User manual

Table Of Contents
29
Пайдалану шарттары
29.1
Пайдалану шарттары -
Теледидар
2022 © TP Vision Europe B.V. Барлық құқықтары қорғалған.
Бұл өнімді TP Vision Europe B.V. немесе оның
аффилиирленген тұлғаларының біреуі (әрі қарай TP Vision
деп аталады) нарыққа шығарған, мұндағы TP Vision — өнім
өндіруші. TP Vision — осы кітапша бірге оралған
теледидарға қатысты кепілдік беруші. Philips және Philips
қалқан эмблемасы — Koninklijke Philips N.V.
компаниясының тіркелген сауда белгілері.
Техникалық сипаттамалары ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Сауда белгілері Koninklijke Philips N.V компаниясының
немесе олардың тиісті иелерінің меншігі болып табылады.
TP Vision компаниясы бұрын берілген жабдықтарды
тиісінше реттеуді міндетіне алмай, өнімдерді кез келген
уақытта өзгерту құқығын өзінде қалдырады.
Теледидармен бірге берілген жазбаша материал және
теледидардың жадына сақталған немесе Philips
www.philips.com/TVsupport веб-сайтынан жүктелген
нұсқаулық жүйенің мақсатты пайдаланылуына сай деп
есептеледі.
Осы нұсқаулықтағы материал жүйені мақсатты
пайдалануға сай деп есептеледі. Егер өнім не оның
жекелеген модульдері немесе процедуралары осында
көрсетілгеннен басқа мақсаттарға пайдаланылса, олардың
жарамдылығы мен сәйкестігі расталуы керек. TP Vision
материалдың өзі Америка Құрама Штаттарының ешбір
патенттерін бұзбайтынына кепілдік береді. Ешбір қосымша
тікелей немесе жанама кепілдік берілмейді. TP Vision осы
құжат мазмұнындағы ешбір қателерге не осы құжаттағы
мазмұнның нәтижесінде болған ешбір мәселелерге
жауапты болмайды. Philips компаниясына есеп берілген
қателер қабылданады және Philips қолдау веб-сайтында
мүмкіндігінше тез жарияланады.
Кепілдік шарттары — Жарақат алу, теледидарды зақымдау
немесе кепілдіктің күшін жою қаупі бар!
Теледидарды өз бетіңізше жөндеуге тырыспаңыз.
Теледидарды және қосалқы құралдарды тек өндіруші
көрсеткен мақсатта пайдаланыңыз. Теледидар артында
басылған сақтық белгі ток соғу қаупін білдіреді.
Теледидардың корпусын ешқашан ашпаңыз. Қызмет
көрсетуі немесе жөндеуі үшін әрқашан Philips TV
тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Телефон нөмірін теледидармен бірге берілетін басылған
құжаттамадан табуға болады. Не болмаса,
www.philips.com/TVsupport веб-сайтымызға кіріп, қажет
болса, елді таңдаңыз. Осы нұсқаулықта анық тыйым
салынған кез келген пайдалану немесе осы нұсқаулықта
ұсынылмаған немесе рұқсат етілмеген кез келген
реттеулер және жинау процедуралары кепілдіктің күшін
жояды.
Пиксел сипаттамалары
Бұл теледидар өнімінде түрлі түсті пикселдердің саны көп.
Оның тиімді пикселдері 99,999% немесе көбірек
болғанымен, экранда қара нүктелер немесе жарықтың
жарық нүктелері (қызыл, жасыл немесе көк) пайда болуы
мүмкін. Бұл — дисплейдің құрылымдық сипаты (жалпы
сала стандарттарының шеңберінде) және ақаулық болып
табылмайды. Сондықтан бұл кепілдік мерзімінде және
(немесе) одан тыс жөндеуге, ауыстыруға немесе қайтаруға
жатпайтынын ескеріңіз.
Артқы жарық сипаттамалары
Cізге жөнелтілместен бұрын барлық Philips TV қатаң
сынақтар мен тексерулерден өтті. Теледидарды көріп
отырғанда қолайсыздықты сезінбеу үшін біз
теледидарларымыздың сапасына үлкен мән беретінімізге
сенімді бола аласыз. Дегенмен, тек күңгірт кескіндерде
немесе өте қараңғы және күңгірт бөлмеде байқалатын
артқы жарықтың ағуы («Мура эффектісі») және/немесе
фондық жарықтың біркелкі болмауы теледидардың
техникалық сипаттамаларына сәйкес келетінін ескеріңіз.
Мұндай жағдайлар теледидар сапасының нашар екенін
білдірмейді және ақаулық ретінде қарастырылмайды.
Осылайша, біз кепілдік, ақысыз қызмет көрсету, ауыстыру
немесе ақшаны қайтару туралы осындай сипаттағы
шағымдарды кепілдік мерзімі ішінде және/немесе одан
тыс уақытта қабылдауға келмейтініне өкініш білдіреміз.
CE талаптарына сәйкестік
Осы құжат арқылы TP Vision Europe B.V. осы теледидардың
2014/53/EU (RED), 2009/125/EC (Экодизайн) және
2011/65/EC (Зиянды заттардың пайдаланылуын шектеу)
директиваларының негізгі талаптары мен басқа қатысты
шарттарына сай екенін мәлімдейді.
EMF жүйесімен үйлесімді
TP Vision кез келген электрондық құрылғы секілді жалпы
электромагниттік сигналдарды шығару және қабылдау
мүмкіндігі бар көптеген өнімдерді жасайды және сатады.
TP Vision жетекші бизнес принциптерінің біреуі — біздің
өнімдердің барлық тиісті талаптарына сай болуы және
өнімдерді жасау уақытында тиісті электромагниттік өріс
(ЭМӨ) стандартарының шеңберінде қалу үшін барлық
қажет денсаулық және қауіпсіздік шараларын қолдану.
TP Vision денсаулыққа кері әсерлерді тигізбейтін өнімдерді
әзірлеуге, жасауға және нарыққа шығаруға міндетті. TP
Vision өнімдері мақсатына сай дұрыстап пайдаланылса,
қазіргі уақытта қол жетімді ғылыми дәлелдерге сай
қауіпсіз екенін растайды. TP Vision халықаралық ЭМӨ және
қауіпсіздік стандартарын жасауда белсенді рөл ойнайды.
Бұл TP Vision компаниясына өнімдеріне ерте ендіру үшін
одан әрі дамуды болжауға мүмкіндік береді.
97