User manual

Table Of Contents
Қолданбалар мен интернет беттеріне арналған пернелер
• Tab және Shift + Tab = Келесі және алдыңғы
• Home = беттің жоғарғы жағына жылжу
• End = беттің төменгі жағына жылжу
• Page Up = бір бетке жоғары өту
• Page Down = бір бетке төмен өту
• * = веб-бетті экран еніне сәйкестендіру
9.10
USB сақтау құрылғысы
Жалғанған USB жад құрылғысынан немесе USB қатты
дискісінен фотосуреттерді көруге немесе музыка мен
бейнелерді ойнатуға болады.
Теледидар қосылып тұрғанда теледидардағы USB
қосылымдарының біреуіне USB сақату құрылғысын
жалғаңыз.
Теледидар құрылғыны анықтап, оның мазмұнын
көрсететін тізімді ашады.
Мазмұн тізімі автоматты түрде пайда
болмаса,
SOURCES опциясын таңдап, USB түймесін
басыңыз.
USB сақтау құрылғысының мазмұнын көруді тоқтату үшін
EXIT пернесін басыңыз немесе басқа әрекетті
таңдаңыз.
USB сақтау құрылғысын қауіпсіз шығарып алу:
1 - HOME түймесін басыңыз.
2 - Жоғарғы оң жақ бұрыштағы Бақылау тақтасы >
Хабарландырулар тармақтарының астында USB дискі
тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
3 - Құрылғыны таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - Шығару опциясын таңдап, OK пернесін басыңыз.
5 - Шығару процедурасы аяқталғанша күтіңіз, одан кейін
USB сақтау құрылғысын шығарып алыңыз.
USB құралындағы Ultra HD
Қосылған USB сақтау құрылғысынан фотосуреттерді Ultra
HD ажыратымдылықта көре аласыз. Егер суреттің
ажыратымдылығы жоғары болса, теледидар оны Ultra HD
ажыратымдылығына дейін төмендетеді.
USB сақтау құрылғысынан контентті көру немесе ойнату
туралы қосымша ақпарат алу үшін Анықтама бөлімінде
түрлі түсті Кілтсөздер түймесін басып, Фотосуреттер,
бейнелер және музыка деп іздеңіз.
9.11
Фотокамера
Сандық фотокамерада сақталған фотосуреттерді көру үшін
фотокамераны теледидарға тікелей жалғауға болады.
Жалғау үшін теледидардағы USB қосылымдарының біреуін
пайдаланыңыз. Қосылымды орнатқаннан кейін камераны
қосыңыз.
Мазмұн тізімі автоматты түрде пайда
болмаса, SOURCES түймесін басып, USB опциясын
таңдаңыз.
Камераңыз оның мазмұнын PTP (Суретті тасымалдау
хаттамасы) көмегімен жіберетіндей етіп орнатуды қажет
етуі мүмкін. Сандық фотокамераның пайдаланушы
нұсқаулығын оқыңыз.
USB құралындағы Ultra HD
Қосылған USB құрылғысы не жад құрылғысынан
фотосуреттерді Ultra HD ажыратымдылықта көре аласыз.
Егер суреттің ажыратымдылығы жоғары болса, теледидар
оны Ultra HD ажыратымдылығына дейін төмендетеді. USB
қосылымдарының ешбірінде Ultra HD түрінен жоғары
негізгі ажыратымдылығы бар бейнені ойнату мүмкін емес.
Фотосуреттерді көру туралы қосымша ақпарат алу үшін
Help (Анықтама) бөлімінде түрлі түсті Keywords
(Кілтсөздер) пернесін басып, Photos, Videos and Music
(Фотосуреттер, бейнелер және музыка) деп іздеңіз.
9.12
Бейне камера
Жақсырақ сапа алу мақсатында бейнекамераны
теледидарға қосу үшін HDMI кабелін пайдаланыңыз.
36