operation manual

22
MyRemote қолданбасы
22.1
MyRemote қолданбасы туралы
Бұл қолданба не істей алады
MyRemote App және осы теледидар ұсынады...
SimplyShare
- смартфоннан немесе планшеттен
фотосуреттерді, музыканы және бейнелерді бөлісу
Control (Басқару)
- смартфонды немесе планшетті
теледидардың қашықтан басқару құралы ретінде пайдалану
TV guide (Теледидар нұсқаулығы)
- теледидар кестесін
қарау және теледидарды қажетті арнаға ауыстыру
Wi-Fi smart screen
- телеарнаны смартфонда немесе
планшетте көру
MyRemote App v4.x қолданбасы iPhone, iPad және Android™
үшін қол жетімді. MyRemote App функциялары мобильді
құрылғының нұсқасы мен операциялық жүйесіне қарай
өзгеруі мүмкін.
Бұл тегін
MyRemote App қолданбасын тегін жүктеп алуға болады.
Wi-Fi smart screen функцияларын қосқыңыз келсе, аздап ақы
алынуы мүмкін.
Тілдер
MyRemote қолданбасында келесі тілдер бар: ағылшын, неміс,
француз, итальян, испан, португал, нидерланд және орыс.
Егер мобильді құрылғыда орнатылған тіл осы тілдердің біреуі
болмаса, MyRemote қолданбасы ағылшын тіліне ауысады.
MyRemote қолданбасы үздіксіз жетілдірілуде. Келешектегі
нұсқаларында жаңа функциялар ұсынылып, біртіндеп
пайдалануға беріледі. MyRemote қолданбасының
жаңартуларын қолданба дүкендерінен қарап отырыңыз.
Apple, iPhone және iPad — Apple Inc. компаниясының АҚШ-
тағы және басқа елдердегі тіркелген сауда белгілері. Android
— Google Inc. компаниясының сауда белгісі.
Google Play — Google Inc. корпорациясының сауда белгісі.
Басқа Philips теледидарлары туралы
MyRemote қолданбасының басқа теледидарлармен
жұмысы
MyRemote қолданбасын 2009 жылдан әрі қарай жасалған
Philips теледидар үлгілерінде пайдалануға болады.
Теледидарыңыз 2009 жылғы үлгі болса, теледидардың
бағдарламалық құралын жаңартуыңыз және
JointSpace
мүмкіндігін іске қосуыңыз керек. 2010 жылғы үлгі болса,
теледидарда тек JointSpace мүмкіндігін іске қосу қажет. 2011
жылдан кейін шығарылған теледидар үлгілері MyRemote
қолданбасын пайдалануға дайын.
Теледидардың қай жылы жасалғанын білу үшін, теледидар
түрінің нөмірін (мысалы: xxPFLxxx4) тексеріңіз. Егер соңғы
сан «4» болса, теледидарыңыз 2009 жылғы үлгі болғаны.
Соңғы сан «5» болса, теледидарыңыз 2010 жылы жасалған.
«6» саны 2011, «7» саны 2012, ал «8» саны 2013 жылды
білдіреді.
22.2
Не қажет
Үй желісі
Үй желісі
MyRemote қолданбасын пайдалану үшін теледидар,
смартфон, планшет және компьютер үй желісіне қосылған
болуы керек.
Теледидарды үй желісіне қосу...
1 - Әлі қосылмаған болса, желілік маршрутизаторды
интернетке қосыңыз (жылдамдығы жоғары интернет
қосылымы).
2 - Теледидарды желілік маршрутизаторға жалғаңыз. Мұны
сымсыз немесе сымды түрде істеуге болады.
Қосымша ақпарат алу үшін
Keywords (Кілтсөздер)
түймесін басып,
Network, wireless (Желі, сымсыз)
немесе
Network, wired (Желі, сымды)
деп іздеңіз.
Медиа сервер бағдарламалық құралы
Медиа сервер бағдарламалық құралы
Компьютердегі суреттерді теледидарда көру немесе
компьютердегі музыка мен бейнелерді теледидарда ойнату
үшін, компьютерге мультимедиалық сервер бағдарламалық
құралын орнату керек. Файлдарды үй желісінде бөлісу үшін,
осы мультимедиалық сервер бағдарламалық құралын
орнатыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін
Keywords (Кілтсөздер)
түймесін басып,
Media servers, supported (Мультимедиалық
серверлер, қолдау көрсетілетін)
деп іздеп, теледидармен
үйлесімді мультимедиалық сервер бағдарламаларының тізімін
алыңыз.
84