operation manual
KK 73
Қазақ
Wi-Fi дайын
Бҡл бӛлім тек Wi-Fi байланысы бар
теледидарларға арналған.
Теледидарды үй желісіне сымсыз қосыңыз.
Ескертпе:
Сымсыз желі Wi-Fi кедергілерін
тудыруы мүмкін сымсыз телефондар,
микротолқынды пештер немесе
Bluetooth құрылғылары секілді жалпы
тұрмыстық құрылғылардай 2,4 ГГц
жиілік спектрінде жұмыс істейді. Бұл
құрылғыларды теледидардан алыстау
жерге жылжытыңыз.
Оңтайлы Wi-Fi жұмысы үшін
теледидарды сымсыз
маршрутизатордан 10 м-ден кем
қашықтықта орналастырыңыз.
Маршрутизатор мен теледидар
арасында бетон қабырғалар сияқты
кедергілер болмауы керек.
Қабылдау сапасы сымсыз
машрутизатордың орнына және
жергілікті интернет қызметі
провайдеріңізге байланысты болады.
Желілік трафикті азайту үшін, үй
желісінде пайдаланбайтын желілік
құралды ӛшіріңіз.
Сымсыз үй желісі арқылы бейнені
ойнатқанда, IEEE 802.11 N
маршрутизаторын пайдалану
ұсынылады. Сымсыз үй желісінің
жұмыс істеу ортасына байланысты
байланыс жылдамдығы басқаша болуы
мүмкін.
Сымсыз орнатуды бастау
1. Сымсыз желі маршрутизаторын
қосыңыз.
2. Теледидардың қашықтан басқару
құрылғысындағы түймесін басыңыз.
3. [Баптау] > [Желіге қосылу] таңдап,
одан кейін OK түймесін басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
WPS - Wi-Fi Protected Setup протоколы
1. Егер маршрутизатор WPS (Wi-Fi
технологиясымен қорғалған орнату)
орнатуын қолдаса, маршрутизатордағы
WPS түймесін басыңыз.
2. минуттан кейін, теледидардағы [WPS]
таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз.
Теледидар желіге қосылады. Бұл шамамен
2 минут алады.
Жаңа сымсыз маршрутизаторлардың
кӛпшілігінде WPS жүйесі және WPS
логотипі бар. WPS жүйесі WPS қауіпсіздік
шифрлау функциясын пайдаланады, бірақ
оны желідегі WEP қауіпсіздік шифрлау
функциясын пайдаланатын құрылғылармен
біріктіру мүмкін емес.
Егер желіде WEP құрылғысы әлі керек
болса, [Сканерлеу] > [Таҝдамалы]
кӛмегімен орнатыңыз.
Маршрутизаторларды сканерлеу
Егер желіде бірнеше маршрутизатор
болса, қажет желіні таңдауға болады.
1. Нақты желілік маршрутизаторды таңдау
үшін, орнатудың бірінші бетінде
[Сканерлеу] түймесін басыңыз.
WPS бар және сигналы ең күшті
маршрутизаторлар экрандағы тізімде
бірінші болып кӛрсетіледі.
2. Қажетті машрутизаторды таңдап, одан
кейін OK түймесін басыңыз.
WPS маршрутизаторын қосып
жатсаңыз, теледидарда [WPS]
опциясын таңдаңыз.
Қосылатын машрутизатор
бағдарламасында PIN кодын орнату
үшін, [WPS PIN коды] опциясын
таңдап, кодын жазып алыңыз.
Шифрлау кілтін қолмен енгізу үшін,
[Стандартты] опциясын таңдап, одан
кейін сұралғанда кілтті енгізіңіз.