operation manual
KK 23
Қазақ
Медиа файлын ортақ пайдалану
мүмкіндігін орнату
1. Медиа файлдарын ортақ пайдалану үшін,
компьютерде медиа серверін орнатыңыз.
Мыналар — кейбір медиа серверлері:
Компьютер үшін: Windows Media
Player 11 (немесе кейінгі) не болмаса
TVersity
Mac жүйесі үшін: Twonky
2. Медиа сервері арқылы компьютерде
медиа файлды ортақ пайдалану мүмкіндігін
қосыңыз. Медиа серверін орнату жолы
туралы қосымша ақпарат алу үшін,медиа
серверінің веб-торабына кіріңіз.
Файлдарды ойнату
1. SOURCE түймесін басыңыз.
2. [Желіні шолу] опциясын таңдап, одан
кейін OK түймесін басыңыз.
3. Мазмұн шолғышынан файлды таңдап,
ойнатуды бастау үшін OK түймесін
басыңыз.
4. Ойнатуды басқару үшін Ойнату
түймелері түймесін басыңыз.
5. Қосымша: Басқа медиа серверін таңдау
үшін [Құрал сервері] параметрін таңдаңыз.
Кеңестер:
Файлдарды түр бойынша сүзу үшін
жоғарғы жолақты таңдаңыз.
Файлдарды альбом атауы, әнші
немесе басқа өрістер бойынша
реттеу үшін [Сұрыптау] параметрін
таңдаңыз.
Дербес медиа серверлерінің тізімін
тазалау үшін OPTIONS түймесін
басып, одан кейін [Желіден тыс
серверлерді жою] параметрін
таңдаңыз және OK түймесін
басыңыз.
Файлдарды USB құрылғысынан
ойнату
Егер USB құрылғысында фотосуреттер,
бейнелер немесе музыка файлдары бар
болса, файлдарды теледидарда ойнатуға
болады.
Ескерту:
TP Vision компаниясы USB сақтау
құрылғысына қолдау көрсетілмеуіне,
сондай-ақ, ондағы деректердің
зақымдануына немесе жоғалуына
жауап бермейді.
USB портын шамадан көп жүктемеңіз.
Егер 500 мА-ден аса қуат тұтынатын
USB сақтау құрылғысын жалғасаңыз,
оның өзінің сыртқы қуат көзіне
жалғанып тұрғанын тексеріңіз.
USB құрылғысын шолу
1. USB құрылғысын теледидардағы USB
қосқышына жалғаңыз.
2. SOURCE түймесін басыңыз, [USB]
тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
3. Мазмұн шолғышынан файлды таңдап,
ойнатуды бастау үшін OK түймесін
басыңыз.
4. Ойнатуды басқару үшін Ойнату
түймелері түймесін басыңыз.
5. Қосымша: Басқа USB құрылғысын таңдау
үшін теледидар экранының төменгі
жағындағы [USB құрылғысы] параметрін
таңдаңыз.
Кеңестер:
Файлдарды түр бойынша сүзу үшін
жоғарғы жолақты таңдаңыз.
Файлдарды атау, күн немесе басқа
өрістер бойынша реттеу үшін
[Сұрыптау] параметрін таңдаңыз.