operation manual

KK 42
Блоктау мен таймерлерді
орнату
Сағат
Теледидар экранынан сағатты көрсетуге
болады. Сағат телевизия қызметтерін
көрсететін операторыңыз тарататын
уақытты көрсетеді.
Теледидар сағатын көрсету
1. Теледидарды көріп отырған кезде
OPTIONS түймесін басыңыз.
2. [Сағат] опциясын таңдап, одан кейін
OK түймесін басыңыз.
Сағат теледидар экранының жоғарғы оң
жақ бұрышында көрсетіледі.
Сағат режимін өзгерту
Сағат режимін автоматты не қолмен
режиміне өзгертуге болады. Әдепкіде ол,
реттелген әмбебап уақытына (UTC)
автоматты түрде синхрондайтын,
автоматты режиміне орнатылған. Егер
теледидарыңыз UTC берген деректерін
қабылдай алмаса, сағат режимін [Қол
режимі] күйіне өзгертіңіз.
1. Теледидарды көріп отырған кезде
түймесін басыңыз.
2. [Баптау] > [Теледидар параметрле] >
[Жалпы параметрлер] опцияларын
таңдаңыз.
3. [Сағат] > [Авто сағат режимі] опиясын
таңдаңыз.
4. [Автоматты], [Қол режимі] немесе
[Елге байланысты] параметрін таңдап, OK
түймесін басыңыз.
Уақыт белдеуін өзгерту
Сағат тасымалдау деректері бар елдерде
уақыт белдеуін [Авто сағат режимі] >
[Автоматты] немесе [Елге байланысты]
таңдалған жағдайда өзгерте аласыз.
1. [Сағат] мәзірінен [Уақыт белдеуі]
опциясын таңдаңыз.
2. Уақыт белдеуін таңдап, OK түймесін
басыңыз.
Жазғы уақытқа ауысуды орнату
Сағатты өзгерту деректері бар елдерде
[Авто сағат режимі] > [Автоматты]
немесе [Елге байланысты] параметрі
таңдалған жағдайда жазғы уақытқа өту
мүмкіндігін қосуға немесе ажыратуға
болады.
1. [Сағат] мәзірінен [Жаздық] опциясын
таңдаңыз.
2. [Стандартты уақыт] немесе [Жаздық
уақыт] параметрін таңдаңыз, одан кейін
OK түймесін басыңыз.
Сағатты қолмен орнату
Күн мен уақытты қолмен орнатуға болады.
Бастамас бұрын, сағат режимін [Қол
режимі] параметріне орнатыңыз.
1. [Сағат] (Сағат) мәзірінде, [Күн] не
[Уақыт] опциясын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
2. Уақытты немесе күнді Жылжу
түймелері көмегімен орнатыңыз.
3. [Дайын] опциясын таңдап, одан кейін
OK түймесін басыңыз.
Ұйықтау таймері
Теледидарды нақты уақыт өткен соң күту
режиміне ауыстырып қосуға болады.
Көрсетілген уақытты кері есептегенде,
теледидарды ертерек өшіруге немесе
ұйқы таймерін қайта орнатуға болады.
1. түймесін басыңыз.
2. [Баптау] > [Теледидар параметрле] >
[Жалпы параметрлер] > [Ұйқы таймері]
опцияларын таңдаңыз.
3. Ұйқы таймерінің ұзақтығын таңдаңыз.
Ұйқы таймерін 180 минутқа дейін
орнатуға болады. Ұйқы таймерін өшіру
үшін, оны нөл минутқа орнатыңыз.
4. Түнгі таймерді қосу үшін, OK түймесін
басыңыз. Нақты уақыт өткен соң,
теледидар күту режиміне ауысады.