operation manual

13
Жазу
13.1
Не қажет
Телебағдарлама жазу үшін сізге келесілер қажет...
- осы теледидарда пішімделген қосылған USB қатты дискісі
- осы теледидарда орнатылған сандық телеарналар (Watch
TV (Теледидар көру) көмегімен көретін арналар)
- кірістірілген теледидар нұсқаулығы үшін арна туралы
ақпаратты алу үшін
13.2
Бағдарлама жазу
Қазір жазу
Көріп жатқан бағдарламаны жазып алу үшін қашықтан
басқару құралындағы
(Жазу) түймесін басыңыз.
Егер теледидар нұсқаулығы туралы ақпаратты таратушыдан
алсаңыз, жазу процесі бірден басталады. Жазбаның аяқталу
уақытын жазбалар тізімінде реттеуге болады.
Жазуды тоқтату үшін
(Тоқтату) түймесін басыңыз.
Жазуды жоспарлау
Бүгін немесе бірнеше күнде (ең көбі 8 күн) көрсетілетін
бағдарламаны жазылатын етіп жоспарлауға болады.
1. Жазуды жоспарлау үшін
TV Guide
түймесін басыңыз.
Теледидар нұсқаулығы бетінен жазғыңыз келетін арнаны
және бағдарламаны таңдаңыз.
Тізімдегі арнаға өту үшін арна нөмірін енгізуге болады.
Арна бағдарламаларында жылжу үшін
(оңға) немесе
(солға) түймесін басыңыз.
Тізімнің күнін өзгерту үшін
OPTIONS
түймесін басып,
Change day (Күнді өзгерту)
пәрменін таңдаңыз. Тізімде
қажет күнді таңдап,
OK
түймесін басыңыз.
2. Бағдарлама бөлектелген күйде
Record (Жазу)
түймесін
басыңыз. Теледидар бағдарламаның соңында біраз уақыт
буферін қосады. Қажет болса, біраз қосымша буферді қосуға
болады.
Өзіңіз жоқта бағдарлама жазуды
жоспарласаңыз, теледидарды
күту режиміне өткізуді, ал USB
қатты дискісін қосып кетуді
ұмытпаңыз.
Жазбалардың тізімі
Жазбалар және жоспарланған жазбалар тізімін көру үшін
түймесін басып,
Recordings (Жазбалар)
тармағын
таңдаңыз да,
OK
түймесін басыңыз.
Бұл тізімде көретін жазбаны таңдауға, жазылған
бағдарламаларды жоюға, ағымдағы жазудың аяқталу уақытын
реттеуге немесе дискідегі бос орынды тексеруге болады.
Жоспарланған жазбаны теледидар нұсқаулығынан немесе
жазбалар тізімінен жою
-
List (Тізім)
түймесін басып тізімді ашыңыз, содан кейін
түймесін басыңыз.
- Теледидар нұсқаулығында жоспарланған жазба
бағдарламасын таңдаңыз, содан кейін
Cancel recording
(Жазуды болдыр.)
түймесін басыңыз.
Ерекшеліктері
- Бағдарлама жазып жатқанда, алдында жазылған
бағдарламаны көруге болады.
- Жазылып жатқанда, телеарналарды ауыстыру мүмкін емес.
- Жазылып жатқанда, тікелей таратылымды кідірту мүмкін
емес.
- Жазу үшін, таратушыларға сенімді сағат параметрі керек.
Егер теледидар сағатын қолмен қалпына келтірсеңіз,
жазбалар орындалмауы мүмкін.
13.3
Жазбаны көру
Жазбаны көру...
1.
түймесін басып,
Recordings (Жазбалар)
параметрін
таңдап,
OK
түймесін басыңыз.
2. Ойнатуды бастау үшін жазбаны таңдап,
(Ойнату)
түймесін басыңыз. Қашықтан басқару құралындағы
(Алға
айналдыру),
(Кері айналдыру),
(Кідірту) немесе
(Тоқтату) түймесін пайдалануға болады.
Жазу орындалмады
Жоспарланған жазып алуды таратушы болдырмағанда
немесе тарату үзілгенде, жазба
Failed
(Сәтсіз) деп
белгіленеді.
40