User manual

30
Қауіпсіздік және
қызмет көрсету
30.1
Қауіпсіздік
Маңызды
Қауіпсіздік нұсқауларының барлығын теледидарды
пайдаланбас бұрын оқып, түсініп алыңыз. Нұсқауларды
қадағаламау нәтижесінде зақым пайда болса, кепілдік
күшін жояды.
Ток соғу немесе өрт шығу қаупі бар
• Ешқашан теледидарға жаңбырға немесе суға тигізбеңіз.
Ешқашан теледидар жанына вазалар сияқты сұйықтық
құйылған ыдыстар қоймаңыз.
Егер сұйықтық теледидардың үстіне немесе ішіне төгілсе,
теледидарды бірден ток көзінен ажыратыңыз.
Теледидарды пайдаланбас бұрын оны тексеріп алу үшін
Philips TV тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз.
• Теледидарды, қашықтан басқару құралын немесе
батареяларды қатты ыстыққа тастамаңыз. Оны ешқашан
жанған шырақтарға, ашық жалынға немесе күн сәулесін
қоса ыстық көздерге қоймаңыз.
• Теледидардың желдету тесіктеріне немесе басқа ашық
жерлеріне заттар салмаңыз.
• Қуат сымына ешқашан ауыр зат қоймаңыз.
• Қуат ашаларына күш түсірмеңіз. Бос қуат ашалары электр
тежелуіне немесе отқа себеп болуы мүмкін. Теледидар
экранын айналдырғанда, қуат сымының керілмейтіндігін
қамтамасыз етіңіз.
• Теледидарды қуат көзінен ажырату үшін теледидардың
ашасын ажыратыңыз. Қуаттан ажырату кезінде ашаны
ұстап тартыңыз, ешқашан кабелінен тартпаңыз. Ашаға,
қуат кабеліне және розеткаға әрдайым қолыңыз
жететініне көз жеткізіңіз.
Жарақат алу немесе теледидарды
зақымдау қаупі бар
• Салмағы 25 кг-нан немесе 55 фунттан асатын
теледидарды екі адам көтеріп тасымалдауы тиіс.
• Егер теледидарды тұрғыға орнатсаңыз, тек жинақтағы
тұрғыны пайдаланыңыз. Тұрғыны теледидарға берік етіп
бекітіңіз.
Теледидарды салмағын көтере алатын жазық, тегіс бетке
қойыңыз.
• Қабырғаға орнатқанда қабырға бекітпесі теледидардың
салмағын қауіпсіз көтере алатынына көз жеткізіңіз. TP
Vision компаниясы қабырғаға дұрыс орнатпау салдарынан
болған жазатайым оқиғалар, жарақаттар немесе зақымдар
үшін жауап бермейді.
• Бұл өнімнің бөліктері шыныдан жасалған болуы мүмкін.
Жарақат немесе зақым жағдайларын болдырмау үшін,
абайлап ұстаңыз.
Теледидарды зақымдау қаупі бар!
Теледидарды қуат көзіне жалғамас бұрын, қуат кернеуінің
теледидардың артына басылған мәнге сәйкес келетіндігін
тексеріңіз. Кернеу басқаша болған жағдайда теледидарды
ешқашан қуат көзіне қоспаңыз.
Балаларды жарақаттау қаупі бар
Теледидардың балалар үстіне құлап, олардың
жарақаттануына жол бермеу үшін мына сақтандыру
шараларын орындаңыз:
• Теледидарды сырғанап, тұрмайтын шүберек немесе
басқа материал жабылған жерге ешқашан қоймаңыз.
• Теледидардың ешқандай бөлігінің орнатылған жерден
салбырап тұрмағанын тексеріңіз.
• Ешқашан теледидарды ұзын жиһазға, кітап шкафы
сияқты қабырғаға жиһаз бен теледидарды бекітпей немесе
қолайлы демеусіз орналастырмаңыз.
• Балаларды теледидарға жету үшін жиһазға мінуден қауіп-
қатерлер болатыны туралы хабардар етіңіз.
Батареяларды жұтып қою қаупі бар!
Қашықтан басқару құралында кішкентай балалар оңай
жұтып қоятын тиын тәріздес батареялар болуы мүмкін. Бұл
батареяларды балалардан әрдайым аулақ ұстаңыз.
Қатты қызып кету қаупі бар
Теледидарды тар жерге орнатуға болмайды.
Теледидардың айналасынан ауа алмасуы үшін кем
дегенде 10 см немесе 4 дюйм қалдырыңыз. Перде немесе
басқа заттардың теледидардағы ауа алмасу тесіктерін
жауып қалмауын қадағалаңыз.
Найзағай
Найзағай болардың алдында теледидарды қуат көзі мен
антеннадан ажыратып тастаңыз.
Найзағай кезінде теледидардың ешқандай бөлігіне, ток
сымына немесе антенна сымына тиіспеңіз.
95