operation manual

Table Of Contents
1 - - EXIT
Теледидарды көру үшін кері қайтады немесе Интерактивті
теледидар қолданбасын тоқтатады.
2 - Дыбыс деңгейі
Дыбыс деңгейін реттеу үшін + немесе - түймесін басыңыз.
3 - Сан пернелері
Арнаны тікелей таңдайды.
4 - TEXT
Мәтінді/телемәтінді ашады немесе жабады.
5 - Арна
Арналар тізіміндегі келесі не алдыңғы арнаға ауыстыру
үшін + немесе - түймесін басыңыз. Мәтінде/телемәтінде
келесі немесе алдыңғы бетті ашады.
6 - Дыбысты өшіру
Дыбысты өшіреді немесе қалпына келтіреді.
7 - OPTIONS
Options (Опциялар) мәзірін ашады немесе жабады.
Төменгі (Ұлыбритания модельдері үшін)
1 - - EXIT
Теледидарды көру үшін кері қайтады немесе Интерактивті
теледидар қолданбасын тоқтатады.
2 - Дыбыс деңгейі
Дыбыс деңгейін реттеу үшін + немесе - түймесін басыңыз.
3 - Сан пернелері
Арнаны тікелей таңдайды.
4 - Арналар тізімі
Арналар тізімін ашады.
5 - Арна
Арналар тізіміндегі келесі не алдыңғы арнаға ауыстыру
үшін + немесе - түймесін басыңыз. Мәтінде/телемәтінде
келесі немесе алдыңғы бетті ашады.
6 - Дыбысты өшіру
Дыбысты өшіреді немесе қалпына келтіреді.
7 - OPTIONS
Options (Опциялар) мәзірін ашады немесе жабады.
3.2
Инфрақызыл сенсор
Теледидар пәрмендер жіберу үшін ИҚ (инфрақызыл)
сәулелерді пайдаланатын қашықтан басқару
құралдарынан пәрмендерді ала алады. Мұндай қашықтан
басқару құралын пайдалансаңыз, қашықтан басқару
құралын теледидардың алдыңғы жағындағы инфрақызыл
сенсорға бағыттаңыз.
Ескерту
Теледидардың инфрақызыл сенсорының алдыңғы жағына
ешбір зат қоймаңыз, оның инфрақызыл сенсорды
блоктауы мүмкін.
3.3
Батареялар
Егер теледидар қашықтан басқару құралындағы пернені
басқанда реакция бермесе, батареялар қуаты таусылған
болуы мүмкін.
Батареяларды ауыстыру үшін қашықтан басқару
құралының артқы төменгі жағындағы батареялар бөлімін
ашыңыз.
1 - Батарея есігін көрсеткі көрсететін бағытта сырғытыңыз.
2 - Ескі батареяларды 2 сілтілі, AAA-R03-1,5 В түріндегі
батареялармен алмастырыңыз. Батареялардың және
жақтары дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
3 - Батарея есігін орнына салыңыз және шырт еткенше
артқа сырғытыңыз.
10