operation manual
KK 27
Қазақ
Smart TV қолданбаларына кіру
Бағдарламаларға Smart TV негізгі бетінен
кіруге болады. Бұл беттегі белгішелер ТД
орнатылған бағдарламаларды көрсетеді.
Қолданбаға кіру үшін қолданбаны таңдап,
растау үшін OK түймесін басыңыз.
Бағдарламалар қосу
1. [App галереясы] опциясын таңдап, OK
түймесін басыңыз.
2. Қолданбаны таңдап, оны басты экранға
қосу үшін OK түймесін басыңыз.
3. Қолданбаны қосу үшін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Кеңестер:
Басқа елдерде қол жетімді
бағдарламаларды іздеуге болады.
Smart TV негізгі бетіне оралу үшін
LIST түймесін басыңыз.
Ескертпе. Smart TV қызметтері автоматты
түрде жаңартылады. Ең соңғы
жаңартуларды қарау үшін [App галереясы]
ішінде [Барлығы] параметрін таңдап, одан
кейін [Жаңа] күйіне ауысыңыз.
Веб-тораптарға кіру
1. Интернет бағдарламасын таңдап, OK
түймесін басыңыз.
2. Веб-мекенжай өрісін, одан кейін OK
түймесін басыңыз.
Экранда пернетақта пайда болады.
3. Веб-мекенжайдың әр таңбасы үшін
таңбаны таңдап, OK түймесін басыңыз.
Кеңес. Веб-мекенжайды енгізу үшін, ТД
қашықтан басқару пультіндегі Санды
түймелер (Сан түймелерін) де
пайдалануға болады.
Бетті масштабтау
Интернет бетте ұлғайту және кішірейту
үшін, келесі әрекеттерді орындаңыз:
1. OPTIONS түймесін басып, [Масштаб]
параметрін таңдаңыз.
2. Үлкейту параметрін орнату үшін,
сырғытпалы жолақты пайдаланыңыз.
3. Бөлектелген элементтерге өту және
интернет бет арқылы айналдырып көру
үшін, Жылжу түймелері (Шарлау
түймелерін) пайдаланыңыз.
Беттерді айналдырып көру
Веб-бетте жоғары және төмен айналдыру
үшін,Жылжу түймелері және
түймесін басыңыз.
Бетті қайта жүктеу
Егер бет дұрыс жүктелмесе, OPTIONS,
одан кейін [Бетті қайта жүктеу]
түймелерін басыңыз.
Қауіпсіздік жайлы мәліметтерді көру
Бет туралы қауіпсіздік мәліметтерін көру
үшін, OPTIONS түймесін басып, одан
кейін [Қауіпсіздік ақпараты] опциясын
таңдаңыз.
Smart TV опциялары
Smart TV жадын тазалау
Smart TV жадын толығымен тазалауға
болады, соның ішінде, таңдаулылар,
ата-аналық бақылау коды, құпия сөздер,
cookie-файлдары және журнал.
Ескерту. Бұл опция Smart TV жадын
толығымен қалпына келтіреді. Сондай-ақ,
ол DTVi (Өзара белсенді сандық
теледидар) сияқты басқа өзара белсенді
қолданбалардың параметрлерін жояды.
1. түймесін басыңыз.
2. [Баптау] > [Желі параметрлері]
түймесін таңдаңыз.
3. [Интернет жадын тазалау] опциясын
таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз.