operation manual

7 - Басқаруға арналған түсті түймелер
Қолданбаларыңыз
Қолданбалар Smart TV бастапқы бетінен іске қосылады. Егер
бастапқы бетте әлі ешбір қолданбалар болмаса,
қолданбаларды қолданбалар галереясынан қосуға болады.
Қолданбалар галереясы
Қолданбалар галереясында бүкіл қол жетімді қолданбаларды
табасыз.
Интернет
Интернет қолданбасы теледидарда интернетті ашады.
Теледидарда кез келген интернет веб-торабын көруге
болады, бірақ олардың көпшілігі Теледидар экранына
арналмаған.
- Теледидарда кейбір қосылатын модульдер (мысалы,
беттерді немесе бейнелерді көруге арналған) қол жетімді
емес.
- Интернет беттері бір-біреуден және толық экрандық күйде
көрсетіледі.
Recommended Apps (Ұсынылатын қолданбалар)
Бұл терезеде Philips еліңіз үшін ұсынылатын бірқатар
қолданбаларды, желідегі Теледидар арналған қолданбаларды
немесе бейне дүкендерінен таңдалған жалға алатын
фильмдерді көрсетеді. Оларды Recommended Apps
(Ұсынылатын қолданбалар) терезесінде таңдауға және ашуға
болады.
Іздеу
Іздеу көмегімен қолданбалар галереясында тиісті
қолданбаларды іздеуге болады.
Мәтіндік өрісте кілтсөзді енгізіңіз,
тармағын таңдаңыз да,
іздеуді бастау үшін
OK
түймесін басыңыз. Іздеу үшін аттарды,
тақырыптарды, жанрларды және сипаттама кілтсөздерді
енгізуге болады.
Бұған қосымша, мәтіндік өрісті бос қалдырып, бірқатар
санаттарда ең танымал іздеулерді/кілтсөздерді іздеуге
болады. Табылған кілтсөздер тізімінде кілтсөзді таңдап, сол
кілтсөз бар элементтерді іздеу үшін
OK
пернесін басыңыз.
Қолданбаны ашу
Қолданбаны ашу үшін оны алдымен Smart TV бастапқы
бетінде қолданбалар тізіміне қосу керек. Тізімге
қолданбаларды қолданбалар галереясынан қосуға болады.
Smart TV бастапқы бетіндегі қолданбалар тізімі бірнеше
бетке созылуы мүмкін. Келесі немесе алдыңғы бетке өту үшін
көрсеткі пернелерді пайдаланыңыз. Бұған
қосымша,
+
(келесі бет) немесе
-
(алдыңғы бет)
түймесін басыңыз.
Қолданбаны ашу
Қолданбаны ашу...
1
-
түймесін басып,
Smart TV
қызметін таңдаңыз.
2
- Бастапқы бетте қолданба белгішесін таңдап,
OK
пернесін
басыңыз.
Қолданбада 1-қадамға немесе бетке оралу үшін
түймесін
басыңыз.
Қолданбаны жабу
Қолданбаны жауып, Smart TV бастапқы бетіне оралу үшін
Smart TV
түймесін басыңыз.
Қолданба бетін қайта жүктеу
Егер қолданба беті тиісті түрде жүктелмесе, бетті қайта
жүктеу үшін

OPTIONS
түймесін басып,
Reload (Қайта
жүктеу)
пәрменін таңдаңыз.
Zoom (Масштабтау)
Қолданба бетінде кішірейту...
1
-
OPTIONS
түймесін басып,
Zoom page (Бетті
масштабтау)
пәрменін таңдаңыз.
2
- Масштабтау деңгейін орнату үшін жүгірткі жолақты
пайдаланыңыз.
3
- Жүгірткі жолақты қалпына келтіру арқылы қалыпты
көрініске оралыңыз.
Қауіпсіздік туралы ақпаратты көру
Қолданба бетінің қауіпсіздік деңгейін тексеруге болады.
Қолданба бетінде
OPTIONS
түймесін басып,
Security info
(Қауіпсіздік туралы ақпарат)
тармағын таңдаңыз. Егер бет
жүктеліп жатқанда экранның төменгі жағындағы жүктеліп
жатқан анимацияның жанында құлып
көрсетілсе,
тасымалдау қорғалған.
Қолданба туралы пікір
Қолданбаны таңдап,
Feedback (Пікір)
түймесін басып,
«ұнайды» немесе «ұнамайды» түймесін таңдап, бізге
ұсынысты немесе пікірді жіберіңіз. Сондай-ақ, қолданбаның
дұрыс істемеуі туралы есеп беруге болады.
Қолданбаларды басқару
Smart TV бастапқы бетіндегі қолданбалар тізімінде
мыналарды орындауға болады...
Қолданбаны жою
Қолданбаны тізімнен жою үшін қолданба белгішесін
таңдаңыз, сөйтіп
Remove (Жою)
түймесін басыңыз.
Қолданба қолданбалар галереясында әлі де қол жетімді
болады.
Қолданбаны жылжыту
Қолданбаның тізімдегі орнын өзгерту үшін қолданба
белгішесін таңдаңыз,
Move (Жылжыту)
түймесін басыңыз
және қолданбаның орнын өзгерту үшін көрсеткі пернелерді
пайдаланыңыз. Орынды растау үшін
OK
түймесін басыңыз.
Қолданбаны құлыптау
Қолданбаны құлыптау үшін қолданба белгішесін
таңдап,
Lock (Құлыптау)
түймесін басыңыз.
Қолданбаны құлыптағанда Smart TV қолданбасын реттегенде
ата-ана бақылауы үшін орнатқан 4 таңбалы PIN кодын енгізу
керек. Тізімде құлыпталған қолданба құлыппен
белгіленеді.
Қолданбаның құлпын ашу үшін қолданба белгішесін
68