operation manual
Wi-Fi Miracast туралы
Теледидарыңыз —
Wi-Fi Certified Miracast™
бағдарламасын
қолдайтын құрылғы. Miracast™ бағдарламасымен смартфон,
планшет немесе компьютер экранын сымсыз жолмен
теледидар экранынан көруге және мазмұндарды бөлісуге
болады. Бейнелердің (аудио мен бейне) ағынын жіберуге,
фотосуреттерді және құрылғы экранындағы басқа нәрселерді
бөлісуге болады. Құрылғыны үй желісіне қосудың қажеті жоқ.
Теледидар мен құрылғының екеуі де Wi-Fi Certified
Miracast™ қызметін қолдайтын құрылғылар болуы және
Miracast функциясы қосылған болуы керек.
Wi-Fi Certified Miracast™ туралы қосымша ақпаратты www.wi-
fi.org веб-сайтынан қараңыз.
Wi-Fi®
, Wi-Fi CERTIFIED логотипі, Wi-Fi логотипі — Wi-Fi
Alliance компаниясының тіркелген сауда белгілері.
Wi-Fi
CERTIFIED Miracast™
,
Miracast™
— Wi-Fi Alliance
компаниясының сауда белгілері.
Miracast функциясын қосу
Теледидар зауыттан Miracast функциясын Қосу күйіне қойып
шығады және Miracast бағдарламасымен құрылғының экранын
теледидардан көрсетуге дайын тұрады.
Miracast функциясын өшіру
Теледидардың басқа құрылғылардан экранды бөлісу бойынша
тапсырыстарын қабылдамасын десеңіз, теледидарда Miracast
функциясын өшіріп қоюға болады.
1
-
түймесін басып,
Setup (Параметрлерді
орнату)
тармағын таңдаңыз да,
OK
түймесін басыңыз.
2
-
Network settings (Желі параметрлері)
>
Wi-Fi Miracast
>
Off (Өшіру)
тармағын таңдап,
OK
түймесін басыңыз
3
- Қажет болса, мәзірді жабу үшін
түймесін қайта-қайта
басыңыз.
Экранды теледидарда бөлісу
Смартфон, планшет немесе компьютер экранын
теледидарда бөлісу...
1 - Теледидарды қосыңыз.
2 - Құрылғыда Wi-Fi Miracast, Wi-Fi Direct™, Intel®Wireless
Display* немесе осылар сияқты басқа қолданбаны ашып,
басқа Miracast құрылғыларын іздей бастаңыз.
3 - Табылған құрылғылар тізімінде теледидарды таңдап, оған
қосылыңыз.
4 - Теледидарда оған қосылуды сұрауды қабылдаңыз.
Теледидарда құрылғының PIN кодын енгізу сұралуы мүмкін
— қашықтан басқару құралындағы сандық пернелердің
көмегімен сандарды енгізіңіз. Бұған қосымша, теледидар
құрылғыдағы PIN кодын енгізуді сұрауы мүмкін. Қосылғанда,
теледидар құрылғы экранын көрсетеді.
5 - Құрылғыда теледидар арқылы көргіңіз келетін бейнелерді,
фотосуреттерді немесе файлдарды таңдаңыз.
* Енді Miracast қызметін WiDi 3.5 қолдайды.
Бөлісуді тоқтату
Құрылғыдан
Miracast қызметін іске қосу үшін пайдаланылатын
қолданбамен байланысты үзіп, құрылғының экранын
теледидардан көруді тоқтатуға болады. Теледидар қайтадан
соңғы таңдалған бағдарламаға қосылады.
Теледидардан
Құрылғының экранын теледидардан көруді тоқтату...
• ТД таратылымын көру үшін
түймесін басыңыз
• теледидарда басқа әрекетті бастау үшін
түймесін
басыңыз
• Sources (Көздер) мәзірін ашу және қосылған құрылғыны
таңдау үшін
SOURCES
түймесін басыңыз.
Құрылғыны блоктау
Құрылғыдан алғаш рет қосылу тапсырысын алғанда,
құрылғыны блоктауға болады. Бұл құрылғыдан келген осы
және келешекте болатын барлық тапсырыстар еленбейтін
болады.
Құрылғыны блоктау үшін, тапсырыс терезесінен
Блоктау. . .
пәрменін таңдап,
OK
түймесін басыңыз.
Барлық құрылғыларды блоктан шығару
Бұрын қосылған және блок қойылған барлық құрылғылар Wi-
Fi Miracast байланыстарының тізімінде сақталады. Бұл тізімді
өшірсе, блок қойылған барлық құрылғылар блоктан
шығарылады.
Блок қойылған барлық құрылғыларды блоктан шығару...
1 -
түймесін басып,
Setup
(Параметрлерді
орнату) тармағын таңдаңыз да,
OK
түймесін басыңыз.
2 -
Network settings (Желі параметрлері)
>
Reset Wi-Fi
direct group (Wi-Fi direct тобын қалпына келтіру)
тармағын
таңдаңыз.
3 - Тізімді тазалау үшін
OK
түймесін басыңыз.
4 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін
түймесін қайта-қайта
басыңыз.
Бұрын қосылған құрылғыны блоктау
65