operation manual
HDMI
Ең жақсы сапа үшін ойын приставкасын жылдамдығы жоғары
HDMI кабелінің көмегімен теледидарға қосыңыз
Бейне-дыбыс LR / Scart
Ойын приставкасын композиттік кабель (CVBS) және
дыбыстық L/R кабелінің көмегімен теледидарға қосыңыз.
Ойын консулінде тек Video (CVBS) және Audio L/R шығысы
болса, SCART қосылымына қосу үшін Video Audio L/R -
SCART адаптерін пайдаланыңыз.
Ескертпе: CVBS - Scart адаптері теледидарда қамтамасыз
етілмеген.
3.10
USB қатты дискісі
Не қажет
USB қатты дискісін жалғасаңыз, теледидардың хабар
таратылымын уақытша тоқтатуға немесе жазуға болады.
Теледидардың хабар таратылымы сандық хабар таратылымы
(DVB хабар таратылымы немесе ұқсас) болуы тиіс.
Кідірту
Таратылымды кідірту үшін сізге кемінде 32 ГБ қатты диск бос
орны бар USB 2.0 портымен үйлесімді қатты диск қажет.
Жазу
Таратылымды кідірту және жазу үшін кемінде 250 ГБ
дискідегі бос орын қажет.
Теледидар нұсқаулығы
Жазу үшін USB қатты дискісін сатып алмас бұрын еліңіздегі
сандық теледидар арналарын жазуға болатынын тексеріп
алыңыз.
Қашықтан басқару құралында
TV GUIDE
түймесін
басыңыз. Егер телебағдарламалар кестесі бетінде Record
(Жазу) түймесі болса, жаза аласыз.
Орнату
Таратылымды кідірту немесе жазу үшін USB қатты
дискін қосу және пішімдеу керек.
1. USB қатты дискісін теледидардағы
USB
қосылымдарының
біреуіне қосыңыз. Пішімдеу кезінде басқа USB құрылғысын
екінші USB порттарына қоспаңыз.
2. USB қатты дискісі мен теледидарды қосыңыз.
3. Теледидар сандық теледидар арнасына реттелген болса,
(Pause (Кідірту)) түймесін басыңыз. Кідірту әрекеті
пішімдеуді бастайды.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
USB қатты дискісі пішімделгеннен кейін тұрақты жалғанып
тұра берсін.
Ескерту
USB қатты дискісі осы теледидар үшін арнайы пішімделген,
ондағы жазбаларды басқа теледидарда немесе компьютерде
қолдану мүмкін емес. USB қатты дискісіндегі жазба
файлдарын ешбір компьютер бағдарламасымен көшіруге
немесе өзгертуге болмайды. Әйтпесе, жазбалар бүлінеді.
Басқа USB қатты дискісін пішімдеген кезде оның мазмұны
жоғалады. Теледидарда орнатылған USB қатты дискісін
компьютерде пайдалану үшін қайта пішімдеу керек.
12