operation manual

18
Skype
18.1
Skype туралы
Skype™
қызметімен теледидарда тегін бейне қоңырауларын
шалуыңызға болады. Дүниенің кез келген жеріндегі
достарыңызға қоңырау шалып, көруге болады.
Достарыңызды теледидардың үлкен экранында көріп
отырып, олармен сөйлесіңіз.
18.2
Не қажет
Skype қызметінде бейне қоңырау шалу үшін кірістірілген
микрофоны бар
Philips PTA317
теледидар камерасы және
жақсы интернет байланысы қажет.
Skype бағдарламасын іске қосу үшін теледидарда интернетке
сапасы жақсы қосылым болуы керек. Теледидарды сымсыз
немесе сымды жолмен қосуға болады.
Қосымша ақпарат алу үшін
Keywords (Кілтсөздер)
түймесін басып,
Network, wireless (Желі, сымсыз)
деп
іздеңіз.
Skype тіркелгісі
Skype қызметін пайдалану үшін өзіңіз бен жанұяңыз үшін
Skype тіркелгісін жасауыңыз керек. Skype үшін жаңа тіркелгіні
теледидарда немесе компьютерде жасауға болады.
Skype Credit (Skype кредиті) немесе Skype Subscriptions
(Skype жазылымдары)
Skype қызметімен телефондарға немесе ұялы телефондарға
арзан қоңырау шалуға болады. Компьютерді пайдаланып,
Skype кредитін сатып алуға немесе www.skype.com сайтынан
Skype жазылымын алуға болады.
Төтенше жағдай қоңыраулары жоқ
Skype телефонды ауыстырмайды және оны төтенше
жағдайда қоңырау шалу үшін пайдалана алмайсыз.
18.3
Skype бағдарламасымен
жұмысты бастау
Камераны орнату
Теледидардың камера кабелін теледидардағы USB
қосылымдарының біреуіне қосыңыз.
Шағын қыстырғышты төмендегі суретте көрсетілгендей
бүктеп, камераны теледидардың үстіне орнатыңыз.
Камера әдетте отыратын орынға бағыттаңыз. Skype
қоңырауын жасағанда, камера кескінін панорамалауға,
еңкейтуге немесе масштабтауға болады.
Камераны қалаған жеріңізге қоюыңызға болады, бірақ оны
теледидардың үндеткіштерінен алыс қою ұсынылады.
Теледидар камерасы жалғанбаған болса, Skype іске
қосылмайды.
Тіркелу
Skype бағдарламасына
Skype Name (Skype аты)
және
password (құпия сөз)
мәндерін пайдаланып кіріңіз. Егер сізде
әлі Skype аты болмаса, жаңа Skype тіркелгісін жасау керек.
Skype бағдарламасына кіру үшін…
1 - Басты мәзірді ашу үшін
түймесін басыңыз.
2 -
Skype
бағдарламасын іске қосу және Sign in (Кіру) бетін
ашу үшін Skype бағдарламасын таңдап,
OK
түймесін басыңыз.
3 -
Skype Name (Skype аты)
мәтіндік өрісін таңдап, Skype
атыңызды енгізіңіз. Экрандық пернетақтаны ашу үшін
мәтіндік өрісті таңдап,
OK
түймесін басыңыз. Алдында кірген
болсаңыз,
LIST
түймесін басып, Skype атыңызды
таңдаңыз. Теледидар 5 соңғы кірген Skype аттарын есте
сақтайды.
4 -
Password (Құпия сөз)
мәтіндік өрісін таңдап, құпия сөзді
енгізіңіз.
5 - Аяқтағанда,
Sign in (Кіру)
түймесін таңдап,
OK
түймесін
басыңыз.
Экранда Skype мәзірі ашылса, сіз кірдіңіз.
Көмек қажет пе?
Skype атыңызды немесе құпиясөзіңізді ұмытып қалсаңыз
немесе кіруде мәселелер болып жатса, мына бетке кіріңіз:
www.skype.com/support
Жаңа Skype тіркелгісі
Егер сізде әлі
Skype Name (Skype аты)
және
Password
(Құпия сөз)
болмаса, компьютерде жаңа Skype тіркелгісін
жасай аласыз. Жаңа тіркелгіні сәтті жасағаннан кейін Skype
атыңызды және құпия сөзіңізді пайдаланып теледидарға кіре
аласыз. Компьютерде Skype тіркелгісін жасау үшін
www.skype.com сайтына өтіңіз.
Егер сізде кірістірілген пернетақтасы бар қашықтан басқару
құралы болса немесе теледидарға қосылған USB
пернетақтасы болса, теледидарда жаңа Skype тіркелгісін
жасай аласыз.
Теледидарда жаңа тіркелгі жасау үшін…
1 - Skype бағдарламасының
Sign in (Кіру)
бетінен
Create a
new account (Жаңа тіркелгі жасау)
пәрменін таңдап,
OK
түймесін басыңыз.
2 - Келесі мәзірде,
Open browser (Шолғышты ашу)
тармағын таңдап,
OK
түймесін басыңыз.
59