operation manual
KK 40
Ойын параметрлері
Ойындар үшін сурет параметрі
Сурет кідірісінсіз теледидар дисплейін
ойынға оңтайландыра аласыз.
1. түймесін басыңыз.
2. [Баптау] > [Теледидар параметрле] >
[Сурет] опцияларын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
3. [Ойын немесе компьютер] > [Ойын]
тармағын таңдаңыз.
Ойындар үшін алдын ала орнатылған
дыбыс параметрі
Ойын үшін дыбыс әсерлерін оңтайландыра
аласыз.
1. OPTIONS түймесін басыңыз.
2. [Сурет және дыбыс] > [Дыбыс мәнері]
> [Ойын] опцияларын таңдап, OK
түймесін басыңыз.
ТД ойын ойнауға дайын.
Ескертпе. Ойын сеансы аяқталғанда,
әдепкі дыбыс параметріне қайта
ауысыңыз.
Телемәтінді көру
Бетті таңдау
Телемәтін функциясы бар арналарды көріп
отырғанда, телемәтінді көруге болады.
1. Телемәтін функциясы бар арнаны
таңдап, TEXT түймесін басыңыз.
2. Бетті келесі әдістердің бірімен
таңдаңыз:
Беттің нөмірін Санды түймелер
арқылы енгізіңіз.
Келесі не алдыңғы бетті көру үшін,
CH + / CH - басыңыз.
Түрлі түсті кодтағы элементті таңдау
үшін Түрлі түсті түймелер басыңыз.
Телемәтін опциялары
1. Телемәтінді көргенде, OPTIONS
түймесін басыңыз.
2. Кез келген опцияны таңдаңыз:
[Бетті қат. тастау] / [Беттті босату]:
Ағымдағы бетті қатыру немесе
босату.
[Қос экран] / [Толық экран]: Қос
экрандық телемәтінді қосу немесе
ажырату. Қос экран ағымдағы арна
мен телемәтін хабарын ТД экраны
бөлінген екі жартысынан көрсетеді.
[T.O.P. шолу]: беттер кестесі (Б.К.)
телемәтін таратылымдары бет
нөмірлерін енгізбей, бір тақырыптан
екіншісіне секіруге мүмкіндік береді.
[Үлкейту] / [Қалыпты көрініс]: Бетті
үлкейту. Үлкейтілген көріністе жылжу
үшін Жылжу түймелері түймесін
басыңыз.
[Ашып көрсету]: Жұмбақтардың
немесе бас қатырғыштардың
шешімдері сияқты беттегі жасырын
ақпаратты жасырады немесе
көрсетеді.
[Циклдық ішкі беттер]: Егер қосалқы
беттер бар болса, олардың
әрқайсысы автоматты түрде
көрсетіледі.