operation manual
KK 11
Қазақ
Анықтама және қолдау
Анықтаманы пайдалану
Экрандағы [Анықт.] мәзіріне кіру үшін,
Көк түсті түйме түймесін басыңыз.
[Анықт.] мәзірінен шығу үшін түймесін
басыңыз.
Philips веб-торабына кіру
Қажетті нәрсені экрандағы [Анықт.]
арқылы таба алмасаңыз, Philips
компаниясының тұтынушыларға
техникалық қызмет көрсету веб-торабына,
яғни www.philips.com/support, кіріңіз.
Сондай-ақ, Philips компаниясының
тұтынушыларға техникалық қызмет
көрсету веб-торабынан келесі әрекеттерді
орындауға болады:
жиі қойылатын сұрақтардың
жауаптарын табу;
осы пайдаланушы нұсқаулығының
басып шығаруға болатын PDF
нұсқасын жүктеп алу;
электрондық пошта арқылы бізге
нақты сұрақ жіберу;
Philips тұтынушыларға қолдау көрсету
орталығымен онлайн режимінде
сөйлесу (нақты елдерде ғана қол
жетімді).
Philips байланыс мүмкіндігі
нұсқаулығын пайдалану
Пайдалануға оңай байланыс мүмкіндігі
нұсқаулығы теледидарды басқа
құрылғыларға қосу жолы бойынша бағыт
береді.
http://www.connectivityguide.philips.com
торабына кіріңіз.
ТД форумын іздеу
Сұрағыңызға пайдаланушылардың Philips
ТД қауымдастығымен бұрын жауап
қайтарылғаны мүмкін.
www.supportforum.philips.com торабына
кіріңіз.
Philips компаниясына хабарласу
Көмек алу үшін, еліңіздегі Philips
компаниясының тұтынушыларға
техникалық қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз. Нөмірі осы өніммен бірге
берілген қағазда жазылған не болмаса
www.philips.com/support торабында
көрсетілген.
Philips компаниясына хабарласу алдында,
теледидардың үлгісі мен сериялық нөмірін
жазып алыңыз. Бұл мәліметтерді
теледидардың артқы жағынан немесе
оның қорабынан таба аласыз.