User manual

Түсті жақсарту үшін реттеу
Settings (Параметрлер) > Picture (Сурет) > Advanced
(Қосымша) > Colour (Түс) > Colour enhancement (Түсті
жақсарту).
Түс қарқындылығының деңгейін және бөлшектерді ашық
түстермен орнату үшін, Ең жоғарғы, Орташа, немесе Ең
төмен тармағын таңдаңыз.
Алдын ала орнатылған түс температурасын таңдау
Settings (Параметрлер) > Picture (Сурет) > Advanced
(Қосымша) > Colour (Түс) > Colour temperature (Түс
температурасы).
Қажетті түс температурасын орнату
үшін, Қалыпты, Жылы, немесе Салқын тармағын
таңдаңыз.
Ақ нүктені туралау
Settings (Параметрлер) > Picture (Сурет) > Advanced
(Қосымша) > Colour (Түс) > Whitepoint alignment (Ақ
нүктені туралау).
Сурет үшін таңдалған түс температурасының негізінде ақ
нүктені туралау мүмкіндігін реттеңіз. Мәнді реттеу үшін
(жоғары) немесе
(төмен) көрсеткілерін басыңыз.
Түсті реттеу (реңк және қанықтық)
Settings (Параметрлер) > Picture (Сурет) > Advanced
(Қосымша) > Colour (Түс) > Colour control (Түсті басқару).
Қызыл, Сары, Жасыл, Көк-жасыл, Көк және Қызылкүрең
түстер үшін Реңк және Қанықтық мәнін реттеу мақсатында
(жоғары) немесе
(төмен) көрсеткілерін басыңыз. Не
болмаса, барлық мәнді әдепкі мәнге қайтару үшін Reset all
(Барлығын қалпына келтіру) опциясын таңдаңыз.
Тек RGB режимі
Settings (Параметрлер) > Picture (Сурет) > Advanced
(Қосымша) > Colour (Түс) > RGB only mode (Тек RGB
режимі).
Суретті тек таңдалған түске ауыстыру үшін қызыл, жасыл
немесе көк түсті таңдаңыз, не болмаса RGB режимін
ажырату үшін Off (Өшіру) опциясын таңдаңыз.
Қосымша контраст параметрлері
Контраст режимдері
Settings (Параметрлер) > Picture (Сурет) > Advanced
(Қосымша) > Contrast (Контраст) > Contrast mode (Контраст
режимі).
Теледидарды автоматты түрде контраст деңгейін
азайтатын етіп орнату үшін, қуатты үнемдеу үшін, жақсы
сурет нәтижесіне қол жеткізу үшін Қалыпты, Сурет үшін
оңтайландырылған немесе Энергияны үнемдеу үшін
оңтайландырылған опциясын таңдаңыз, не болмаса
реттеуді ажырату үшін «Өшірулі» опциясын таңдаңыз.
HDR параметрлері
HDR бағдарламаларын, яғни HDR функциясымен жазылған
бағдарламаларды көргенде HDR деңгейін көтерудің қажеті
жоқ және HDR деңгейін көтеруді басқару мүмкін
болмайды. Теледидар HDR режиміне индикациямен
автоматты түрде ауысады.
Теледидар келесі HDR пішімдерін қолдайды: Hybrid Log
Gamma, HDR10, HDR10+ және Dolby Vision, бірақ контент
провайдерлерінде осында HDR пішімінің болуына
байланысты.
HDR деңгейін көтеру
Settings (Параметрлер) > Picture (Сурет) > Advanced
(Қосымша) > Contrast (Контраст) > HDR upscalling (HDR
деңгейін көтеру).
Суреттің жарықтығы мен контрастын күшейту
үшін, Қосу опциясын таңдаңыз. Суреттің жарықтығы
артады да, ашық пен күңгірт бөлшектер арасындағы
контраст деңгейі жоғары болады. HDR upscaling (HDR
деңгейін көтеру) функциясы түстерді қанық етіп көрсетеді.
Бейне контенті HDR функциясын қолдағанда қолжетімді
болмайды.
HDR плюс
Settings (Параметрлер) > Picture (Сурет) > Advanced
(Қосымша) > Contrast (Контраст) > HDR Plus (HDR плюс).
Жоғары контраст пен жарықтық деңгейі үшін HDR плюс
функциясын таңдаңыз.
Ескертпе. Тек HDR (Жоғары динамикалық ауқым) сигналы
анықталғанда қолданылады.
Динамикалық контраст
Settings (Параметрлер) > Picture (Сурет) > Advanced
(Қосымша) > Contrast (Контраст) > Dynamic contrast
(Динамикалық контраст).
Теледидар суретінің күңгірт, орташа және ашық
жерлеріндегі нүктелерді автоматты түрде күшейтетін
деңгейге қою үшін, Ең жоғарғы, Орташа немесе Ең төменгі
опциясын таңдаңыз.
50