operation manual

KK 32
USB қатты дискісін орнату
Теледидар шоуларын жазу үшін, USB
қатты дискісін теледидарға қосып, оны
пішімдеуіңіз керек.
Егер теледидар USB қатты дискісін
анықтай алмаса, оны NTFS немесе FAT32
жүйесіне пішімдеу үшін компьютерді
пайдаланыңыз, одан кейін әрекетті
қайталаңыз.
Ескерту:
TP Vision компаниясы USB қатты
дискісіне қолдау көрсетілмеуіне,
сондай-ақ, ондағы деректердің
зақымдануына немесе жоғалуына
жауап бермейді.
Пішімдеу жалғанған USB қатты
дискісінен барлық деректерді жояды.
USB қатты дискі тек осы теледидар
үшін форматталды. Оны теледидарға
тұрақты қосып ұстаңыз. USB қатты
дискісінің мазмұнын басқа
теледидардан немесе компьютерден
аша алмайсыз.
USB портын шамадан көп жүктемеңіз.
500 мА-ден көп қуат тұтынатын USB
қатты дискісін жалғасаңыз, оның
өзінің сыртқы қуат көзіне қосылып
тұрғанын тексеріңіз.
Ескертпе:
Теледидар мен USB қатты дискісінің
өшіп тұрғанын тексеріңіз.
USB қатты дискісін пішімдеу кезінде
теледидарға басқа USB құрылғыларын
қоспаңыз.
1. USB қатты дискісін тікелей теледидарға
қосыңыз, не болмаса келешекте басқа USB
құрылғыларын қосатын болсаңыз, USB
қатты дискісін USB хабы арқылы қосыңыз.
2. Теледидарды және, сыртқы қуат көзі
болған жағдайда, қатты дискіні қосыңыз.
3. Сандық телеарнаға ауысу.
4. USB қатты дискісін пішімдеуді бастау
үшін түймесін басыңыз.
5. Пішімдеу процесін аяқтау үшін,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Ескерту. Пішімдеу үрдісі біраз уақыт алуы
мүмкін. Бұл үрдіс аяқталғанша
теледидарды қоспаңыз немесе USB қатты
дискісін ажыратпаңыз.