operation manual

KK 16
Таңдаулы арналарды басқару
Барлық арналарды немесе тек сүйікті
арналар тізімін ғана қарауыңызға болады.
Сүйікті арналар тізімін жасау
1. LIST түймесін басыңыз.
Арналар тізімі көрсетіледі.
2. Таңдаулы деп белгілеу үшін арнаны
таңдап, OPTIONS түймесін басыңыз.
3. [Таңдаулыларды қосу/жою] таңдап,
одан кейін OK түймесін басыңыз.
Таңдалған арна жұлдызшамен белгіленеді.
Арнаны таңдаулылар тізімінен жою үшін,
[Таңдаулыларды қосу/жою] опциясын
таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз.
Таңдаулы арналар тізімін көрсету
1. LIST, одан кейін OPTIONS
түймелерін басыңыз.
2. Таңдаулылар тізіміндегі арналарды
көрсету үшін [Тізім] > [Таңдаулылар]
параметрін таңдаңыз.
3. Растау үшін OK түймесін басыңыз.
Арналар тізімін басқару
Арналар орнатылған соң, мына
әрекеттерді орындай аласыз:
Арналарды сүзу.
Антенна және кабель арналары
арасында ауысу.
Арналардың атауларын өзгерту.
Арналарды қайта реттеу.
Арнаны құлыптау.
Сандық радионы тыңдау.
Арналарды сүзу
1. Теледидарды көріп отырған кезде
LIST түймесін басыңыз.
2. OPTIONS түймесін басып, одан
кейін үзгі] опциясын таңдаңыз.
3. Параметрді таңдап, OK түймесін
басыңыз.
[Сандық+Анал-тық]: Арналар
тізіміндегі барлық арналарды көрсету.
[Сандық теледидар арналары]: Тек
сандық арналарды көрсету.
[Аналогтық арналар]: Тек аналогтық
арналарды көрсету.
[Шектеусіз/шифрланған]: Арналар
тізіміндегі барлық арналарды көрсету.
[Шифрланған арналар]: Тек сызылған
арналарды көрсету.
[Тегін арналар]: Тек тегін арналарды
көрсету.
Ескертпе: Сүзу параметрлері хабар
таратушыңызға байланысты өзгеруі мүмкін.
Антенна және кабель арналары арасында
ауысу
Теледидар көріп отырғанда, антенна және
кабель арналары арасында ауыса аласыз.
1. Теледидарды көріп отырған кезде
түймесін басыңыз.
2. [Баптау] > [Арна параметрлері] >
[Арнаны орнату] > [Антенна байланысы]
опцияларын таңдаңыз.
3. Антенна арналарын көру үшін [Антенна
(DVB-T)] параметрін, ал кабель арналарын
көру үшін [Кабель (DVB-C)] параметрін
таңдап, OK түймесін басыңыз.
Арналардың атауларын өзгерту
Арнаны таңдағанда, оның атауы пайда
болады. Бұл арна атауын өзгертуге
болады.
1. Теледидарды көріп отырған кезде
LIST түймесін басыңыз.
Арналар тізімі көрсетіледі.
2. Атауы өзгертілетін арнаны таңдап,
OPTIONS параметрін таңдаңыз.
3. [Ат өзг.] таңдап, одан кейін OK
түймесін басыңыз.
Экрандағы пернетақта көрсетіледі.
4. Әрбір таңбаны таңдау үшін, Жылжу
түймелері , одан кейін OK түймелерін
басыңыз.
5. Аяқтаған соң, [Дайын] параметрін
таңдап, растау үшін OK түймесін басыңыз.
Арналарды ретке келтіру
Арналар орнатылған соң, арналардың
тізімдегі ретке келтіруге болады.
1. Теледидарды көріп отырған кезде
LIST түймесін басыңыз.
Арналар тізімі көрсетіледі.
2. OPTIONS түймесін басыңыз.
3. [Ретке келтіру] опциясын таңдап, одан
кейін OK түймесін басыңыз.