operation manual
KK 14
Экрандағы қашықтан басқару
пульті
Сондай-ақ, HDMI-CEC мүмкіндігі қосылған
құрылғыларды экрандағы қашықтан
басқару пульті арқылы қол жетімді
болатын басқа түймелермен басқаруға
болады. Қосылғаннан кейін Easylink қосулы
екенін тексеріңіз. Easylink туралы қосымша
ақпаратты Теледидарды қосу > Easylink
құрылғыларын орнату > Құрылғыларды
басқару (Бет 70) бөлімінен оқыңыз.
Экрандағы қашықтан басқару пультін
ашу үшін
1. Қосылған құрылғыны көріп
отырғаныңызда, OPTIONS түймесін
басыңыз.
2. [Қашық-н басқ-уды көр-у] опциясын
таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз.
3. Экрандағы түймені таңдап, OK түймесін
басыңыз.
Смартфонды басқару
«Philips MyRemote» смартфон
қолданбасының көмегімен смартфонды
қосымша пульт, керек десеңіз пернетақта
ретінде пайдалана аласыз. Сіз, сонымен
қатар, теледидардан смартфондағы
суреттердің слайдшоуын көре аласыз.
Ескертпе: Теледидар мен смартфонның
бір жергілікті желіге қосылғанын тексеріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін Теледидарды
қосу > Желіге және Интернетке қосу
(Бет 72) бөлімін қараңыз.
«Philips MyRemote» қолданбасын жүктеу
үшін мына нұсқауларды орындаңыз:
1. «Philips MyRemote» қолданбасын
смартфонға жүктеу үшін Apple App
дүкеніне немесе Google Play дүкеніне
кіріңіз.
2. Қолданбалар дүкенінде берілген
нұсқауларды орындаңыз.
ТД көру
Теледидарды қосу немесе өшіру
Теледидарды қосу
Теледидарды қуат розеткасына
қосып, желі қуатын қосыңыз.
Теледидар қосылмаса, күту ЖШД
өшірулі күйде болады. Теледидардағы
түймесін басыңыз.
Күту ЖШД жанып тұрса, қашықтан
басқару пультіндегі түймесін
басыңыз.
Ескертпе. Теледидар жауап беруден
бұрын қысқа кідіріс болады.
Кеңес: Қашықтан басқару пультін таба
алмай, теледидарды күту режимінен
қосқыңыз келсе, теледидардағы кез келген
пернені басыңыз.
Теледидарды күту режиміне ауыстыру
Қашықтан басқару құралындағы
түймесін басыңыз.
Теледидардағы күту ЖШД қызыл түске
ауысады.
Теледидарды өшіру
Теледидардағы түймесін басыңыз.
Күту ЖШД өшірулі күйге ауысады.
Ескертпе. Теледидар күту режимінде
болғанда не өшіп тұрғанда аз мөлшерде
қуат тұтынса да, ол біраз қуат жұмсайды.
Теледидарды ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз,
оны негізгі қуат көзінен суырып алыңыз.