operation manual
KK 38
Ескертпе:
Теледидар бағдарламасын кідірту немесе
жазу кезінде, не болмаса жалға алынған
фильмдерді көру кезінде қоңырауды
қабылдасаңыз, Skype қызметі орындалып
жатқан әрекетті үзеді.
Кідіртілген теледидар бағдарламасы
тоқтатылады және сақталған
бағдарлама жоғалады.
Теледидар бағдарламасын жазу
тоқтатылады. Қоңырауды аяқтағаннан
кейін, жазуды қайтадан
жалғастыруыңыз керек.
Жалға алынған фильмдерді ойнату
тоқтатылады. Жалға алынған фильмді
көруді жалғастыру үшін бейне
дүкеніне немесе таратылым
қызметіне қайта өтуіңіз керек. Кейбір
бейне дүкендері мен қызметтер
фильмді қайта бастауға рұқсат
етпейді.
Дауыстық пошталарды басқару
Егер біреу сізге Skype қызметінде қоңырау
шалса және сіз дербес күйде болсаңыз,
олар Skype дауыстық поштаңызға
дауыстық хабар қалдыра алады.
Дауыстық поштаны алмастан бұрын, Skype
тіркелгісінде дауыстық поштаны
белсендіруіңіз керек — мұны тек
компьютерде орындауға болады.
Дауыстық поштаны ойнату
1. Skype мәзірінде [Журнал] параметрін
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2. [Voicemails] (Дауыстық пошталар)
тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
3. Дауыстық поштаны таңдап, оны ойнату
үшін OK түймесін басыңыз.
Дауыстық пошталарды жою
1. Тізімнен дауыстық поштаны таңдап,
OPTIONS түймесін басыңыз.
2. [Дауыстық поштаны жою] опциясын
таңдап, одан кейін OK түймесін басыңыз.
Skype параметрлері
Skype несиесі
Skype несиесімен жергілікті желілерге
немесе ұялы телефондарға теледидарда
қоңырау шалуыңызға болады. Skype
несиесін сатып алу үшін компьютерде
Skype тіркелгісіне кіруіңіз керек.
Теледидарда Skype тіркелгісіне
кіргеніңізде, сатып алған Skype несиеңіздің
мөлшері пайда болады.
Автоматты кіру
1. Skype мәзірінде [Параметрлер]
параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз.
2. [Жалпы параметрлер] > [Skype іске
қосылғанда мені кіргізіңіз] опцияларын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
Профайл суретін өзгерту
1. Skype мәзірінде Skype атыңызды
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2. [Профайл суреті] опциясын таңдап,
одан кейін түймесін басыңыз.
3. Суретті таңдаңыз, [Қолдану]
параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз.
Skype құпия сөзін өзгерту
1. Skype мәзірінде [Параметрлер]
параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз.
2. [Құпия сөзді өзгерту] опциясын таңдап,
одан кейін түймесін басыңыз.
3. Ағымдағы және жаңа құпия сөздеріңізді
енгізу үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
4. Аяқталғаннан кейін, [Қолдану] тармағын
таңдап, OK түймесін басыңыз.