operation manual
KK 37
Қазақ
Толық экран көрінісі
Контактіде қосылған камера болса және
қоңырауды қабылдаса, адамды
теледидарда толық экранда көре аласыз.
Контакт көре алатын нәрсені тексеру үшін
дисплейді теледидарда шағын экранда
қараңыз.
1. Қоңырау кезінде OPTIONS түймесін
басыңыз.
2. [Толық көрініс] опциясын таңдап, одан
кейін OK түймесін басыңыз.
Бейнені масштабтау және айналдыру
1. [Толық көрініс] ішінде үлкейту немесе
кішірейту үшін [Масштаб]+/- параметрін
таңдаңыз.
Масштабтау және айналдыру белгішесі
бейне дисплейінің жоғарғы жағында пайда
болады.
2. Камераны айналдыру немесе еңкейту
үшін қашықтан басқару пультіндегі Жылжу
түймелері түймесін пайдаланыңыз.
Бейне қоңырау параметрлері
Бейне қоңырау кезінде мына
параметрлерге кіру үшін OPTIONS
түймесін басыңыз:
[Толық көрініс]: Контактіні толық
экран көрінісінде көру.
[Нөмір тергіш]: Нөмір тергішті ашу.
[Ұстау]: Қоңырауды тоқтатып қою.
Толық көрініс тоқтатылады.
[Дыбыссыз режим]: Микрофон үнін
өшіру.
[Бейнемді тоқтату]: Контакт
экранына бейне берілуін тоқтату.
Телефонға қоңырау шалу
Skype көмегімен жергілікті желі
телефондарына және ұялы телефондарға
қоңырау шала аласыз.
Ескертпе:
Skype көмегімен төтенше жағдай
қоңырауларын шалу мүмкін емес. Skype
телефонды ауыстырмайды және оны
төтенше жағдай қоңыраулары үшін
пайдалану мүмкін емес.
Қоңырау шалмастан бұрын, компьютерде
Skype несиелерін немесе Skype
жазылымын сатып алуыңыз керек.
Қосымша ақпарат алу үшін Теледидардың
қосымша мүмкіндіктерін пайдалану >
Skype қызметін пайдалану > Skype
параметрлері (Бет 38) бөлімін қараңыз.
1. Skype мәзірінде [Телефондарға
қоңырау шалу] параметрін таңдап, OK
түймесін басыңыз.
2. Экрандағы нөмір тергішті ашу үшін
[Нөмір тергіш] параметрін таңдаңыз
немесе телефон нөмірін Санды түймелер
көмегімен енгізіңіз.
3. Аяқтағаннан кейін, [Қоңырау шалу]
параметрін таңдап, қоңырауды бастау үшін
OK түймесін басыңыз.
4. Қосымша: Қоңырау кезінде микрофон
үнін өшіру үшін OPTIONS түймесін
басып, [Дыбыссыз режим] параметрін
таңдаңыз.
5. Дауыстық қоңырауды аяқтау үшін
[Қоңырауды аяқтау] параметрін таңдап,
OK түймесін басыңыз.
Қоңырауға жауап беру
Skype қызметіне кірсеңіз, теледидар көру
кезінде кіріс қоңыраулары туралы ескерту
аласыз.
1. Қоңырау шалушының аты бар хабар
экранда пайда болады. [Жауап] таңдап,
одан кейін OK түймесін басыңыз.
Бейнені қосу үшін [Бейнемен жауап беру]
параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз.
2. Қабылдамау үшін [Қабылдамау]
параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз.