operation manual

KK 35
Қазақ
Қажетті әрекеттер
Philips TV бейне камерасы,
PTA317/00 (бөлек сатылады),
кірістірілген микрофонмен.
Теледидарды қосу > Қосымша
құрылғыларды қосу > Бейне
қоңырау камерасы (Бет 66) бөлімін
қараңыз.
Интернет қосылымы.
Сымды немесе сымсыз үй желісі.
Желі қосылымы үшін Теледидарды
қосу > Желіге және Интернетке
қосу (Бет 72) бөлімін қараңыз.
Skype тіркелгісі. Skype тіркелгісін осы
теледидарда немесе компьютерден
жасауға болады.
Кеңес: Егер осы теледидарда USB
пернетақтасын қосқан болсаңыз, мәтінді
пернетақтадан енгізе аласыз. Пернетақта
қосылымдары үшін Теледидарды қосу >
Қосымша құрылғыларды қосу >
Пернетақта және тінтуір (Бет 66) бөлімін
қараңыз.
Skype қызметін іске қосу
Тіркелгіге кіру
1. түймесін басып, [Skype] параметрін
таңдаңыз.
2. [Skype аты] және [Құпия сөз]
деректерін енгізіңіз. Мәтінді енгізу үшін
әрбір өрісті таңдаңыз және экрандағы
пернетақтаны ашу үшін OK түймесін
басыңыз.
3. [Кіру] опциясын таңдап, одан кейін OK
түймесін басыңыз.
Skype мәзірі көрсетіледі.
Кеңес: Құпия сөзді ұмытып қалсаңыз,
Skype қызметін компьютерде іске қосыңыз.
Құпия сөзді шығарып алу үшін
www.skype.com торабына кіріңіз.
Тіркелгі жасау
Skype атыңыз бен құпия сөзіңіз жоқ болса,
тіркелгіні теледидардан жасай аласыз.
1. [Skype атыңыз жоқ па?] таңдап, одан
кейін OK түймесін басыңыз.
2. Skype соңғы пайдаланушы
лицензиясының келісімін, қызмет
шарттарын және құпиялылық
мәлімдемесін оқыңыз. Аяқтағаннан кейін,
[Қабылдау] тармағын таңдап, OK
түймесін басыңыз.
3. Ескертілген кезде, атыңыз, Skype атыңыз,
құпия сөзіңіз және электрондық пошта
мекенжайыңыз туралы мәліметтерді
қосыңыз.
4. Аяқтағаннан кейін, [Тіркелгі жасау]
тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Жаңа тіркелгіңіз қабылданып, қызметке
кіресіз.
Ескертілсе, жазбаларға өзгертулер жасау
үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Skype қызметінен шығу
Skype мәзірінде [Шығу] параметрін
таңдап, OK түймесін басыңыз.
Контактілерді басқару
Желідегі немесе дербес күйдегі
контактілерді қоса және қарай аласыз.
Сондай-ақ, таңдалған контактіні
құрсаулауға немесе құрсауын алуға болады.
Контакт қосу
1. Skype мәзірінде онтактілер]
параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз.
2. OPTIONS түймесін басып, [Skype
контактісін қосу] немесе [SkypeOut
контактісін қосу] тармағын таңдаңыз.
3. Экрандағы пернетақтаны көрсету үшін
OK түймесін басыңыз.
4. Мәліметтерді енгізу үшін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Профайлдар тізімі көрсетіледі.
5. Контактіні таңдап, OK түймесін
басыңыз.
Шақыру сұрауы контактіге жіберіледі.
Контакт сұрауды қабылдағанша контакт
аты дербес күйде болып көрінеді.