User manual

7.10
USB қатты дискісі
Сізге не қажет
Егер USB қатты дискісін қоссаңыз, сандық теледидар
таратылымдарын (DVB таратылымдары немесе ұқсас)
тоқтата тұруыңызға немесе жазып алуыңызға болады.
Ең аз диск орны
• Кідірту
Таратылымды кідірту үшін сізге кемінде 4 ГБ бос орны бар
USB 2.0 портымен үйлесімді қатты диск қажет.
• Жазу
Таратылымды кідірту және жазу үшін кемінде 250 ГБ бос
орын қажет.
USB қатты дискісін орнату әдісі туралы қосымша ақпарат
алу үшін Help (Анықтама) бөлімінде түрлі түсті
Keywords (Кілтсөздер) түймесін басып, USB Hard Drive,
installation (USB қатты дискісі, орнату) параметрін іздеңіз.
Орнату
Таратылымды кідірту немесе жазу алдында USB қатты
дискісін жалғау және пішімдеу қажет. Пішімдеген кезде
USB қатты дискісіндегі барлық файлдар жойылады.
1 - USB қатты дискісін теледидардағы USB
қосылымдарының біреуіне жалғаңыз. Пішімдеу кезінде
басқа USB құрылғысын екінші USB порттарына қоспаңыз.
2 - USB қатты дискісі мен теледидарды қосыңыз.
3 - Теледидар сандық теледидар арнасына реттелген
болса,
(Кідірту) түймесін басыңыз. Кідірту әрекеті
пішімдеуді бастайды.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
USB қатты дискісі пішімделгеннен кейін тұрақты жалғанып
тұра берсін.
Ескерту
USB қатты дискісі осы теледидар үшін арнайы пішімделген,
ондағы жазбаларды басқа теледидарда немесе
компьютерде қолдану мүмкін емес. USB қатты дискісіндегі
жазба файлдарын ешбір компьютер қолданбасымен
көшіруге немесе өзгертуге болмайды. Әйтпесе, жазбалар
бүлінеді. Басқа USB қатты дискісін пішімдеген кезде оның
мазмұны жоғалады. Теледидарда орнатылған USB қатты
дискісін компьютерде пайдалану үшін қайта пішімдеу
керек.
Пішімдеу
Хабар таратуды кідірту, не жазу, не қолданбаларды
сақтаудың алдында USB қатты дискісін жалғап, пішімдеу
қажет. Пішімдеген кезде USB қатты дискісіндегі барлық
файлдар жойылады. Егер таратылатын хабарды теледидар
нұсқаулығының деректері арқылы интернеттен жазғыңыз
келсе, USB қатты дискісін орнатудың алдында интернетке
қосылу қажет.
Ескерту
USB қатты дискісі осы теледидар үшін арнайы пішімделген,
ондағы жазбаларды басқа теледидарда немесе
компьютерде қолдану мүмкін емес. USB қатты дискісіндегі
жазба файлдарын ешбір компьютер қолданбасымен
көшіруге немесе өзгертуге болмайды. Әйтпесе, жазбалар
бүлінеді. Басқа USB қатты дискісін пішімдеген кезде оның
мазмұны жоғалады. Теледидарда орнатылған USB қатты
дискісін компьютерде пайдалану үшін қайта пішімдеу
керек.
* USB қатты дискісін 2ТБ-тан кіші өлшеммен жалғаңыз.
USB қатты дискісін пішімдеу…
1 - USB қатты дискісін теледидардағы USB
қосылымдарының біреуіне жалғаңыз. Пішімдеу кезінде
басқа USB құрылғысын екінші USB порттарына қоспаңыз.
2 - USB қатты дискісі мен теледидарды қосыңыз.
3 - Теледидарды және жазбаларды кідіртуді орындағыңыз
келсе, Recordings (Жазбалар) опциясын таңдаңыз, не
болмаса, қолданбаларды сақтау үшін Apps (Қолданбалар)
опциясын таңдаңыз. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
33