operation manual
KK 34
Жазбаларды көру
1. түймесін басыңыз.
2. [Жазбалар] опциясын таңдап, одан
кейін OK түймесін басыңыз.
Жазбалар тізімі көрсетіледі.
3. Тізімнен жазбаны таңдап, OK түймесін
басыңыз.
Жазбаны ойнату басталады.
Жазбаларды сұрыптау
1. түймесін басыңыз.
2. [Жазбалар] опциясын таңдап, одан
кейін OK түймесін басыңыз.
Жазбалар тізімі көрсетіледі.
3. OPTIONS түймесін басыңыз.
4. Атау, күн, жарамдылық мерзімінің біту
күні немесе түр бойынша сұрыптау үшін
опцияны таңдап, OK түймесін басыңыз.
Ескертпе:
Егер хабар таратушы күн санын
азайтса, жазбаны бағдарлама
таратылғаннан кейін көруге болады,
жазбалар тізімі жазба мерзімі шықпас
бұрын қалған күн санын көрсетеді.
Егер жазба мерзімі шықса немесе
хабар таратшы ойнату мүмкіндігін
шектесе, жазуды ойнату мүмкін емес.
Егер жоспарланған жазбаға таратушы
жол бермесе немесе жазба жоспар
бойынша орындалмаса, ол жазбалар
тізімінде [Сәтсіз] ретінде белгіленеді.
Жазбаларды жою
Барлық жазбалар тізімін және қалған USB
қатты дискінің бос орнын көре аласыз.
Дискіде орынды босату үшін жазбаларды
жойыңыз.
1. түймесін басыңыз.
2. [Жазбалар] параметрін таңдап, одан
кейін OK түймесін басыңыз.
Жазбалар тізімі көрсетіледі.
3. Жазбаны, одан кейін [Жою] параметрін
таңдаңыз.
Skype™ қызметін
пайдалану
Не істеуге болады
Skype қызметінде барлық адаммен,
дүниедегі кез келген жерде тегін
сөйлесіңіз.
Телефондар мен ұялы телефондарға
арзан қоңырау шалыңыз. Skype
жазылымы қажет. www.skype.com
торабына кіріңіз.
Конференция қоңырауларына
қатысыңыз.
Дауыстық пошталар жіберіңіз және
алыңыз.
Қоңырауды бұру.
Желідегі күйіңізді, «көңіл-күй»
хабарыңызды және профайл
мәліметтерін басқарыңыз.
Ескертпе:
Skype көмегімен төтенше жағдай
қоңырауларын шалу мүмкін емес.
Skype телефонды ауыстырмайды
және оны төтенше жағдай
қоңыраулары үшін пайдалану мүмкін
емес.
Бұл теледидарда Skype қызметі алдын
ала орнатылған және пайдалануға
дайын. Skype қызметін пайдалану үшін
ешқандай файлдарды орнатудың не
жүктеудің қажеті жоқ. Skype қызметін
пайдалану үшін жай ғана Philips TV
бейне камерасын қосыңыз.