User manual

рұқсат етпеуі мүмкін. Орнату параметрлерін өзгертуіңіз
керек болса, толық жерсерік орнатуын қайта орындауыңыз
керек. Параметрлерді өзгерту қажет болса, Add satellite
(Спутник қосу) параметрін пайдалану мүмкін емес.
(Басты бет) > Параметрлер > Арналарды
орнату > Жерсерікті орнату > Жерсерікті іздеу
> Жерсерікті жою
Ағымдағы жерсерік орнатуынан бір немесе бірнеше
жерсерікті жоюға болады. Жерсерік пен оның арналарын
жоясыз. Кейбір жерсерік операторлары жерсерікті жоюға
рұқсат етпейді.
Арнаны жаңарту хабары
(Басты бет) > Параметрлер > Арналарды
орнату > Жерсерік орнатуы > Арна жаңарту хабары
Жаңа арналар табылған кезде немесе арналар жаңартылса
немесе жойылса, теледидар қосылған кезде хабар
көрсетіледі. Әр арна жаңартылған соң осы хабардың пайда
болуын болдырмау үшін оны өшіруге болады.
Қолмен орнату
(Басты бет) > Параметрлер > Арналарды
орнату > Жерсерік орнатуы > Қолмен орнату
Жерсерікті қолмен орнатыңыз.
• LNB - Жаңа арналар қосылатын LNB таңдаңыз.
• Поляризация - қажетті поляризацияны таңдаңыз.
• Берілу жылдамдығы режимі - таңбалық жылдамдықты
енгізу үшін (Қолмен) опциясын таңдаңыз.
• Жиілік - транспондер жиілігін енгізіңіз.
• Іздеу - транспондерді іздеңіз.
Жерсерік CAM модульдері
Жерсерік арналарын көру үшін CAM – смарт картасы бар
шартты кіру модулін – пайдалансаңыз, теледидарға
енгізілген CAM арқылы жерсерікті орнатуға кеңес береміз.
Кейбір CAM модульдері арналардың шифрын алу үшін
пайдаланылады.
CAM модульдері (CI+ 1.3 оператор профилімен)
теледидардағы барлық жерсерік арналарын өздері орната
алады. CAM сізді оның жерсеріктері мен арналарын
орнатуға шақырады. Бұл CAM модульдері арналарды
орнатып және шифрын ашып қана қоймай, арнаны
тұрақты жаңартып отырады.
Арналар тізімін көшіру
Кіріспе
Арналар тізімінің көшірмесі дилерлер мен тәжірибелі
пайдаланушыларға арналған.
Арналар тізімінің көшірмесі мүмкіндігі арқылы бір
теледидарда орнатылған арналарды ұқсас деңгейлі басқа
Philips теледидарына көшіруге болады. Арналар тізімінің
көшірмесі опциясымен алдын ала анықталған арналар
тізімін теледидарға жүктеу арқылы уақытты алатын арна
іздеу жұмысын орындамауға болады. Кемінде 1 ГБ жад
бар USB жад құрылғысын пайдаланыңыз.
Шарттар
• Екі теледидардың да өндірілген жылы бірдей.
• Екі теледидардың да жабдық түрі бірдей. Теледидардың
артқы жағындағы түр тақтайшасындағы көрсетілген
теледидар түрін тексеріңіз.
• Екі теледидардың да бағдарламалық құрал нұсқасы
үйлесімді.
Арналар тізімін көшіру, арналар тізімінің нұсқасын
тексеру
Арналар тізімін USB флеш жадына көшіріңіз
(Бастапқы) > Орнатулар > Барлық орнатулар > Арналар
> Арналар тізімін көшіру > USB құрылғысына көшіру
Арналар тізімінің нұсқасын тексеру
(Бастапқы) > Орнатулар > Барлық орнатулар > Арналар
> Арналар тізімін көшіру > Ағымдағы нұсқа
Арналар тізімін жүктеу
Орнатылмаған теледидарлар үшін
Теледидардың орнатылған-орнатылмағанына байланысты
арналар тізімін жүктеудің басқа әдісін пайдалануыңыз
керек.
Әлі орнатылмаған теледидарға
1 - Орнатуды бастау үшін қуат ашасын жалғап, тіл мен елді
таңдаңыз. Арналарды іздемей өтуге болады. Орнатуды
аяқтаңыз.
2 - Екінші теледидардың арналар тізімі бар USB жад
құрылғысын жалғаңыз.
3 - Арналар тізімін жүктеуді бастау
үшін
(Бастапқы) > Орнатулар > Барлық
орнатулар > Арналар > Арналар тізімін
көшіру > Теледидарға көшіру пәрменін басып, OK
түймесін басыңыз. Қажет болған жағдайда PIN кодын
енгізіңіз.
4 - Арналар тізімі теледидарға сәтті көшірілгенде
теледидар хабар береді. USB жад құрылғысын
ажыратыңыз.
20