operation manual

KK 30
3 Теледидардың
қосымша
мүмкіндіктерін
пайдалану
Теледидарды кідірту
Не істеуге болады
Сандық арнаны көріп отырғанда,
қоңырауға жауап беру не үзіліс жасау үшін
бағдарламаны кідіртуге болады.
Таратылым теледидарға жалғанған USB
қатты дискісіне сақталады. Бағдарламаны
кез келген уақытта қайта ойнатуға болады.
Ескертпе:
Бағдарламаны көп дегенде 90
минутқа кідіртуге болады.
Қажетті әрекеттер
Сандық арналарды қабылдау үшін
теледидарды баптаңыз. Теледидар
параметрлерін өзгерту > Каналдар >
Автоматты орнату (Бет 46) бөлімін
қараңыз.
Сыйымдылығы кем дегенде 4 Гбайт
және тасымалдау жылдамдығы кем
дегенде секундына 30 мегабит
болатын USB 2.0 үйлесімді қатты
дискісін қосыңыз. Оңтайлы жұмыс
үшін дискіде 32 Гбайт бос орны бар
қатты дискіні пайдаланыңыз.
USB қатты дискісін орнату
Теледидарды кідірту үшін, USB қатты
дискісін теледидарға жалғап, оны
пішімдеуіңіз керек.
Егер теледидар USB қатты дискісін
анықтай алмаса, оны NTFS немесе FAT32
жүйесіне пішімдеу үшін компьютерді
пайдаланыңыз, одан кейін әрекетті
қайталаңыз.
Ескерту:
TP Vision компаниясы USB қатты
дискісіне қолдау көрсетілмеуіне,
сондай-ақ, ондағы деректердің
зақымдануына немесе жоғалуына
жауап бермейді.
Пішімдеу жалғанған USB қатты
дискісінен барлық деректерді жояды.
USB қатты дискі тек осы теледидар
үшін форматталды. Оны теледидарға
тұрақты қосып ұстаңыз. USB қатты
дискісінің мазмұнын басқа
теледидардан немесе компьютерден
аша алмайсыз.
USB портын шамадан көп жүктемеңіз.
500 мА-ден көп қуат тұтынатын USB
қатты дискісін жалғасаңыз, оның
өзінің сыртқы қуат көзіне қосылып
тұрғанын тексеріңіз.
Ескертпе:
Теледидар мен USB қатты дискісінің
өшіп тұрғанын тексеріңіз.
USB қатты дискісін пішімдеу кезінде
теледидарға басқа USB құрылғыларын
қоспаңыз.
1. USB қатты дискісін тікелей теледидарға
қосыңыз, не болмаса келешекте басқа USB
құрылғыларын қосатын болсаңыз, USB
қатты дискісін USB хабы арқылы қосыңыз.
2. Теледидарды және, сыртқы қуат көзі
болған жағдайда, қатты дискіні қосыңыз.