operation manual
Егер үй кинотеатрының жүйесінде HDMI ARC ұяшығы
болмаса, теледидардағы сурет дыбысын үй кинотеатрының
жүйесіне жіберу үшін оптикалық дыбыс кабелін (Toslink)
қосыңыз.
Дыбыс пен бейнені синхрондау
Егер дыбыс экрандағы бейнеге сәйкес болмаса, диск
ойнатқышы бар үй кинотеатры жүйелерінің көпшілігінде
кідірісті дыбыс бейнеге сай болатындай орнатуға болады.
Қосымша ақпарат алу үшін
Keywords (Кілтсөздер)
түймесін басып,
Audio to video sync (Дыбыс пен бейнені
синхрондау)
деп іздеңіз.
Дыбыс шығысының параметрлері
Дыбыс шығысы кідіру уақыты
Үй кинотеатры жүйесі (HTS) теледидарға қосылып тұрғанда
теледидардағы сурет және HTS жүйесіндегі дыбыс
синхрондалуы керек.
Дыбысты автоматты түрде бейнеге синхрондау
Соңғы Philips үй кинотеатрының жүйелерінде дыбыс пен
бейне автоматты түрде синхрондалады әрі әрдайым дұрыс
болады.
Дыбысты синхрондауды кешіктіру
Кейбір үй кинотеатры жүйелерінде дыбыс пен бейнені
синхрондау үшін дыбысты синхрондауды кешіктіруді реттеу
қажет болуы мүмкін. Үй кинотеатры жүйесінде сурет пен
дыбыс арасында сәйкестік болғанша кешіктіру уақытын
арттырыңыз. 180 мс кешіктіру мәні қажет болуы мүмкін. Үй
кинотеатры жүйесінің пайдаланушы нұсқаулығын оқыңыз. Үй
кинотеатры жүйесінде кешіктіру уақытын орнатқанда
теледидардың дыбыс шығысын кешіктіру мүмкіндігін өшіру
керек.
Дыбыс шығысын кідірту мүмкіндігін ажырату...
1 -
түймесін басып,
Setup (Параметрлерді
орнату)
тармағын таңдаңыз да,
OK
түймесін басыңыз.
2 -
TV settings (ТД параметрлері)
>
Sound (Дыбыс)
>
Advanced (Қосымша)
>
Audio out delay (Дыбыс
шығысының кідірісі)
тармағын таңдаңыз.
3 -
Өшіру
опциясын таңдап,
OK
түймесін басыңыз.
4 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін
түймесін қайта-қайта
басыңыз.
Дыбыс шығысын бітеу
Үй кинотеатры жүйесінде кешіктіруді орната алмаған
болсаңыз, теледидарды дыбысты синхрондайтын етіп
орнатуға болады. Теледидар суретінің дыбысын өңдеу үшін
үй кинотеатрының жүйесіне қажет уақытты қамтамасыз
ететін ауытқуды орнатуға болады. 5 мс-тық қадамдармен
мәнді орнатуға болады. Ең жоғары параметр — 60 мс.
Дыбыс шығысын кешіктіру параметрі қосулы болуы керек.
Теледидарда дыбысты синхрондау...
1 -
түймесін басып,
Setup
(Параметрлерді
орнату) тармағын таңдаңыз да,
OK
түймесін басыңыз.
2 -
TV settings (ТД параметрлері)
>
Sound
(Дыбыс)
>
Advanced (Қосымша)
>
Audio out offset (Дыбыс
шығысының ауытқуы)
тармағын таңдаңыз.
3 - Жүгірткіні пайдаланып дыбыс ауытқуын орнатып,
OK
түймесін басыңыз.
4 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін
түймесін қайта-қайта
басыңыз.
Дыбыс шығысының пішімі
Үй кинотеатрының жүйесінде Dolby Digital, DTS® немесе
соған ұқсас көп арналы дыбысты өңдеу мүмкіндігі бар болса,
«Audio out format (Дыбыс шығысының пішімі)» «Multichannel
(Көп арналы)» мәніне орнатыңыз. Көп арналы мүмкіндігімен
теледидар қысылған көп арналы дыбыс сигналын
телеарнадан немесе жалғанған ойнатқыштан үй кинотеатры
жүйесіне жібере алады. Үй кинотеатрының жүйесінде көп
арналы дыбыс өңдеу мүмкіндігі болмаса, «Stereo (Стерео)»
параметрін таңдаңыз.
Дыбыс шығысының пішімін орнату...
1 -
түймесін басып,
Setup
(Параметрлерді
орнату) тармағын таңдаңыз да,
OK
түймесін басыңыз.
2 -
TV settings (ТД параметрлері)
>
Sound
(Дыбыс)
>
Advanced (Қосымша)
>
Audio out format
(Дыбыс шығысының пішімі)
тармағын таңдаңыз.
3 -
Multichannel (Көп арналы)
немесе
Stereo (Стерео)
параметрін таңдаңыз.
4 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін
түймесін қайта-қайта
басыңыз.
17