operation manual
KK 17
Қазақ
4. Ретке келтіру үшін арнаны таңдап, одан
кейін OK түймесін басыңыз.
5. Бөлектелген арнаны басқа орынға
жылжыту үшін, Жылжу түймелері (Шарлау
түймелерін), одан кейін OK түймесін
басыңыз.
6. Аяқтаған соң, OPTIONS түймесін
басыңыз.
7. [Қайта реттеуден шығу] опциясын
таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз.
Ескертпе: Қайта реттеу параметрлері
хабар таратушыңызға байланысты өзгеруі
мүмкін.
Арнаны құлыптау
Арналарды құлыптау арқылы оларға
рұқсатсыз кіруге тыйым сала аласыз.
1. Теледидарды көріп отырған кезде
LIST түймесін басыңыз.
Арналар тізімі көрсетіледі.
2. Құлыпталатын арнаны таңдап,
OPTIONS түймесін басыңыз.
3. [Арнаны кілттеу] таңдап, одан кейін
OK түймесін басыңыз.
4. Сұралса, pin кодын енгізіңіз.
Арналар тізімінде арна құлып белгішесімен
белгіленеді.
Кеңес: Құлыптанған арнаны көру үшін
сұралған кезде pin кодын енгізіңіз.
Сандық радионы тыңдау
Сандық радио арналары қол жетімді болса,
оларды тыңдауға болады. Теледидар
арналарын орнатқанда, олар да автоматты
түрде орнатылады.
1. Теледидарды көріп отырған кезде
LIST түймесін басыңыз.
Арналар тізімі көрсетіледі.
2. OPTIONS түймесін басыңыз.
3. [Сүзгі] > [Радио] таңдап, одан кейін
OK түймесін басыңыз.
4. Радио арнасын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
Жалғаулы құрылғыларды көру
Құрылғыны көрместен бұрын, құрылғыны
теледидарға қосыңыз. Теледидарды қосу
> Құрылғылар жалғау (Бет 58) бөлімін
қараңыз.
SOURCE көмегімен құрылғыны таңдаңыз
1. SOURCE түймесін басыңыз.
2. Құрылғыны таңдап, OK түймесін
басыңыз.
Басты мәзірден құрылғыны таңдау
1. түймесін басыңыз.
2. [Ресурс] опциясын таңдап, одан кейін
OK түймесін басыңыз.
3. Құрылғыны таңдап, OK түймесін
басыңыз.
Қосылған құрылғыларды қосу немесе
басқару үшін Теледидарды қосу >
Жалғаулы құрылғыларды кӛ ру >
Құрылғы параметрлерін өзгерту (Бет 68)
бөлімін қараңыз.