operation manual
• Component және Composite бірдей аудио ұяшықтарды
пайдаланады.
CVBS - Audio L R / Scart
Ойын приставкасын композиттік кабель (CVBS) және
дыбыстық L/R кабелінің көмегімен теледидарға қосыңыз.
Ойын консулінде тек Video (CVBS) және Audio L/R шығысы
болса, SCART қосылымына қосу үшін Video Audio L/R -
SCART адаптерін пайдаланыңыз.
Ескертпе: CVBS - Scart адаптері теледидарда қамтамасыз
етілмеген.
CVBS - Audio L R
Ойын приставкасын композиттік кабель (CVBS) және
дыбыстық L/R кабелінің көмегімен теледидарға қосыңыз.
• Y және CVBS бірдей ұяшықты пайдаланады.
• Component және Composite бірдей аудио ұяшықтарды
пайдаланады.
4.10
USB қатты дискісі
Не қажет
USB қатты дискісін жалғасаңыз, теледидардың хабар
таратылымын уақытша тоқтатуға немесе жазуға болады.
Теледидардың хабар таратылымы сандық хабар таратылымы
(DVB хабар таратылымы немесе ұқсас) болуы тиіс.
Кідірту
Таратылымды кідірту үшін сізге кемінде 32 ГБ қатты диск бос
орны бар USB 2.0 портымен үйлесімді қатты диск қажет.
Жазу
Таратылымды кідірту және жазу үшін кемінде 250 ГБ
дискідегі бос орын қажет.
Теледидар нұсқаулығы
Жазу үшін USB қатты дискісін сатып алмас бұрын еліңізде
сандық теледидар арналарын жазу мүмкіндігін тексеріп
алыңыз.
Қашықтан басқару құралында
TV GUIDE
түймесін
басыңыз. Егер телебағдарламалар кестесі бетінде Record
(Жазу) түймесі болса, жаза аласыз.
USB қатты дискісін орнату әдісі туралы қосымша ақпарат алу
үшін
Keywords (Кілтсөздер)
түймесін басып,
USB Hard
Drive, installation (USB қатты дискісі, орнату)
деп іздеңіз.
Орнату
Таратылымды кідірту алдында немесе жазар алдында, USB
қатты дискісін жалғау және пішімдеу керек. Интернеттен
теледидар нұсқаулығы деректері бар таратылымды жазу
керек болса, USB қатты дискісін орнатпай тұрып,
теледидарда интернет қосылымы орнатылған болуы керек.
Пішімдеу USB қатты дискісіндегі барлық файлдарды жояды.
1 - USB қатты дискісін теледидардағы
USB
қосылымдарының
біреуіне қосыңыз. Пішімдеу кезінде басқа USB құрылғысын
екінші USB порттарына қоспаңыз.
2 - USB қатты дискісі мен теледидарды қосыңыз.
3 - Теледидар сандық теледидар арнасына реттелген болса,
(Pause (Кідірту)) түймесін басыңыз. Кідірту әрекеті
пішімдеуді бастайды.
19