operation manual
3.11
USB жад құрылғысы
Қосылған USB жад құрылғысынан суреттерді көруге немесе
музыканы және бейнені ойнатуға болады.
Теледидар қосылып тұрғанда теледидардағы
USB
қосылымдарының біреуіне USB флеш жадын қосыңыз.
Теледидар жад құрылғысын анықтап, оның мазмұнын
көрсететін тізімді ашады.
Мазмұндар тізімі автоматты түрде пайда болмаса,
SOURCE
түймесін басып,
USB
тармағын таңдаңыз да,
OK
түймесін басыңыз.
USB жад құрылғысының мазмұнын қарауды тоқтату
үшін
EXIT
(ШЫҒУ) түймесін басыңыз немесе басқа
әрекетті таңдаңыз.
USB жад құрылғысын ажырату үшін оны кез келген уақытта
суырып алуға болады.
3.12
Бейне камера
HDMI
Жақсырақ сапа алу мақсатында бейнекамераны теледидарға
қосу үшін HDMI кабелін пайдаланыңыз.
Бейне-дыбыс LR / Scart
Бейнекамераны қосу үшін HDMI, YPbPr немесе SCART
қосылымын пайдалануыңызға болады. Бейнекамерада тек
Video (CVBS) және Audio L/R шығысы болса, SCART
қосылымына қосу үшін Video Audio L/R - SCART адаптерін
пайдаланыңыз.
Ескертпе: CVBS - Scart адаптері теледидарда қамтамасыз
етілмеген.
3.13
Компьютер
Жалғау
Компьютерді теледидарға қосып, теледидарды компьютер
мониторы ретінде қолдануға болады.
HDMI арқылы
Компьютерді теледидарға жалғау үшін, HDMI кабелін
пайдаланыңыз.
DVI - HDMI арқылы
Я болмаса, компьютерді HDMI ұяшығына жалғау үшін DVI -
HDMI адаптерін және теледидардың артындағы AUDIO IN
L/R ұяшығына жалғау үшін дыбыс L/R кабелін (3,5 мм шағын
ұяшық) пайдаланыңыз.
13