operation manual
KK 39
Қазақ
Ойындар ойнату
Не істеуге болады
Бұл теледидарда ойындар үшін
оңтайландырылған сурет параметрлерінің
көмегімен толық экранда бір немесе екі
ойыншы ойындарын ойнай аласыз.
Қажетті әрекеттер
Ойын консолін осы теледидарға
қосыңыз. Теледидарды қосу >
Құрылғыларды қосу > Ойын консолі
(Бет 61) бөлімін қараңыз.
Екі ойыншы толық экран ойынына
арналған екі ойыншы жинағы, PTA436
(бөлек сатылады). Жинақ ойын
көзілдірігінің екі жұбымен келеді.
Көзілдірікті зарядтау және қосу жолы
туралы ақпаратты көзілдіріктің
пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Ойынды бастау
1. SOURCE түймесін басыңыз.
2. Ойын консолін таңдап, OK түймесін
басыңыз.
3. Қажет болса, ойын консоліне ойын
дискісін салып, ойналатын ойынды
таңдаңыз.
4. Ойынды бастау үшін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Екі ойыншы толық экран ойынын
бастау
Кейбір ойындар көп ойыншы немесе
бөлінген экран бар ойнауды ұсынады. Бұл
теледидардағы 3D технологиясы бөлінген
экранды екі толық экран көрінісі ретінде
көрсете алады. Екі ойыншы ойын
көзілдірігімен әрбір ойыншы бірдей
теледидарда түрлі көріністерді көре
алады.
1. SOURCE түймесін басыңыз.
2. Ойын консолін таңдап,OK түймесін
басыңыз.
3. Қажет болса, ойын консоліне ойын
дискісін жүктеңіз.
4. Ойын консолінде көп ойынша немесе
екі ойыншы ойынын таңдаңыз, одан кейін
бөлінген экранда қарауды таңдаңыз.
5. Теледидардың қашықтан басқару
құрылғысындағы OPTIONS түймесін
басыңыз.
6. [Сурет және дыбыс] > [Екі
ойыншымен ойнау] параметрін таңдаңыз.
7. [Жoғары/төмен] немесе [Қатар]
параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз.
8. Екі ойыншы көзілдірігін қосыңыз,
ойыншыны таңдау қосқышын басып, оны
киіңіз. (Екі ойыншы ойыны көзілдірігін
пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз).
Кеңестер: Ойын мәзірлерін немесе
ұпайларын көру мақсатында көру
режиміне ауысу үшін OK түймесін
басыңыз.