operation manual
KK 36
Контакт сұрауын қабылдау
Басқа Skype пайдаланушылары сізді
контактілер тізімінде болуыңыз үшін
шақыра алады. Қабылдауға немесе
қабылдамауға болатын олардың сұрауы
туралы ескерту аласыз.
Контакт атын өзгерту
1. Skype мәзірінде [Контактілер]
параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз.
2. Контактіні таңдап, OPTIONS
түймесін басыңыз.
3. [Ат өзг.] опциясын таңдап, одан кейін
OK түймесін басыңыз.
4. Мәліметтерді өңдеу үшін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Контактіні құрсаулау
1. Skype мәзірінде [Контактілер]
параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз.
2. Контактіні таңдап, OPTIONS
түймесін басыңыз.
3. [Блоктау] опциясын таңдап, одан кейін
OK түймесін басыңыз. Ескертілген кезде,
[Иә] параметрін таңдап, OK түймесін
басыңыз.
Контакт құрсауын алу
1. Skype мәзірінде [Параметрлер] >
[Құрсауланған контактілер] параметрін
таңдаңыз.
2. Құрсауланған контактіні таңдап, OK
түймесін басыңыз.
3. Контактінің құрсауын ашу үшін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Контакт мәліметтері
Контакт мәліметтерін қарау үшін
контактіні таңдаңыз. Контакт мәліметтері
теледидар экранының оң жағында
көрсетіледі.
Контакт журналы
Контактімен болған қоңырауларды қарау
үшін [Журнал] параметрін таңдаңыз.
Алдыңғы сөйлесулерді ашу үшін сөйлесуді
таңдап, OK түймесін басыңыз.
Ескертпе: Осы теледидарда басқа Skype
тіркелгісімен кіргенде, алдыңғы тіркелгінің
журналы жойылады.
Желідегі күй
Контактінің желіде екендігін көру үшін
контакт жанындағы желідегі күй
белгішесін тексеріңіз. Сіздің желідегі
күйіңіз де контактілер бетінде көрсетіледі.
Желідегі күйді өзгерту үшін:
1. Skype мәзірінде Skype атыңызды таңдап,
OK түймесін басыңыз.
2. [Желідегі күй] опциясын таңдап, одан
кейін OK түймесін басыңыз.
3. Күйді таңдап, OK түймесін басыңыз.
Дауыстық және бейне
қоңыраулар шалу
Дауыстық қоңырау шалу
Бейнесіз Skype қоңырауын шала аласыз.
Ескертпе: Бейнекамераның дыбыс
қоңыраулары үшін де қосылғанын
тексеріңіз.
1. Skype басты мәзірінен [Контактілер]
параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз.
2. Контактіні таңдап, OK түймесін
басыңыз.
3. [Қоңырау шалу] опциясын таңдап, одан
кейін OK түймесін басыңыз.
Бейне қоңырау параметрлері
Қоңырау кезінде мына параметрлерге кіру
үшін OPTIONS түймесін басыңыз:
[Дыбыссыз режим]: Микрофон үнін
өшіру.
[Ұстау]: Қоңырауды тоқтатып қою.
[Қоңырауды аяқтау]: Қоңырауды
аяқтау.
[Нөмір тергіш]: Нөмір тергішті ашу.
[Бейнемді бастау]: Бейнекамераны
іске қосыңыз.
Бейне қоңырау шалу
Бейне қоңыраулармен теледидардан
шынайы бейнемен бетпе-бет тегін
сөйлесе аласыз.
1. Skype мәзірінен [Контактілер] тармағын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2. Контактіні таңдап, OK түймесін
басыңыз.
3. [Бейне қоңырау] опциясын таңдап,
одан кейін OK түймесін басыңыз.