operation manual
4.3
Ортақ интерфейс - CAM
CI+
Бұл теледидар CI+ шартты кіру үшін дайын.
CI+ мүмкіндігімен аймағыңыздағы сандық теледидарда хабар
тарататын станциялар ұсынатын фильмдер мен спорт сияқты
ажыратымдылығы жоғары бағдарламаларды қарауға болады.
Бұл бағдарламалар теледидарда хабар тарататын
станцияларда шифрланады, алдын ала төленген CI+
модулімен шифры алынады.
Жоғары сапалы бағдарламаларына жазылғанда сандық
теледидарда хабар тарататын станциялар осы CI+ модулін
(шартты кіру модулі - CAM) ұсынады. Бұл бағдарламаларда
жоғары деңгейлі көшірмеден қорғау мүмкіндігі бар.
Шарттар мен ережелері бойынша қосымша ақпарат алу үшін
сандық теледидарда хабар тарататын станцияларға
хабарласыңыз.
CAM модулін қосу туралы қосымша ақпарат алу үшін
Keywords (Кілтсөздер)
түймесін басып,
Common Interface
CAM (CAM ортақ интерфейсі)
деп іздеңіз.
CAM (шартты кіру модулі)
CAM модулін салу
CAM модулін салмастан бұрын теледидарды өшіріңіз.
Дұрыс салу әдісін көру үшін CAM модулінен қараңыз. Дұрыс
салынбаса, CAM мен теледидар зақымдалуы мүмкін.
CAM картасын салу үшін теледидардағы Common Interface
слотын пайдаланыңыз.
Картаның алды сізге қарап тұрған күйде CAM модулін
барғанынша жайлап салыңыз.
Картаны слотта тұрақты қалдырыңыз.
CAM іске қосылғанша бірнеше минут өтуі мүмкін. CAM
модулі шығарылса, теледидардағы тарату қызметі
ажыратылады.
CAM картасы салынып, жазылу ақысы төленсе (қосылу әдісі
әр түрлі болады) теледидар таратылымын көруге болады.
Салынған CAM картасы тек сіздің теледидарға арналған.
CAM параметрлері
CAM теледидар таратылымы үшін құпия сөздерді немесе
PIN кодтарын орнату үшін
түймесін басып,
Setup
(Параметрлерді орнату)
тармағын таңдаңыз да,
OK
түймесін
басыңыз.
Арна параметрлері
>
Ортақ интерфейс
тармағын таңдаңыз.
CAM теледидарда хабар тарату станциясын таңдап,
OK
түймесін басыңыз.
4.4
Приставка - STB
Антеннаны теледидардың приставкасына (сандық
қабылдағыш) және теледидарға жалғау үшін 2 антеннаны
пайдаланыңыз.
Антенна қосылымдарының жанында приставканы
теледидарға қосу үшін HDMI кабелін қосыңыз.
Бұған қосымша, приставкада HDMI қосылымы болмаса,
SCART кабелін пайдалануға болады.
Өшіру таймері
Тек теледидардың абоненттік қосымшасының қашықтан
басқару құралын пайдаланып отырған болсаңыз,
автотаймерді өшіріңіз. Теледидардың қашықтан басқару
құралында ешбір перне 4 сағат бойы басылмағандықтан
теледидардың автоматты түрде өшуін болдырмау үшін
осылай жасаңыз.
Өшіру таймері мүмкіндігін ажырату үшін
түймесін
басып,
Setup (Параметрлерді орнату)
тармағын таңдаңыз да,
OK
түймесін басыңыз.
TV settings (Теледидар параметрлері)
>
General settings
(Жалпы параметрлер)
>
Switch off timer (Өшіру таймері)
тармағын таңдап, жүгірткіні
Off (Өшіру)
күйіне орнатыңыз.
14