operation manual

көрсетілмейді.
Арналар жолағы
Телеарналар тізіміндегі жоғарғы немесе төменгі арнаға ауысу
үшін
Арналар жолағын
шақырыңыз.
Арналар жолағын
шығару үшін, сенсорлы экранның ортасын
бір рет түртіңіз. Арналар жолағы экранның төменгі жағында
көрсетіледі, үстінде
Құралдар жолағы
тұрады. Арналар
жолағына жылжып, телеарнаны іздеуге болады.
Теледидар арнасына ауысу үшін, арна белгішесін бір рет
түртіңіз.
Арналар жолағын және құралдар жолағын жабу үшін,
экранның ортасын қайта түртіңіз.
Құралдар жолағы
Wi-Fi smart screen құралдар жолағында сурет пішімін,
теледидар және жерсерік арналары тізімін (теледидарда бар
болса) таңдап, құрал кеңестерін ашуға немесе теледидарды
күту режиміне ауыстыруға болады.
Құралдар жолағын
шығару үшін, сенсорлы экранның ортасын
бір рет түртіңіз. Құралдар жолағы арналар жолағымен бірге
экранның жоғарғы жағында көрсетіледі.
Құралдар жолағын және арналар жолағын жабу үшін,
экранның ортасын қайта түртіңіз.
Қолданба мәзірі түймесі
MyRemote қолданбасының мәзіріне қайту үшін,
Қолданба
мәзірі
түймесін түртіңіз.
Масштабтау
Суретті экранға сыйдыру немесе толығымен толтыру
мақсатында масштабтау үшін,
Масштабтау
түймесін түртіп,
толтыру және сыйдыру масштабтары арасында ауысып
отырыңыз.
Теледидар немесе жерсерік
Теледидарда жерсерік тюнері бар болса,
Теледидар көру
немесе
Жерсерік көру
арналар тізімінен таңдауға болады.
Түйме қазір таңдалған арналар тізімін көрсетеді.
Ағымдағы арналар тізімін өзгерту үшін, түймені түртіп,
Теледидар
немесе
Жерсерік
тармақтарынан қажетті
арналар тізімін таңдаңыз. Ішкі жерсерік тюнері болмаса,
таңдау түймесі болмайды.
88