operation manual

Table Of Contents
Ескертпе. Қашықтан басқару пернетақтасын пайдаланбас
бұрын қашықтан басқару құралын теледидармен жұптау
қажет.
Мәтінді жазу
Қашықтан басқару құралының артқы жағындағы
пернетақтамен экрандағы кез келген мәтін жолағына
мәтін жазуға болады.
Мәтін жазу…
1 - Егер мәтін өрісі таңдалмаса, оны таңдаңыз.
2 - Пернетақта пернелерін іске қосу үшін қашықтан басқару
құралының пернетақтасын жоғары қаратыңыз. Қашықтан
басқару құралын екі қолыңызбен ұстап, бас
бармақтарыңызбен теріңіз.
3 - Экрандағы пернетақтаны жасыру үшін Артқа
түймесін басыңыз.
Мәтінді растау үшін OK түймесін басыңыз.
Экрандағы пернетақта
Егер мәтін енгізу үшін экрандық пернетақтаны
пайдалансаңыз, ыңғайлы орынға пернетақта орналасуын
конфигурациялауға болады.
Осы параметрлерді ашу үшін…
HOME түймесін басып, Параметрлер опциясын
таңдап OK түймесін басыңыз.
5 - Android Settings (Android параметрлері) тармағын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
6 - Device (Құрылғы) Preferences (Реттеулер) > Keyboard
(Пернетақта) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
7 - Gboard параметрлері > Тіл тармақтарын таңдап, OK
түймесін басыңыз. Осы жерде тілдің пернетақта
орналасуын орнатуға болады.
8 - Бір қадамға артқа қайту мақсатында мәзірді жабу
үшін Артқа түймесін басыңыз.
• Теледидарды қашықтан басқару құралымен басқарудың
ең жақсы ара қашықтығы 5 метрден аз болады.
• Қашықтан басқару құралының пернетақтасын қолданған
кезде, қашықтан басқару құралын 50 градустан аз бұрышта
ұстаған жөн.
• Қашықтан басқару құралының инфрақызыл сәулесін
бітемеңіз.
Qwerty және Azerty
Қашықтан басқару құралы пернетақтасының стандартты
орналасуы – Qwerty.
Azerty пернетақтасы
Аймаққа байланысты қашықтан басқару құралын Azerty
пернетақтасына қоюға болады. Azerty таңбалары қатысты
пернелердің жоғарғы оң жағында көрсетіледі.
Пернетақта орналасуын Azerty пернетақтасына реттеу
үшін…
1 - HOME түймесін басып, Параметрлер опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Мәзірге кіру үшін Region and Language (Аймақ және тіл)
опциясын таңдап, (оң жақ) түймесін басыңыз.
3 - Қашықтан басқару құралының пернетақтасы тармағын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - Qwerty немесе Azerty тармағын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
5 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін (солға) түймесін
қайталап басыңыз.
3.5
Инфрақызыл сенсор
Теледидар пәрмендер жіберу үшін ИҚ (инфрақызыл)
сәулелерді пайдаланатын қашықтан басқару
құралдарынан пәрмендерді ала алады. Мұндай қашықтан
басқару құралын пайдалансаңыз, қашықтан басқару
құралын теледидардың алдыңғы жағындағы инфрақызыл
сенсорға бағыттаңыз.
Ескерту
Теледидардың инфрақызыл сенсорының алдыңғы жағына
ешбір зат қоймаңыз, оның инфрақызыл сенсорды
блоктауы мүмкін.
3.6
Батареялар
Егер теледидар қашықтан басқару құралындағы пернені
басқанда реакция бермесе, батареялар қуаты таусылған
болуы мүмкін.
Батареяларды ауыстыру үшін қашықтан басқару
құралының артындағы батареялар бөлімін ашыңыз.
1 - Батарея есігін көрсеткі көрсететін бағытта сырғытыңыз.
2 - Ескі батареяларды 2 сілтілі, AAA-LR03-1,5 В түріндегі
батареялармен алмастырыңыз. Батареялардың және
жақтары дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
3 - Батарея есігін орнына салыңыз және шырт еткенше
артқа сырғытыңыз.
Қашықтан басқару құралын ұзақ уақыт бойы
пайдаланбайтын болсаңыз, батареяларды шығарып
қойыңыз.
Ескі батареяларды пайдаланып болға соң, оларды
11