User manual

теледидардың қашықтан басқару құралымен пайдалану
Settings (Параметрлер) > General settings (Жалпы
параметрлер) > EasyLink > EasyLink remote control (EasyLink
қашықтан басқару құралы) > On (Қосулы).
Ескертпе.
• EasyLink басқа маркалы құрылғылармен жұмыс істемеуі
мүмкін.
• HDMI-CEC функциясының аты әр компанияларда әртүрлі
болады. Кейбір мысалдар: Anynet, Aquos Link, Bravia
Theatre Sync, Kuro Link, Simplink және Viera Link. Бұл
маркалардың барлығы EasyLink мүмкіндігімен үйлесімді
бола бермейді. Мысалы, HDMI CEC марка атаулары тиісті
иелерінің меншігі болып табылады.
7.2
Смарт карталы CAM - CI+
CI+
Бұл теледидар CI+ шартты кіру үшін дайын.
CI+ мүмкіндігімен аймағыңыздағы сандық теледидар
операторлары ұсынатын фильмдер мен спорт сияқты
ажыратымдылығы жоғары бағдарламаларды қарауға
болады. Бұл бағдарламаларды теледидар операторы
шифрланған және алдын ала төленген CI+ модулімен
шифрынан ашады.
Үздік бағдарламаларына жазылған кезде, сандық
теледидар операторлары CI+ модулін (шартты кіру модулі -
CAM) және онымен бірге жүретін смарт картаны береді.
Бұл бағдарламалардың көшіруден қорғау деңгейі жоғары.
Шарттар мен ережелері бойынша қосымша ақпарат алу
үшін сандық теледидар операторына хабарласыңыз.
Құпия сөздер және PIN кодтары
Кейбір CAM модульдерінің арналарын қарау үшін PIN
кодын енгізу қажет. CAM модуліне PIN кодын орнатсаңыз,
теледидарды құлыптан ашуға пайдаланылатын кодты
қолдануға кеңес береміз.
CAM модуліне PIN кодын орнату үшін…
1 -
SOURCES түймесін басыңыз.
2 - Watch TV (Теледидар көру) үшін CAM модулін
пайдаланатын арна түрін таңдаңыз.
3 -
OPTIONS түймесін басып, Common Interface (Жалпы
интерфейс) опциясын таңдаңыз.
4 - CAM модулінің теледидар операторын таңдаңыз. Келесі
терезелер теледидар операторынан келеді. PIN код
параметрін іздеу үшін экрандағы нұсқауды орындаңыз.
7.3
Үй кинотеатры жүйесі — HTS
HDMI ARC арқылы қосылу
Үй кинотеатрының жүйесін (HTS) теледидарға жалғау үшін
HDMI кабелін пайдаланыңыз. Philips Дыбыс жолағын
немесе HTS жүйесін ішіне орнатылған диск ойнатқышымен
жалғауға болады.
HDMI ARC
Егер үй кинотеатры жүйесінде HDMI ARC ұяшығы болса,
жалғау үшін теледидардағы кез келген HDMI ұяшығын
пайдалануға болады. HDMI ARC болса, қосымша дыбыстық
кабельді жалғау қажет емес. HDMI ARC қосылымы екі
сигналды да біріктіреді.
Теледидардағы барлық HDMI қосылымдары дыбыс
қайтару арнасының (ARC) сигналын ұсынуы мүмкін. Бірақ
үй кинотеатры жүйесіне қосылғаннан кейін теледидар ARC
сигналын тек осы HDMI қосылымына жібере алады.
Дыбыс-бейне синхрондауы
Егер дыбыс экрандағы бейнеге сәйкес болмаса, диск
ойнатқышы бар үй кинотеатры жүйелерінің көпшілігінде
кідірісті дыбыс бейнеге сай болатындай орнатуға болады.
HDMI арқылы қосылу
Үй кинотеатрының жүйесін (HTS) теледидарға жалғау үшін
HDMI кабелін пайдаланыңыз. Philips Дыбыс жолағын
немесе HTS жүйесін ішіне орнатылған диск ойнатқышымен
жалғауға болады.
Егер үй кинотеатрының жүйесінде HDMI ARC ұяшығы
болмаса, теледидардағы сурет дыбысын үй
кинотеатрының жүйесіне жіберу үшін оптикалық дыбыс
кабелін (Toslink) жалғаңыз.
Дыбыс-бейне синхрондауы
Егер дыбыс экрандағы бейнеге сәйкес болмаса, диск
ойнатқышы бар үй кинотеатры жүйелерінің көпшілігінде
кідірісті дыбыс бейнеге сай болатындай орнатуға болады.
30