
SOURCES түймесін басып, ойын консолін немесе
қосылымның атауын таңдаңыз.
3 - Ойынды бастаңыз.
4 -
BACK түймесін қайталап басыңыз немесе
EXIT
түймесін басыңыз не оның арнайы шығу/тоқтату түймесі
арқылы қолданбаны тоқтатыңыз.
Ойын консолін жалғау туралы қосымша ақпарат алу үшін
Help (Анықтама) бөлімінде түсті
Keywords
(Кілтсөздер) пернесін басып, Game Console, connect (Ойын
консолі, жалғау) деп іздеңіз.
71